Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет1/18
Дата12.01.2024
өлшемі0.87 Mb.
#488920
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 5-9 СЫНЫПТАР


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

5-9 СЫНЫПТАР
Астана 2010
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ


жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана 2010


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілді.


Бағдарлама авторлары: Тайжанов. С., Тлеуғалиев Ю. Ғ., Қасымбекова С.И., Нұралиева С. К.


Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Дене шынықтыру» оқу бағдарламасы .– Астана, 2010. –36 б.




Бағдарлама төмендегі құжаттар негізінде дайындалды:
1. ҚР Президентінің «ҚР-да 2001-2005 ж. аралығында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» 12.03.2001 ж. Жарлығы, № 570.
2. ҚР Президентінің «ҚР-да 2007-2011 ж. аралығында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» 28.ХІІ.2006 ж. Жарлығы, № 230.
3. 1999 ж. 12 желтоқсандағы «ҚР-ның дене шынықтыру және спорт туралы Заңы», № 490-1 ЗРК.
4. «ҚР-да 2001-2005 ж. арналған дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы» БжҒМ-нің 27.06.2001 жылғы № 505, 30.04.2002 жылғы № 352, 29.05.2003 жылғы № 351 бұйрықтары (Мұнда аптасына 3 сағат дене тәрбиесін өткізу тапсырылған).

І ТҮСІНІК ХАТ

«Дене шынықтыру» оқу пәні мемлекеттік міндетті білім беру стандартының маңызды компоненті есебінде «Дене шынықтыру» білім беру саласына кіреді. Оқу пәнінің нысаны – пән арқылы дамитын және әлеуметтік ортамен өзара әрекет ететін дамып келе жатқан бала организмі.


«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене және психикалық саулықты нығайту үшін арнайы ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігі туралы білімдер жүйесі. Осы пәннің іс жүзіндегі мақсаты – бұл қазіргі қоғамның жалпы мәдениетінің бөлігі есебінде дене шынықтырудың құндылығы жөнінде білім алу. Ол қозғалыс қабілеттерін дамытып, жетілдіруге, сондай-ақ салауатты өмір салтының ережелеріне үйретуге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет