Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет90/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
 
Құрғақ дала аймағы топырақтарын пайдалану 
Құрғақ дала топырағын егістік, шабындық, жайылымдар 
ретінде қолданады. Топырақ тұздылығы астық өнімділігін 
төмендетіп жібереді. Кебірленген қалың қабатты күңгірт-күрең 
топырақ өнімділігі 12,8, орта қабаттыда – 6,4 және шамалы 
қабаттыда – 5,0 ц/га. 
Бүл зонада жел эрозиясы мен шаңды дауылдар халық 
шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Күрең топырақтардың 
құнарлылығын жоғарылату біріншіден ылғал жинақтаумен, 
суарумен және сортаң топырақтарды шаюмен, гипстеумен, 
тыңайтқыш енгізумен тікелей байланысты. Топырақ қасиеттерін 
жақсартатын, дұрыс жүргізілген агротехникалық шаралар аса 
маңызды. Жер өңдеуде қайырмасыз жырту, биік сабақты 
дақылдар жолағын егу, қорғаныш орман жолақтарын егу жел 
эрозиясымен күресуде ерекше орын алады.
 
VII. I Шөл далалар мен тау бөктерлері топырақтары 
 
Бұл зона Тұран ойпатын,Үстірт және Бетпақдала шөл-
дерін, Памир-Алтай мен Тянь-Шань тау бөктеріндегі жазық-
тарын алып жатыр. Зонаның жалпы ауданы 210 млн га, оның 
65% құба, сұрғылт құба және сұр топырақтар, 25% құмды шөл-
дер және 10%тұзды топырақтар. 
 
Құба топырақтар 
 
Құба топырақтар 46 млн га немесе республика аумағының 
20% алып жатыр. Күрең топырақтардан айырмашылығы, қара-
шіріктің аз мөлшерде болуы (2%-дан кем емес). Өте құрғақ 
даланың сирек өсімдіктер жамылғысы астында қалыптасады. 
Жусан, бетеге, бұйырғын; тасбұйырғын, т.б. өсімдіктер басым 
болады. Топырақ бетінде қыналар мен көк- жасыл балдырлар 


өседі. Жыңғыл, жүзгүн және басқа да қуаншылықтар мен тұзға 
төзімді бұталар нуы кездеседі. 
Құрғақ даланың құба топырақтарының кескіні: 
А
1
1-15 см-қарашірікті-аккумулятивті, сұрғылт немесе 
сұрғылтқуқыл, болпылдақ, қатпарлы; 
В
і
15-35 см-иллювиальді, құба-қоңыр, тығыз немесе 
тығыздалған кесекті, шымырлайды; 
В
к 
35-70 см-ала боялған, сары-құба карбонат дақты, 
кесекті (немесе жаңғақты), қатты шымырлайды
С 70-160 см гипс жинақталған гаризонт бөлектенеді, 
оның астында көп мөлшерде тұздар жинақталады, қатты шы-
мырлайды. Бұл ашық-күрең мен сұрғылт-құба топырақтар ара-
сындағы өтпелі топырақтар. Олардың табиғи құнарлылығы 
төмен, суаруды, тұздану мен жел эрозиясына қарсы күрес жүр-
гізуді қажет етеді. 
Бұл ашық-күрең топырақтардан шөлдің сұрғылт-құба то-
пырақтарына ауысатын өтпелі топырақтар. Олардың табиғи құ-
нарлылығы төмен, суаруды, тұзданумен және жел эрозиясымен 
күресу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет