Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет88/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
Күрең топырақтар 
Құрғақ далалардың шөптесін өсімдіктері астында да 
шалғынды дала өсімдіктері астындағыдай топырақ түзілуінің 
шымдану үдерісі жүреді. Жаздың ортасына таман эфемерлер 
мен шалғын өсімдіктерінің көп бөлігі қурайды, топырақ бетінде 
киіздей шөп қабаты пайда болады, ол тез және түгел ыдырайды. 
Органикалық заттар ыдырауы кезінде, катиондармен 
әрекеттескенде суда ерімейтін гуматтар түзетін гумин қышқыл-
дары синтезделеді. Сол уақытта жоғары температура әсерінен 
гумин қышқылдарының кебуі жүреді, олар топырақтың жоғарғы 
қабаттарында жинақталады және оны қарақошқыл түске 
бояйды. Тамыр қалдықтарының бір бөлігі анаэробты ыдырайды, 
нәтижесінде топырақта қарашірік жинақталады. Шалғынды дала 
аймағына қарағанда, мұнда органикалық заттар аз жиналатын-
дықтан, ал оның толық минерализациясы жаз бойы жүретіндік-
тен, бұл топырақтарда қаратопыраққа, жайылма және шалғын 
топырақтарына қарағанда қарашірік аз. 
Қуаңшылық жағдайында топырақ шамалы ғана тереңдікке 
ылғалданатындықтан натрий, күкіртқышқылды кальций мен 
магнийдің тұздары шайылу арқылы төменде шоғырланады
кристалл түрінде жинақталып, иллювиальды тұзды горизонтты 
қалыптастырады. Кальций карбонаты псевдомицелий және ақ-
көздер, ал күкіртқышқылды натрий – гипс кристалдарын түзеді. 
Топырақ кескінінде тұздары жеңіл қозғалатын натрий біртіндеп 
топырақтың сіңіру кешеніне кіреді және топырақ сортаңданады. 


Натрий тұздарының әсерінен топырақтың жоғарғы гори-
зонттары құрылымын толық немесе ішінара жояды, қарашірікті 
және минералды коллоидтар көктемгі ылғал әсерінен ішінара 
зольға ауысады да біраз тереңдікке шайылып, күрең топырақ-
тардың тығыз иллювиальды горизонтын қалыптастырады.
Сортаңдану үдерістері әр жерде әртүрлі, ол көбінесе то-
пырағы шамалы ғана ылғалданатын және топырақ түзуші жы-
ныстары тұзданған аудандарда көрініс береді. Ылғалдың то-
пырақта аздығынан кальций тұздары жоғарғы горизонттардан 
толық шайылмайды, сондықтан топырақ бетінде немесе біраз 
тереңдікте шымырлайды. Зонаның солтүстік, ылғалы көп жер-
лерде, топырақ кескінінің жоғарғы бөліктерінде Са, Na болмай-
ды. Оңтүстікке жылжыған сайын екі элемент те топырақ кескі-
нінің жоғарғы бөліктерінде жинақталады да, топырақ сілтілік 
реакция береді. Нәтижесінде бұл зонада күрең және құба 
топырақтар қалыптасады. Олардың ішінде көп тарағаны күрең 
топырақтар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет