физиологиясы
Аналық малдардың жыныс аппаратының және жыныс процесінің эволюциясы.
Аналық малдың жыныс процессінің эволюциясы аталықтың эволюциясына ұқсас. Егер біз аталық жыныс клеткалары белсенді жылжу қасиеттерімен сипатталады десек, керісінше аналық гаметалар өз бетімен жылжу қасиеттерін жоғалтып, оның орнына барлық эмбриональды мезгілде немесе зародыштың дамуы мен өсуіне керек пластикалық заттар қорына ие болады.
Жыныс процесінің әрі қарай дамуы кезінде аналық пен аталық аралығында ерекше қарым-қатынас пайда болады. Осы көрініс аналық және аталық гаметалардың кездесуін жеңілдетіп, соның арқасында ұрықтану болады.
Ұрықтану ішкі және сыртқы түрге бөлінеді. Сыртқы ұрықтану амфибиялар мен балықтарда, ал ішкі ұрықтану сүт қоректілер мен құстарда және барлық дала жануарларында өтеді.
Ішкі ұрықтану кезінде ұрықтар аналық жыныс жолдарына түседі де, осы жерде ұрықтану процессі өтеді.
Аналық ұрық дамыған кезде жыныс өскінінен аналық жыныс безі, ал мюллеров каналының /жолынын/ краниальдық бөлігінен фаллопиев тұрбасымен үлкейткіш пайда болады, каудальды бөліктері несеп-жыныс синусіне құйылады. Каудальдық шеттерінің өсіп кетуіне байланысты жақын немесе едәуір қашықтықта қынап, жатыр мүйіздері денесі және мойыны пайда болады. Вольфов жолы жойылады.
Аналық малдың жыныс органдары сыртқы және ішкі мүшелерге бөлінеді. Сыртқы мүшелерге /Genitalia ecterna/ - сарпай, қынап кіреберісі және клитор, ішкі мүшелерге / Genitalia inlerna/ қынап, жатыр, жатыр түтікшелері, аналық жыныс бездері жатады.
Сиырдың жыныс органдары Сиырдың сарпайы /vulva / қатпарланған терімен жабылған. Жыныс еріндерінің дорсальдық /жоғары/ бұрышы дөңгелектенген, ал вентральдық /төменгі/ ұшы үшкір және сәл құйымшақтың дөңінен түсіп тұрады. Клитор екі ұзын каверналық денелерден құрылған /сиырда ұзындығы 12- см/ басқы ұшымен аяқталады.
Қынап кіреберісі шекарасыз қынапқа өтеді, өйткені күйіс қайыратын жануарларда несеп клапаны нашар дамыған. Қынап кіреберісі бүйірінің қабырғасында оң және сол шығаратын тармақтармен ашылатын үлкен бездер орналасқан.
Қынап кілегейі көп қабатты қатпар құрайды. Қынап қабырғасының вентральдық жағында гартнер өзектері /вольфов каналының рудименті/ орналасқан.
Сиырдың жатыры екі мүйізді /қос мүйізді/ түрге жатады. Жатыр денесі онша үлкен емес /сиырда ұызындығы 2-6 см/, нашар дамыған және ұрық жататын жер емес. Жатыр мойыны қынап және жатыр жағынан күрт бөлінген. Сиырда жатыр мойынының ұзындығы 12 см. Мойынның шырышты өзегі /жолы/ ұсақ бойлы және кесек көлденең қатпарлар құрайды. Мойынның артқы жағы сыртқы тесігімен топтастырылған конусқа ұқсас, қынап қуысына 2-4 см еніп тұрады.
Жатырдың кілегейлі қабаты арнайы құрылымдар - жатырдың сүйелдерін /карункулдары/ құрайды, олар мүйізді жағалай төрт қатарда орналасады, әр қатарда 10-14-тен, барлығы 75-тен 120-ға дейін. Карункулдер дөңесті, жарты шеңбер тәрізді, безсіз биіктігі 1,2-4,7 мм, ені -3,2-9,1 мм, ұзындығы 4,4-13,8 мм туындылар (Ю.М.Серебряков). Карункулдер - аналық плацентаның өскіні. Буаздылық кезінде карункулдер он есеге дейін үлкейеді /қаздың жұмыртқасындай, кейде одан да үлкен/.
Жатырдың мүйізі ұзын бойында қосылады да медиальдық қабырғалармен қалқа құрайды. Сырт жағынан қосылған жерлері үңгі тәрізді болып көрінеді /мүйіз аралығы науасы/, олар каудалды жатыр мүйіздерінің денесіне және мойынына өткен, ал краниальды мүйіздер айырылатын жерде жоғалып кетеді.
Күйіс қайыратын жануарлардың аналық без түтікшелері қысқа үлкейтілген бөлімнен және әлсіз дамыған шашақтан тұрады. Аналық жыныс бездерінің ұзындығы 20-25 см.
Аналық жыныс бездері сопақ пішінді болып келеді, ұзындығы 2 см-ден 5 см-ге дейін, жалпақтығы 1-2 см. Ірі /сақа/ малдың оң аналық жыныс безі сол жағына қарағанда үлкен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |