Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет51/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   115
акушерство китап

Бақылау сұрақтары:
1. Буаздылық кезінде аналықтар организмі мен жыныс ағзаларында қандай өзгерістер байқалады?
2. Қағанақ қабатының қызметі қандай? Олардың топографиясы мен құрылысының түрлік ерекшеліктері неде?
3. Үй жануарлары аналықтарының қағанақ түрлері немен сипатталады?
4. Кіндік бауы неден тұрады және оның қызметі?
5. Құрсақтағы төл қанайналымы ерекшеліктері неде?
6. Әр түр жануарларының құрсағындағы төлдерінің дамуы қандай көрсеткіштермен (салмағы, көлемі т.б.) сипатталады?
7. Әр түр жануарларындағы буаздылық ұзақтығы?
8. Үй жануарлары аналықтары буаздылығы мен бедеулігін диагностикалау әдістері қалай жіктеледі?
9. Буаздылық пен бедеулікті диагностикалаудың тәжірибедегі қолданымды әдістері.

5 Тарау. Туу және туғаннан кейінгі кезең, төл мен туу жолдарының анатомо-топографиялық қарым қатынастары

Төлдеу актісі - жетілген тірі ұрықты анасы организмінен шығарудан және ұрық қабығы мен суын қуудан тұратын физиологиялық процесс. Төлдеу ұрық және анасы организмінің қатынасуымен, жатыр мускулатурасы және бұлшық еттің белсенді жиырылуы әсерінен өтетінін процесс.


Ұрық пісіп жетілуі кезінде төлдеу процесінің болуы туралы пікірдің бірнеше теориялары бар (уыттылық, тітіркенушілік, бұлшық еттер жетіліп кетуі т.б.) .
Уыттылық теориясы - төлдеудің басталуын ұрық организмінде қоректің және (ауаның) оттегінің жетіспеуінен пайда болған «анафилактық удың» жатырды тітіркенуінен болады деген көзқарас.
Кейбір зерттеушілер, төлдеудің себебін жиналған көмірқышқылының әсеріне жатыр бұлшық етінің жиырылуынан деп қарайды.
Бір ғалымдар төлдеу актісінің басталу себебін жыныс аппаратының қалыптан тыс қызаруынан болады, бұл қалыптан тыс қызару процессі анасы организмінің денесінде жыныс циклы ұзақтығына сәйкес мезгілде келеді деп есептейді. Буаздықтың аяғында қызару мен тітіркенуі жоғарғы деңгейге жетіп жатырдың жиырылуын тудырады.
Бұлшық еттің жетілу теориясы төлдеудің басталуын жатыр бұлшық етінің ұлғаюының жоғарғы деңгейге жетуінен деп түсіндіреді.
Гормональдық теория - төлдеудің басталуын жатырға эстрогендердің, питуитриннің, окситоциннің және басқа гормондардың әсерінен болады деп атайды.
А.П. Николаев төлдеудің басталу процессінің негізгі себебін түсіндіру үшін нейрогуморальдық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша төлдеу актісі ацетилхолиннің әрекетінен жатыр жүйке элементтерінің тітіркенуінен болады. Буазыдылқ соңына таман ацетилхолин және өзге биологиялық белсенді тітіркендіруші заттардың (хемо-, баро-, механорецепторлар) туындалуы күшейеді, олар жатыр жиырылуын тудырады. Туу механизмі төлдің туындалуы, оның жетілуі барысында плацента арқылы анасының организміне көп мөлшерде кортикооидтар бөледі. Соңғылары плацентаның аналық бөлігінің ерекше жасушаларын сары денелердің гормоналдық қызметін доғаратын простогландиндер бөлуге итермелейді. Яғни, толғаққа қажетті жағдайлар туындалады.
А.П.Студенцовтың пікірінше жетілген төл мен аналығы арасындағы күрделі де өзара байланысты қайшылықтар әсерінен рецепторлық аппарат арқылы миға хабар жетіп отырады. Жануарлар төлдеуі көбіне түнде өтетіні белгілі, осы кезде ми қатпарынан жатырдың рецепторларына арнайы байланыстық белгілер жіберіледі.
Бірақ, бірде-бір жоғарыда аталып кеткен теориялар басты орын алмайды, өйткені төлдеу актісінің пайда болу себептері қәзіргі уақытқа дейін әлі толық дәлелденген жоқ. Тек бір түсініктісі, төлдеу ұрық және анасы аралығындағы қарым-қатынас кезінде пайда болатын күрделі процесс. Олар түрлі қайшылық күштер себебінен туады.
Төлдеу - барлық кешенді себептер нәтижесі болып есептелінеді. Оларды шартты түрде үш топқа бөледі.
Бірінші топқа - төлдеуді әзірлейтін /дайындайтын/ себептер жатады, екіншіге оларды тудыратын /шақыратын/ және үшіншіге - төлдеуді сүйемелдейтін себептер жатады.
Бірінші топтың себептеріне бас ми қабығы қозғыштығының қатты төмендеуі жатады, ал ол болса жыныс циклының және ми қыртысы астының белсенділіктерін жоғарлатуға жақсы жағдай жасайды.
Екінші топтың себептері ацетилхолин мен окситоциннің бір уақытта көбеюімен бірге жоғары белсенділікті эстрогендердің жиналуы байқалады. Осылардың қатынасуына байланысты жатыр бұлшық еттерінің жиырлуы басталады.
Үшінші топ себептері ацетилхолионның әрекеті туу үрдісінің ырғақтылығына әсерін тигізеді.
Сонымен, туу нейрогуморальдық факторлардың бірнеше күрделі кешендерінің әрекетерінен болады. Ол орталық нерв жүйесі оның жоғарғы бөлігі ми қабығының бақылауымен өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет