Бағдарлама бойынша берілетін сағаттарды оқу жылындағы тоқсандарға бөліп өткізу (6 сынып)
2-кесте
Бағдарла-маның түрлері
|
Бағдарламаның бөлімдері
|
6-сынып
|
1
|
2
|
3
|
4
|
I
|
Базалық
|
Жеңіл атлетика
|
9
|
-
|
-
|
10
|
19
|
Спорттық ойындар
|
14
|
11
|
-
|
-
|
25
|
Гимнастика
|
-
|
8
|
9
|
-
|
17
|
Шаңғы дайындығы
|
-
|
-
|
11
|
-
|
11
|
Суға жүзу
|
-
|
-
|
-
|
5
|
5
|
Жалпы базалық сағат саны
|
23
|
19
|
20
|
15
|
77
|
Өзгермелі
|
1. Аудандарындағы ауа-райы жағдайына байланысты
|
7
|
6
|
6
|
6
|
25
|
Мұғалімнің қалауы бойынша сабақ өт-кізу өзгермелі бөлімдегі сағат саны бойынша (тоғыз құмалақ)
|
Жалпы уақыт мөлшері
|
30
|
25
|
26
|
21
|
102
|
7-сынып
(барлығы 102 сағат, аптасына 3 сағат)
Теориялық мәліметтер
Иілгіштік, төзімділік, жылдамдық, күш секілді дене қасиеттерін қалыптастыру туралы негізгі түсінік. Гимнастика, жүзу, жүгірумен айналысқан кездегі денеге түсетін күш әсерінің тиімділігі. Гимнастикамен, жүгірумен өз бетінше айналысуда өзін-өзі бақылаудың негізгі тәсілдері. Гимнастикалық жаттығуларды орындау кезіндегі өзін-өзі қауіпсіздендіру, сақтық шаралары.
Жеңіл атлетика
Жүгіру. Шапшаңдық төзімділігінің жоғарылауына, қысқа қашықтыққа жүгіру дағдысының техникасын нығайтуға мүмкіндік беретін арнайы дене жаттығулары. Төменгі сөре, төменгі сөреден 20-30 м екпінді үдетіп жүгіру. Сөреден шыққаннан кейін 30-60 м-ге дейін жоғары жьлдамдықпен жүгіру. Бір қалыпты екпінде 5-8 минут аралығында жүгіру, кедергілермен жүгіру. Уақытты есептеп 4x100 м-ге (эстафета) жүгіру.
Секіру. Орыннан ұзындыққа секіру. 10-15 м қашықтықтан ұзындыққа секіру кезіндегі жеке бөліктерді (элементтерді) орындау дағдысын нығайтуға мүмкіндік беретін арнайы дене жаттығуылары. Екпін алып «аяқты бүгу» әдісімен нәтижесін есепке ала отырып үзындыққа секіру.
Биіктікке секіру. «Адымдау» әдісімен биіктікке секіргенде екпін алу, итеру, ұшу, жерге түсу секілді жекелеген бөліктерді орындау дағдыларын бекітуге көмектесетін арнайы жаттығулар. Нәтижесін есепке ала отырып, "адымдау" әдісімен жүгіріп келіп биіктікке секіру.
Лақтыру. Қашықтыққа және нысанаға кіші допты лақтыру кезінде жекелеген элементтердің орындалуында дағдының нығаюына мүмкіндік беретін арнайы және даярлық дене жаттығулары. Нәтижесін есепке ала отырып, екпін алып допты алысқа лақтыру. Шапшаңдыққа жүгіру, секіру секілді элементтері бар эстафеталар мен ойындар.
Спорттық ойындар
Баскетбол. Қалыптастыруға және нығайтуға арналған арнайы дене жаттығулары: ойыншылардың алаңда ауысып жүруі, бір адым жасап екі қолмен ауыстыра допты алып жүру ( жай адымдауда және ақырын жүгірісте). Баскетбол торына допты екі қолмен 3-4 метрден екпін алып тастау. Баскетболдың жеңілдетілген ережесі бойынша ойын ойнау.
Волейбол. Дағдыны бекітуге бағытталған арнайы дене жаттығулары: екі қолмен төменнен және жоғарыдан допты алу, алаңда ауысу техникасы. Артқа, алға, оңға, солға ауыса білу және орнында тұрып допты қабылдау және астынан жіберу. Жеңілдетілген ережемен валейбол ойнау.
Футбол. Дағдының қалыптасуы мен нығаюуына бағытталған арнайы дене жаттығулары: алаңда ауысу техникасы, домалап ұшып келе жатқан допты аяқтың ішкі жағымен соғу. Адымдап және орнында тұрғанда допты қапталдан лақтыру. Қорғаушының баяу қарсыласуымен допты алып жүру. Үйретілген әдістермен қақпаға доп соғу. Допты қағып әкету. Ойыншылардың орналасу жағдайын өзгерту арқылы бағытты шабуыл жасау. Жеңілдетілген ережемен футбол ойнау.
Қол добы. Қозғалыс техникасының игертілген элементтерінен тәсілдер. Қорғаушының баяу қарсыласуымен допты ұстау және беру. Домалап келе жатқан допты ұстау. Жанынан, жоғарыдан, төменнен допты тастау. Айып добын қақпаға лақтыру. Жылдам жарып өту (3 : 2). Қорғаныста екі ойыншының "тосқауыл" қоюы арқылы бірігіп іс-әрекет жасау. Қол добының жеңілдетілген ережелерін пайдаланып ойын ойнау.
Гимнастика
Саптық жаттығулар. Жартылай оңға айнал!, Жартылай солға айнал!, Қысқа адым жаса!, Оң иықты алға ұстап жүр!, Кері айналып, алға жүр! және т.б. командалардың орындалуы.
Қатарды қайта сапқа тұрғызу: орнында бір қатардан екі, үш қатарға, спорт залды айналып жүргенде бір лектен үш, төрт лекке тұру, қозғалыста және орнында тұрғанда қолды жанға және алдыға созып, екі аралықты ажырату.
Достарыңызбен бөлісу: |