Ескерту «Raimbek Agro» ЖШС-тің жылдық есептемелері бойынша
2-кестеде 2019 жылы өнім көлемі 10,1 %-ға, жалпы табыс 22 %-ға, ал шығындар 31 %-ға артқан. Келтірілген мәліметтер негізгі құралдардың пайдаланылу тиімділігінің жоғарылағанын көрсетеді. Ол 2019 жылы жоғары өндірістік технологиялық линияларды енгізу, құрал-жабдықтарды ауыстыру, барын модернизациялау есебінен қол жеткізілді. Негізгі өндірістік құралдардың тиімді пайдаланылуы Компанияның 2019 жылдың аяғына технико-экономикалық параметрлерінің жағдайын жақсартты. Алайда осы себептермен таза табыстың көлемі 2019 жылы 2020 жылға қарағанда 54 %-ға кеміді.
Рентабелділік жоспарға қарағанда -8,1 %-ке кеміді, рентабелділіктің баяу дамуы, ең алдымен, негізгі өндірістік құралдардың құнының өсуімен байланысты.
«Raimbek Agro» ЖШС-тің каржылық-экономикалық жағдайын талдау үшін курстық жұмыста 2019 және 2020 жылдардағы кәсіпорынның балансы, қаржылық-шаруашылық қызметтері туралы есептер пайдаланылып, соның негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық, өтімділік, іскерлік белсенділік және табыстылық көрсеткіштері есептелген.
Қаржылық тұрақтылықты сипаттау үшін кәсіпорынның меншіктік айналым құралдарының сомасын есептеу керек. Меншіктік капитал есебінен айналымнан тыс құралдар да, айналым құралдары да қалыптасатын болғандықтан, меншіктік капитал сомасы мен ұзақ мерзімді активтердің айырмасы меншіктік айналым құралдарының мөлшерін құрайды.
2019 жылы: 96343,2+166624,0-175330,1 = 77637,1 мың теңге;
2020 жылы: 133409,0+100684,8-234699 = -605,2мың теңге.
Есептеулер көрсетіп отырғандай, меншіктік айналым құралдары біршама азайған. Ал 2020 жылдың аяғына қарай олар мүлдем болған жоқ, ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің 55840,2 мың теңгеге азаюына және бір мезгілде ұзақ мерзімді активтердің 59368,9 мың теңгеге көбеюіне байланысты.
Меншіктік айналым құралдары материалды өндірістік қорларды жабу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл қорлар қысқа мерзімді несиелер мен жабдықтаушылардың, подрядчиктердің алдындағы несиелік қарыздар есебінен де қалыптасады. Қорлардың қалыптасу көздері төмендегідей болып келеді:
2019 жылы: 77637,1+21404,5 = 99041,6 мың теңге;
2020 жылы: 0+62941 = 62941,2 мың теңге.
2019 жылы кәсіпорының абсолютті қаржылық тұрақтылығы байқалады, яғни келесі шарт сақталады:
ТМҚ < Меншіктік айналым құралдары
30827,5 мың теңге < 77637,1 мың теңге
Осылайша, барлық қорлар меншіктік айналым құралдарымен жабылады және кәсіпорын сыртқы несиелерге тәуелді емес.
2020 жылы кәсіпорынның меншіктік айналым құралдарының жоқтығынан абсолютті қаржылық тұрақтылық қалыпты қаржылық тұрақтылыққа ауысады, мұнда келесі шарт сақталады:
Меншіктік айналым құралдары < ТМҚ < Қорлардың қалыптасу көздері;
0 < 51080,2 мың теңге < 62941,2 мың теңге.
Ағымдағы өтімділік коэффиценті 2019 жылы ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне ағымдағы активтердің 3,3 теңгесін құрады, яғни кәсіпорынның айналым құралдары қысқа мерзімді қарыздарды өтеуге мүмкіндік береді, бірақ олардың тиімсіз пайдаланылғаны байқалады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 0,99-ға дейін төмендеген, бұл қысқа мерзімді міндеттемелерді ағымдағы активтер есебінен жабуы мүмкін еместігін көрсетеді.
Жылдам өтімділік коэффиценті ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне өтімді активтердің 2,39 теңгесінен 0,4 теңгеге дейін төмендеген. Егер 2019 жылы қысқа мерзімді қарыздарды жабу үшін өтімді активтер жеткілікті болған болса, 2020 жылы олардың азаюы байқалады (дебиторлық қарыздардың азюы мен міндеттемелердің өсуі есебінен), ал қысқа мерзімді міндеттемелер қажет болған жағдайда тауарлы-материалды қорлар есебінен жабылады.Абсолютті өтімділік коэффиценті кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмен екендігін көрсетеді. Бір жыл ішінде ол 0,01-ге төмендеп, 2019 жылы ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне ақша-қаражаттардың 0,11 теңгесін құрады.
Өтімділіктің есептелген көрсеткіштері кәсіпорынның жағдайы 2019 жылы жеткілікті тұрақты болғанын, ал 2020 жылы ағымдағы міндеттемелердің ауыр болғанын көрсетеді. Қысқа мерзімді активтерді жабуға кәсіпорынның ақша қаражаты жоқ. ТМҚ-ға салынған құралдар пайдаланылса да, кәсіпорын қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлармен 100% есептесе алмайды және оған қарыздардың бір бөлігін ұзақ мерзімді активтер есебінен жабуға тура келеді.
Кесте 3 «Raimbek Agro» ЖШС-тің өтімділік көрсеткіштерін талдау
№
|
Көрсеткіштер
|
2019
жылға
|
2020жылға
|
өзгеруі, мың тг.
|
2020 ж. %-пен
|
1
|
Ағымдағы активтер, мың тг.
|
111376,0
|
84995,5
|
-26380,5
|
-24,7
|
2
|
Өтімді активтер,
мың тг.
|
80548,5
|
33915,3
|
-46633,2
|
-47,9
|
3
|
Ақша қаражаттары, мың тг.
|
3951,2
|
9217,8
|
+5266,6
|
+33,2
|
4
|
Қысқа мерзімді міндеттемелер, мың тг.
|
33738,9
|
85600,7
|
+51861,8
|
+53,72
|
5
|
Ағымдағы өтімділік коэффиценті
|
3,30
|
0,99
|
-2,31
|
-70
|
6
|
Жылдам өтімділік коэффиценті
|
2,4
|
0,40
|
-1,99
|
-84,3
|
7
|
Абсолютті өтімділік коэффиценті
|
0,12
|
0,11
|
-0,01
|
-8,3
|
Ескерту — «Raimbek Agro» ЖШС-тің жылдық есептемелері бойынша
|
Әрі қарай кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді талдау көрсетілген (3- кестеде). Автономия коэффиценті кәсіпорының қарыз капиталды меншіктік капиталмен орнын толтыруы мүмкін емес екендігін көрсетеді, өйткені меншіктік капитал үлесі жалпы капиталдың 34%-дан 42%-ға дейін құрайды.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің үлесі 2020 жылы 35,8 %-ға төмендеген, сондай-ақ жабдықтаушылар мен подрядчиктердің алдындағы қарыз жоғары болып қалуда (194 %), ал қалдық құны бойынша негізгі құралдардың сомасы 2019 жылғы көрсеткіштен 22 %-ға өсті.
Сондай-ақ инвестицияны жабу коэффиценттінің 0,17 %-ға дейін кемуі байқалады, 2019 жылы бұл көрсеткіш 0,88 қалыпты мәнге ие болған, ол қысқа мерзімді кредиторлық қарыздардың өсуімен және меншіктік айналым құралдарының жоқтығымен түсіндіріледі. Осы себептен қорларды жабу коэффиценті де кеміген деп айтуға болады
Кесте 4 «Raimbek Agro» ЖШС-тің қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдау
|
Көрсеткіштер
|
2019 жылға
|
2020 жылға
|
өзгеруі мың тг.
|
2020ж.
%-пен
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
1
|
Меншіктік капитал,
мың тг.
|
96343,2
|
133409
|
+37065,8
|
+38,5
|
|
|
2
|
Міндеттемелер, мың тг.
|
190362,9
|
186285,5
|
-4077,4
|
-2,2
|
|
|
3
|
Ұзақ мерзімді міндеттемелер, мың тг.
|
156624,0
|
100684,8
|
-55939,2
|
-35,8
|
|
|
4
|
Жабдықтаушылар алдындағы қарыз, мың тг.
|
21404,5
|
62941,2
|
+41536,7
|
+194
|
|
|
5
|
НҚ мен МЕА-дің бастапқы құны, мың тг.
|
201961,8
|
268555,8
|
+67994,0
|
+33,9
|
|
|
6
|
НҚ мен МЕА-дің тозуы, мың тг.
|
25266,6
|
53510
|
+28243,4
|
+111,7
|
|
|
7
|
Қалдық құны бойынша негізгі құралдар, мың тг.
|
174753,7
|
214317,3
|
+39563,6
|
+22,63
|
|
|
8
|
Ағымдағы активтер, мың тг.
|
111376
|
84995,5
|
-26380,5
|
-23,7
|
|
|
9
|
ТМҚ, мың тг.
|
30827,5
|
51080,2
|
+20252,7
|
+65,69
|
|
|
10
|
Жалпы капитал, мың тг.
|
286706,1
|
319694,5
|
+32988,4
|
+11,50
|
|
|
11
|
Автономия коэффиценті, %
|
0,33
|
0,42
|
0,1
|
+27,2
|
|
|
12
|
Қаржылық тәуелділік коэффиценті, %
|
0,66
|
0,58
|
-0,1
|
-13
|
|
|
13
|
Қарыз қаражаттарының коэффиценті, %
|
1,98
|
1,40
|
-0,6
|
-29,4
|
|
|
14
|
Инвестицияларды жабу коэффиценті, %
|
0,88
|
0,73
|
-0,2
|
-17
|
|
|
15
|
ТМҚ-ды жабу коэффиценті, %
|
3,21
|
0,74
|
-2,5
|
-77
|
16
|
Негізгі құралдардың нақты құнының коэффиценті, %
|
5,67
|
4,20
|
-1,5
|
-25
|
17
|
Амортизацияның жинақталу коэффиценті, %
|
0,13
|
0,2
|
+0,1
|
+53
|
18
|
Ағымдағы активтер мен қозғалмайтын мүліктің арақатынасының коэф., %
|
0,71
|
0,84
|
+0,1
|
+18,7
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |