Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі
8 сынып оқушыларының (ер балалар) дене даярлығын бағалау үшін оқу нормативтері Қосымша 4
8 сынып оқушыларының (қыз балалар) дене даярлығын бағалау үшін оқу нормативтері Қосымша 5
9 сынып оқушыларының дене даярлығын бағалау үшін оқу нормативтері Қосымша 6
ІҮ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Жеткіншектік жас (11-12 жас) – қозғалыс функцияларының дамуындағы өзгерісті кезең. Оқушылар бұл кезеңге дейін негізінен жүгірудегі секірулердегі, лақтырулардағы, өрмелеудегі негізгі қозғалыс қимылдарын меңгереді. Оларда, спорттың негізгі түрлерін қосқанда, негізгі қозғалыс әрекеттерінің одан әрі жетілуі байқалады. Жеке гигиена, жекелеген дене мүшелері (жүрек, өкпе, жүйке жүйесі, зат алмасу) мен тұтас организмге дене жаттығуларының әсері, сондай-ақ ерік және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіну, еңбек ету, демалу, тамақтану және ұйықтау тәртібін сақтау жөніндегі білім тереңдей түседі. Бұл кезең көптеген жеткіншектер үшін жыныстық жетілудің басы екендігін, оны сабақты ұйымдастырып, өткізуде есепке алу керек. Мектептегі дене шынықтыру бойынша оқу-тәрбие процесін ойдағыдай құра білу жеке және іскерлік тұрғыда, оқу-тәрбие процесін гуманизациялау мен демократияландыру, жеке адамды дамыту, оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі психологиялық – педагогикалық және психологиялық – физиологиялық теориясын қолдану секілді қағидалары негізінде мүмкін болмақ. Оқушылардың бейімділігі мен спорттық қызығушылығына, спорттық жетістіктерінің деңгейіне, қозғалыс тәжірибесіне көңіл аудара отырып мұғалім олардың әрқайсысына игерудің қиындығы бойынша әр түрлі деңгейдегі материалды ұсынуға міндетті. Мектептегі дене тәрбиесі бойынша оқу-тәрбие процесіндегі маңызды әдістердің бірі баланы дамыту мен тәрбиелеу, үйретуді жеделдету және оңтайландыру әдісі болып табылады. Осы әдіс жалпы алғанда төмендегілерден тұрады: - дене тәрбиесі және спортпен шұғылданудың себептерін күшейтуден және үйретудің мақсат – бағытын арттырудан; - үйретудің белсенді және ізденісті әдістері мен түрлерін қолданудан (келелі, зерттеушілік, үйлесімділік қабілеттеріне басымдық бере, жан-жақты дамыту; бағдарламалық оқытудың әдістері, оқытудың топтық және жеке түрлері, дамытатын ойындар мен тапсырмалар, ұздіксіз жаттығу және басқалар); - оқу еңбегі дағдыларын қалыптастырудан; - оқытудың техникалық құралдарын кең пайдаланудан. Әрбір сабақтың мақсатты бағыты, нақты міндеттері, үйрету мен қалыпқа келтіру құралдары, әдістер болуы тиіс. Әр сабақта өзара байланысты дамытатын, білім беретін, сауықтыратын және тәрбиелейтін міндеттердің кешені шешіледі. Әр сабақтағы жүктемелер құрылымында иілгіштікті дамытумен сәйкесетін, мүмкіндігінше еттердің барлық тобына әсер ететін, сондай-ақ үйлесімділігі күрделі, шапшаңдық – күштілік және шыдамдылыққа арналған күш жаттығулары болуы тиіс. Шыдамдылық жаттығуларын сабақтың соңында кірістіріп, одан кейін жүктемені біртіндеп азайту және босаңсуға жаттығулар беру қажет. Жүктеменің қарақындылығына бақылауды ЖСЖ-і бойынша, сондай-ақ шаршаудың сыртқы белгілері бойынша жүргізеді. 7-8 сыныптарда оқушылар негізгі қозғалыс қимылдарын жетілдіруді жалғастырып отыруы тиіс (12-13 жас). Бұл жыныстық жетілу кезеңі. Алайда, жекелеген жеткіншектерде жыныстық жетілу ырғағы түрліше болуы мүмкін екендігін де есепке алу керек. Жасөспірімдерде ер адамның белгілері, ал қыздарда ересек әйелдің белгілері дамитындай жыныстық ерте жетілудің даму белгісі де бар. Жеткіншек үшін өзінің орнын түсіне білу және өзіне деген сенімділікті қалыптастыру өмірлік маңызды нәрсе. Сондықтан да дене тәрбиесімен немесе спорттың қайсыбір түрімен белсенді шұғылдану жеткіншекке күшті, батылдықты, өзіне деген сенімділікті, ықтимал қаскүнемнен қорғану қабілетін жинақтауына көмектеседі. Бұнда оған самбо және дзюдо секілді күрес түрлері көмектеседі. Осы кезеңде иілгіштікті дамытумен үйлестіре негізгі ет топтарының күшін дамытуды жалғастыру керек. Үйлесімділік және шапшаңдық – күштілік қабілеттерін дамытуға басымдық беріп, күш және жалпы шыдамдылықты біртіндеп дамытуға кірісу ұсынылады. Теориялық бөлімде жеке гигиенаның ережелерін, салауатты өмір салты қағидаларын, тұлғаны сақтау, Олимпиадалық қозғалыс, олимпиадалық ойындар, Азиада және әлем чемпионаттары жөнінде ақпараттар алу жұмысын жалғастыру керек. Үйретуде гуманистік көзқарасты ұстану, «жазықты» қылмай, әр оқушыға тілектестікпен қарау ұсынылады. Дау-жанжалды мәмлемен немесе мәселені сындарлы түрде шешу жолын табу керек. Жексенбіде – туристік жорық немесе жарысқа қатынасуды мұғалім барлық оқушыларға ұсынуы тиіс Осы жас кезеңінде қыздар мен жасөспірімдерде жыныстық жетілу аяқталады, мұның өзі олардың мінез-құлқында, психикалық және эмоционалдық дамуында көрініс береді. Жеткіншектер, жасөспірімдер мен қыздар үшін өзіне деген сенімсізділікті дамыту, өзінің мәнділігін сезіну өте маңызды. Олар толыққанды, елеулі жеке адам болуға ұмтылады. Бұл ретте оған және жақын адамдарды қорғау қабілетін дамытатын, спорттың қайсыбір түрімен шұғылдану көмектеседі. Осыларға байланысты мұғалім оқушыларға спорттық секцияларда шұғылдану керектігін ұсынуы тиіс. Демалыс күндері барлық оқушылардың міндетті түрде қатысуымен жарыс өткізу немесе көрші селоға, қала сыртына не тауға туристік жорық жасау керек. Ақыл-ой және эстетикалық дамуға себепші болатын жан-жақты үйлесімді дамуға ие болу, денсаулықты нығайту үшін дене жаттығуларымен үнемі шұғылдану дағдыларын тәрбиелеуге үлкен мән беру керек. Теориялық бөлімде денсаулыққа қозғалыс белсенділігінің әсері туралы, жеке гигиена және салауатты өмір салпы ережелері жөніндегі әңгімелерді жалғастыру қажет. Климаттық жағдай және сабақтардың материалдық – техникалық жағдайынан қамтылуын есептей отырып оқыту бағдарламасының мазмұнына өзгерістер енгізуге болады. жүктеу/скачать 0.87 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |