Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Фаллопиев түтігінің қабынуы (салпингит)



бет110/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
акушерство китап

Фаллопиев түтігінің қабынуы (салпингит)

Аналық түтігінің күйі жануарлардың төлдеу қабілетінде болуы үшін аса маңызды. Аналық түтігі аралығына көптеген ірі және ұсақ кілегейлі қабат қатпарлары енеді, сол себебтен фаллопиев түтігінде кілегейлі қабат ісінуімен және қатпарларының жабысуымен өтетін қабыну қуыстың жабылуына ал оның ішінде жалқаяқ жиналуына әкеліп соғады. Жалқаяқ құрамында токсиндер болуына орай спермиилер, жұмыптрқа және өскін жойылады. Аналық түтігі қабынуы және түтікшенің жекелеген қабаттарының қайта дамуы түріндегі ақаулары жұмыртқа қозғалысына кедергі жасайды да спермиилердің аналық клеткасына жылжу жолына бөгет болады. Клиникалық зерттеу кезінде байқалмайтын, көлемдері кішігірім түтік зақымдалулары бедеуліктің себебі болып табылады. Аналық түтігінің зақымдалулары кілегейлі қабатпен шектеле алады (Endosalpingitis), бұлшық ет қабатын қамти алады (Myosalpingitis) немесе түтіктің сірі қабатын қамтиды (Perysalpingitis). Аналық түтігінің жекелеген қабаттарының зақымдалуын анықтауға мүмкіндік беретін нақты мұқият клиникалық әдіс жоқ деуге болады. Клиникалық тұрғыда тек түтікте жалқаяқ жиналуы түріндегі немесе тыртықталуға оарй өзгерістер тудыратын морфологиялық ауытқуларды анықтауға болады. Сол себептен түтіктің негізгі зақымдалуларын баяндаумен шектелейік.


Жіті және созылмалы катаралды салпингит (Salpingitis catarrhalis acuta et chronica). Эндосалпингит – түтіктің кілегейлі қабатының қабынуы, жарақат немесе метостаз негізіндегі эндометрит, перетонит асқынулары түрінде дамиды. Осы кезде ісіну, кішігірім қанталаулар және кілегейлі қабаттың лейкоцитарлы инфилтрациясы дамиды. Оның эпителииі дегенерацияға ұшырап жер-жерде тарылады. Кілегейлі қабат қатпарларының ісінуі қуыстар тууына әкеліп соғады. Қуыс іштерінде сірі-катаралды бөлінділер болады. Аурудың созылмалы ағымында түтік эпителииі қайта дамиды, қатпарлары дәнекер ұлпа өсуіне орай тығыздалады. Жамылғы эпителииінен арылған қатпар беткейі жабысып араларында қуыстар қалады. Кейде тыртықты тартылулар стриктуралар тіптен түтіктердің толығымен бітелуін тудырады. Патологиялық үрдістің өршуіне орай қайта дамыған кілегейлі қабат кілегейлі – сірі сұйықтық бөле бастайды. Үрдіс түтіктер шеменімен аяқталады (Hydrosalpinx).
Катаралды – геморрагиялық қабынуда немесе жарақаттан соң түтік аралығында көп мөлшерде қан жиналуы мүмкін (Haemosalpinx).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет