Қалдықтардың қалыптасу, жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы



жүктеу 46.87 Kb.
Дата12.06.2016
өлшемі46.87 Kb.
ЖОБА

Аягөз қаласы бойынша коммуналдық

қалдықтардың қалыптасу, жинақталу

нормаларын және коммуналдық қалдықтарды

жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтерін

бекіту туралы
  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 «Коммуналдық қалдықтардың қалыптасу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аягөз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың қалыптасу және жинақталу нормасы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Аягөз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтері 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы: Н. Дюсембаев

Мәслихат хатшысы: Т. Бозтаев

Аягөз аудандық

маслихаттың шешім

жобасына 1 қосымша

 ягөз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың қалыптасу және жинақталу нормасы 



Р/с №

Коммуналдық қалдықтардың қалыптасу көздері (типологиялық топ)

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, м3

1

Үй иелеріне

1 тұрғын

1,895

2

мектептер

1 оқушы

0,23

3

жоғарғы оқу орындары

1 оқушы

0,4

4

колледж, орта оқу орындары

1 оқушы

0,38

5

бала бақша

1 орын

0,65

6

ауруханалар

1 кереует-орын

1,6

7

емханалар

1 кіріп-шығу

0,05

8

азық-түлік дүкені

сауда алаңының 1 шаршы метрі

1,03

9

өнеркәсіп тауарлары дүкені

сауда алаңының 1 шаршы метрі

0,54

10

дәріхана

сауда алаңының 1 шаршы метрі

0,63

11

базар

сауда алаңының 1 шаршы метрі

0,86

12

қонақ үй

1 орын

0,7

13

жатахана

1 орын

1,1

14

мейрамхана

1 отырғызу орны

2,2

15

кафе

1 отырғызу орны

1,2

16

Ойын-сауық орталықтары

1 отырғызу орны

0,43

17

автожуу орны, автотұрақ, уақытша көлік тоқтау орны, көлікжай

1 машина орны

3,41

18

көлікке қызмет көрсету станциясы

1 жұмыскер

6,7

19

сұлулық салоны

1 жұмыс орны

9,5

20

кеңсе, банк

1 қызметкер

7,5

21

үйлерге, меншіктің барлық түріндегі мекемелерге, кәсіпорындарға жанама жатқан аулалардан, аумақтардан жиналған сыпырындылар

1 шаршы метр

0,015

22

нотариус

1 қызметкер

6

23

Зүмрет (Ломбард)

1 қызметкер

8,4

24

мұражай, кітапхана

жалпы алаңның 1 шаршы метрі

0,02



Ескерту: Мекеме, заңды тұлғалар мен үй иелері өз ауласын 5 метр қашықтықты таза ұстауға міндетті
Аягөз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету,

көму және кәдеге жарату тарифтері


Көрсеткіштері

Соммасы (теңге)

1 м3 қатты тұрмыстық қалдық үшін

950 теңге

Қатты тұрмыс қалдықтарды шығару үшін 1 адамға

150 теңге


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет