Топырақтың табиғи дене ретіндегі ерекшелігі – ол өте
күрделі зат құрамдары және негізгі көрсеткіштері өзгерулері
заңдылықтарының бар болуы. Сонымен қатар ерекше, тек
топыраққа ғана тән органикалық заттары (қарашірінді),
химия-
лық элементтерінің әртүрлі құрамдарының болуы.
Топырақтың қатты фазасы көлемінің топырақтың
табиғи 50-60%-ын алады. Қатты фаза құрамына топырақтың
минералды және органикалық бөліктері жатады, ал
минералды
бөлік топырақтың қатты фазасының негізін құрайды. Топы-
рақтардың құнарлы қара шіріндісіне (гумусқа) бай беткі қаба-
тының үлесіне бүкіл қатты фазаның 90-95%-ы, төменгі қабатына
99 % және одан да жоғары пайыз тиеді. Топырақтың минералды
құрамы негізінен топырақ түзуші жыныстардың минералдық
құрамын сақтайды.
Топырақтың сұйық фазасы – бұл топырақтағы ылғал,
топырақ ерітіндісі. Топырақтағы құрамы және көлемі бойынша
оның өте жылжымалы бөлігі сұйық фазаны − топырақ денесінің
“қаны” деуге болады, себебі ылғалдың топырақта тік және көл-
денең жылжуы нәтижесінде
топырақ пішінінде қабаттар
бөлінеді.
Топырақтың газды фазасы – топырақтағы судан бос ке-
уектерді толтырып тұрған ауа. Оның құрамы атмосферадағы
ауадан өзгеше болады.
Топырақтың тірі фазасы –
бұл топырақты мекендейтін
және топырақ түзу үдерісіне қатысатын тірі ағзалар.
Табиғатта топырақтар осы
барлық фазалардың бірлігі
арқылы бір физикалық дене сияқты қызмет етеді.
Топырақ фазаларының құрамдары туралы төменде жеке-
жеке айтылады.
Топырақтың минералдық құрамы. Майда ұнтақталған тау
жыныстары мен олардың топырақтағы минералды бөліктері
өзінің пайда болу жағынан екі топқа бөлінеді:
алғашқы және
екінші. Алғашқы – магматикалық және метаморфикалық аса
қатты үгілмеген минералдар. Екіншісі – жердің үгілу немесе
топырақ қабаттарында алғашқы
минералдардың көпжылдық
үзіліссіз үгілуінің нәтижесінде, үгілудің соңғы аса майда ұнтақ-
талған өнімдері түзілген минералдар.
Алғашқы минералдар. Химиялық құрамы жағынан тау
жыныстарындағы алғашқы минералдар – негізінен элемент-
тердің оттегі қосылыстары, тотықтар мен силикаттар. Тотық-
тарға кварц SіO
2
, гепатит Fe
2
O
3
, магнетит F
3
O
4
, рутил TіO
2,
т.б.,
ал
силикаттарға дала шпаттары, слюдалар, пироксендер, амфи-
болдар және оливиндер жатады. Кварц – ең кең тараған мине-
рал. Жер астынан анықталған, шөгінді, үйінді
және топырақ
құрамындағы тау жыныстарында ол 25-40% мөлшерде, ал
кварцты құмдар мен құмтастарда 90 %-дан астам мөлшерде
болады. Кремний оттегі қосылысы бекем қаңқалы құрылым
түзгендіктен, үгілу құбылыстарына да берік болады. Сондықтан
олар топырақтардың элювиалді қабаттарында қалдықты мине-
рал ретінде көп кездеседі. Топырақта гематит пен рутин не бары
0,5% - дай ғана.
Силикаттар – көп таралған минералдар тобы.
Мұнда да
кремний оттегі қосылыстары SіO
4
, берік төртбұрышты қаңқалы
құрылым құрап, басқа иондар арқылы жалғасады.
Қаңқалы силикаттар тобына көп тараған дала шпаттар
минералдары жатады. Олардың қаңқаларының ортасында крем-
ний және алюминий иондары орналасқан. Ал төртбұрышты қаң-
қалар кальций, натрий және калий иондарымен жалғасқан. Дала
шпаттары SіO
2
:AІ
2
O
3
қатынастары 5–6-ға тең болған жағдайда
қышқылды, ал ол қатынас 2-3-ке азайған кезде негізді болып
саналады. Қышқылды дала шпаттары құрамында калий мен
натрий бар. Олардың қатарына кең тараған калий дала шпаты –
ортаклаз немесе микроклин K (AІS
3
O
8
)
және натрийлі дала
шпаты - альбит - NaAІS
3
O
8
, ал негізгі дала шпаты қатарына
анортит Ca (AІ
2
Sі
2
O
8
) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: