Сиптоматиқалық бедеуліктін алдын алу. Мал дәрігерлік шаралар күнделікті қатаң түрде табиғи және қолдан ұрықтандыру орыңдалуын қадағалап, бақылау: қолдан ұрықтандыру станцияларында өндірушілердің денсаулығын малдәрігерлік бақылау, ұрық алу, аралыстыру, құтылау және тасымалдау кездерінде санитарлық ережелерді сақтау мал ауруларының алдын-алу мақсатында мал қоражайларында қатаң санитарлық–гигиеналық ережелерді сақтау, туу үрдісін дұрыс ұйымдастыру мен туудан кейінгі кезең қалыпты өтуін қадағалау; мал жағдайын үнемі бақылау, үздіксіз диспансерлеу мен нақтылы жыныс және басқа сапасыз жыныс циклдарын тудыратын ауруларды диагностикалау мен емдеу жұмыстарын өткізу.
Зоотехникалық шаралар. Малдарды табиғи және қолдан ұрықтандыру ережелерін қатаң сақтау, аналықтарды буаз және туғаннан кейінгі мерзімдерде ұстап, қолдану. Ауру белгілері байқалса мал дәрігерлік мамандарын құлақтандыру, ұйымдастыру шаралары: туу бөлмелерін салу және жабдықтау. Мамандар таңдап, оқытып, дұрыс дайындау.
Агрономиялық шаралар: Ауру малдарға диетикалық азықтар берілуін қамтамасыз ету.
Бақылау сұрақтары:
1. А.П. Студенцов бойынша бедеулік жіктелуінің мәні қандай?
2. Аналықтарды гинекологиялық зерттеу тәртібі қандай?
3. Аталықтардың андрологиялық зерттеулері қалай өткізіледі?
4. Бедеуліктің кәріліктен болған, туа біткен және симптоматикалық түрлері қалай сипатталынады?
5. Жыныс ағзаларының қабыну үрдістері кезіндегі аналықтар емі неге негізделген?
6. Аналық жыныс безі қызметі бұзылуындағы (гипофункция, персистентті сары дене, қалталану т.б.) аналықтар емінің ерекшеліктері?
7. Симптоматикалық бедеулік кезінде қандай терапетивкалық тәсіл қолданылады?
8. Симптоматикалық белсіздік (импотенция) дегенміз не?
9. Жыныс ағзаларының қабыну үрдістері кезінде аталықтарды емдеу үшін қандай ем әдістері қолданылады?
Қолданған әдебиеттер тізімі
1. Т.Ж. Әбдірахманов. Малды өсіру гигиенасы және санитариясы. (Оқулық құралы). Астана, 2004. 153 б.
2. Т.Ж. Әбдірахманов. Аналық және аталық малдың жыныс мүшелерінің анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктері (әдістемелік нұсқаулар). Ақмола, 1994. 10 б.
3. Т.Ж. Әбдірахманов. Ауыл шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру. Ақмола, 1996. 65 б.
4. Т.Ж. Әбдірахманов. Аналық малдардың жыныс циклдары (әдістемелік нұсқаулар). Ақмола, 1997. 18 б.
5. Т.Ж. Әбдірахманов. Аналық малдардың буаздығы мен бедеулігін анықтау (әдістемелік нұсқаулар). Астана, 1999. 12 б.
6. Абдрахманов Т.Ж. Разработка способов диагностики, терапии, профилактики послеродовго гнойно-катарального эндометрита и субклинического мастита у коров. Дисс. на соиск. ученой степени доктора ветеринарных наук. Саратов, 2002. 289 б.
7. Калтаев Ш.К., Жоланов М.Н., Жукин Б.Д. Мал акушерлігі, гинекологиясы және көбею биотехнологиясы. Алматы, 1986.
8. Қашаганов Х., Бердімұратов Ж. Мал дәрігерлік түсіндірме сөздігі. Алматы, Қайнар. 1982.
9. Студенцов А.П., Шипилов В.С., Никитин В.Я. и др. Ветеринарное акушерство, гинекология и биотехника размножения. Москва, Колос, 2000.
10. Тілемісов Х., Рамазанов Е. Ауыл шаруашылығы сөздігі. Алматы, Қайнар. 1992.
11. Шипилов В.С., Зверева Г.В., Родин И.И., Никитин В.Я. Практикум по акушерству, гинекологии и искусственному осеменению сельскохозяйственных животных. М.: ВО «Агропромиздат»,1998.
ү
Сдано в набор 20.07.07. Подписано в печать 23.07.07.
Формат 60х84 1/16 Заказ № 6786
Усл. печ. л. 13,13 Тираж 500 экз.
Типография Казахского государственного агротехнического университета им. С.Сейфуллина, 2007 г.
010011, г. Астана, пр. Победы, 62 а
ВУЛЬВИТТЕР, ВЕСТИБУЛИТТЕР ЖӘНЕ ВАГИНИТТЕР
Сыртқы жыныс органдарының қабынуы барлық мал түрлерінде кездесуі мүмкін, бірақ көп жағдайда сиырларда байқалады. Қабыну үрдісінің өтуіне байланысты сарпай және қынап кіреберісінің қабынуы: сірі, катаралды, геморрагиялық, фибринозды, іріңді, гангренозды және басқа түрлерін ажыратады. Вульвит және вестибулит өз бетімен инфекция қоздырғышы енуінен немесе туу, шағылыс кезінде, жарақаттардың шиеленусуінен пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |