Оқытушының құқықтары мен міндеттері
Оқытушы:
семестр бойында силлабусқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
сабақты босатқан студенттен түсініктеме талап етуге;
себепсіз сабақ босатқан студенттердің жұмыстарын өз қалауы бойынша 25%-ға дейін төмендетуге;
уақытында өткізілмеген өздік жұмыстарын өз қалауы бойынша 25%-ға дейін төмендетуге;
10 минуттан артық уақыт сабақтан кешіккен студентті сабаққа кіргізбеуге;
академиялық адалдық ережесін бұзған студенттердің жұмыстарын тексермеуге құқылы.
Оқытушы:
студенттерге пән бойынша силлабусты бірінші оқу күні электронды немесе қағаз түрінде беруге;
семестр бойында силлабусқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы студентті уақытында ақпараттандыруға;
сабақ кестесіне сай аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда аудиторияда болуға;
студенттерге бағалары туралы ақпарат беруге;
студенттерге қойылған бағаларды дәлелдеп беруге;
студенттерге қатысты әдеп ережелерін сақтауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |