Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет91/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Сұрғылт-құба топырақтар 
 
Шөлдердің сұрғылт-құба топырақтары құмдармен, тақыр-
тәріздес топырақтармен және сортаңдармен қосқанда 140 млн. 
га, немесе зонаның 6,3%-ын қамтиды. Сұрғылт-құба топырақ-
тардың беті қабыршақпен қапталған, оның астында А гаризон-
ты қалыңдығы 5-10 см, одан төмен В гаризонты тығыздалған, 
балшықтанған, құба не құба қызыл түсті карбонаттары бар, одан 
сон-иллювиалды-тұзды гипс кристалдары бар В гаризонты 
орналасқан. Топырақ реакциясы сілтілік, 5-6 см тереңдікте 
шымырлайды. Қара шірік мөлшері 1 % суда еритін тұздар 1л 
тереңдікте таралған. Оларды карбонаттылығы, кебірлігі және 
сортаңдылығы бойынша жіктейді. 
Тақыр-балшықты шөлдердің топырақтары, көбінесе өсім-
діксіз болады да, суы ағып кетпейтін ойпаңдарда қалыптасады. 
Көктемде тақырлардың беті жабысқақ балшықтан тұрады. 
Жазда, су буланып кеткен соң, тақырлардың беті жарылып, 


кепкен балшықты, қалыңдығы 5-7 см қабықтар түзіледі, олар-
дың астында тұзданған аналық топырақ түзуші жыныстар орна-
ласқан. Топырақ бетінен шымырлайды. Карбонаттар мен оның 
тұздары (көбінесе NaCl и CaCl
2
) тақырлардың бетінде көрініп 
жатады. 
 
Сұр топырақтар 
 
Бұл тау бөктеріндегі шөл далалар топырақтары, 34 млн. га 
немесе ТМД териториясы 1,5 % қамтиды. Сұр топырақтар рес-
публика аумағының оңтүстік бөлігінде орналасқан, сондықтан 
қыста тоң толық қаптайды. Бұнда жауын-шашышын мөлшері 
біршама көбірек, ал тау бөктері жазықтарында 400-500 мм-ге 
жетеді. 
Сұр топырақтар кескіні гаризонттарға нашар бөлінген А 
гаризонты бояуы бойынша аналық жыныстан шамалы ғана 
ерекшеленеді, өтпелі В гаризонтының түсі шамалы сұрғылт 
болады, астында карбонаттар көп жинақталған иллювиальді 
карбонаты В – гаризонты орналасқан, сондықтан оның түсі 
қошқыл болып келеді. 150-180 см-ге гипстің ұсақ кристалдары 
жинақталады, одан төмен суда еритін тұздар орналасқан. 
Топырақ кескінінің қалыптасуына әсер ететін маңызды 
факторлар ылғалдылықпен кебу. Ашық-сұр топырақтар көк-
темде 1 м тереңдікке дейін, ал нақты сұр топырақтар 2м дейін 
ылғалданады. Ылғалдану үдерісінде суда еритін тұздардың бір-
талайы жоғары қабаттарға қайтып келеді, жазда топырақ 
неғұрлым тереңге ылғалданған сайын, соғұрлым аз тұз қайта 
көтеріледі. 
Сұр топырақтардың ылғалдану дәрежесі жоғары болған-
дығынан эфемерлер дамуына жақсы жағдай туындайды, олар 
тұтас өсімдік жамылғысын құрай алады. Жоғары температура
топырақтың жақсы жылу режимі, өсімдік қалдықтарының күл-
ділігі жоғары екендігі топырақта органикалық заттардың толық 
ыдырауына қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Өсімдік 
қалдықтарымен шірінді заттардың тез ыдырауы, минералдануы 
нәтижесінде сұр топырақтарда аз ғана қара шірік қалады. Боса-
ған қоректік элементтер сумен шайылып кетпей, топырақтың 


беткі 1-4 м қабатында қалады. Осыған байланысты қара шірігі аз 
болғанымен сұр топырақтардың өнімділігі жоғары. Олардың 
құрамында бірталай мөлшерде азот пен калий болады, фосфор 
қосылыстары еруі қиын 3 кальцийлік Са
3
(PO
4
)

түрінде кезде-
седі. Жазғытұрым ылғалдың аздығына байланысты сұр топы-
рақтағы биологиялық үдерістер келесі көктемге дейін 
тоқтайды. 
Жоғарғы гаризонттары құрамындағы қарашірік мөлше-
ріне қарай сұр топырақтарды келесі тип тармақтарына бөледі: 
ашық сұр топырақ-қара шірік молшері 0,5-3,5 %, сұр топы-
рақтар – қарашірік мөлшері 1,5-3,5 % және нақты сұр топырақ-
тар-қара шірік мөлшері 3,5-5,0 %. 
(А+В) гаризонттары қалыңдығына байланысты сұр 
топырақтары жұқа қабаты (А+В 40см -ден аз), орташа қабаты 
(40-80 см) және қалың қабаты (80см ден көп) деп боледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет