Қазақстан республикасы білім және ғылым


Сортаңдардың химиялық құрамы мен қасиеттері



Pdf көрінісі
бет94/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Сортаңдардың химиялық құрамы мен қасиеттері. 
Сортаңдар құрамында неше түрлі тұздар кездеседі, бірақ жиі 
кездесетіндері Mg, Ca, Na тұздары, тұз, көмір және күкірт қыш-
қылдарының тұздары (NaCl, NaHCO
3
, Na
2
SO
4
, СаС1
2
, CaSO
4

CaCO
3
, Ca(HCO
3
)
2
. Аталған тұздардың кейбіреулері өсімдік-


терге зиян келтірмейді, ал кейбіреуінің аздаған мөлшерінің өзі 
өте зиянды. 
Мәдени өсімдіктер мен ағаш тектестерге өте зиянды тұз 
Na
2
CO

содасы жатады, ол гидролиз нәтижесінде күшті сілті 
түзеді. Өсімдік жасушасына енгенде плазмолиз жүреді, өсімдік 
өледі. Соданың топырақта болатын ең жоғарғы шекті мөлшері 
0,005%. 
Сортаңдардың топырақ ерітіндісінде осмостық қысым 
100-300 атм. болатындықтан, табиғи жағдайда, сортаңдарда тек 
галофиттер тіршілік етеді. Ондағы қарашірік мөлшері 1-2%, тек 
Сібір сортаңдарында ғана 5%. 
Сортаңдардың топырақтар ерітіндісіне бейтарап тұздар 
рН 7,0-7,5 реакциясын берсе, сілтілік (содалы) тұздар күшті 
сілтілік реакция береді (рН 9-11). 
Тұзданған топырақтар мен сортаңдарда микроағзалар өте 
аз, себебі көп мөлшердегі тұздар олардың тіршілігіне қолайсыз. 
Тұз мөлшері мен тұзды горизонттардың орналасу тереңді-
гіне байланысты топырақтар тұзданбаған, шамалы сортаңдан-
ған, сортаңды және сортаңдар деп жіктеледі. Егер топырақ гори-
зонтында тез еритін тұздар мөлшері 0,25%-дан аз болса, немесе 
150 см тереңдікке дейінгі топырақ кескінінде ондай горизонттар 
болмаса олар тұзданбаған болып есептеледі. Егер 80-150 см 
тереңдікке дейінгі топырақ салмағында тұз мөлшері 0,25% 
болса, топырақ шамалы сортаңданған, егер 5-30 см аралығында 
болса сортаңды деп есептеледі. Егер топырақтың ең жоғарғы 
қабатындағы тез еритін тұздар мөлшері 1 %-дан көп болса 
сортаң деп аталады. Тұздар концентрациясы 0-30 см қабатта 
болса беткі сортаң, ал егер тұздар бүкіл кескіні бойынша тарал-
ған болса – терең кескінді сортаң деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет