Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі



бет30/42
Дата26.09.2022
өлшемі1.34 Mb.
#461358
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
oak ekteoriya (1)

Несиенің түрлері



Әрекет ету мерзімі бойынша


Несиелеу объектісі бойынша

Әрекет ету мерзімі бойынша

Несие сипаттамасы бойынша


  • қысқа мерзімді,

  • орта мерзімді,

  • ұзақ мерзімді.

  • тұтыну,

  • ипотекалық,

  • мемлекеттік,

  • халықаралық.

  • қысқа мерзімді,

  • орта мерзімді,

  • ұзақ мерзімді.

  • тұтыну,

  • ипотекалық,

  • мемлекеттік,

  • халықаралық.


Коммерциялық несие тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету мақсатымен, төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі тауарлық формадағы құралдар. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім құжатының қызметін вексель атқарады.
Банктік несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Несие беруші болып банк табылады.
Мемлекеттік несиеде қарыз алушы мемлекет, ал несие беруші көбінесе халық болады. осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.
Несие жүйесінде негізгі рөл атқаратын банк. Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операицялар арқылы соларды орналастырады. Банктердің функциялары:

  1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.

  2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру.

  3. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот)

Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:

  • орталық эмиссиялық,

  • коммерциялық депозиттік, инвестициялық,

  • жинақ,

  • арнайы бағытағы банктер.

Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:

  • І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.

  • ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер.

Несие саясатының негізгі субъектісі Ұлттық банк. Ұлттық банктің міндеттерін екі бағытта арқарылады:

  1. Валюта жүйесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

  2. Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.

Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:

  • мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет атқаратын заңды тұлға;

  • Қазақстан республикасының ақша несие жүйесін басқару;

  • Қазақстан республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау;

  • Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау;

  • Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

  • Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу;

  • ҚР Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу;

  • Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

  • Ұлттық банктік Қазақстан мүддесін әлемдік нарықта көрсету.

Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:

  • Салымдар жинап, несие беру;

  • Есеп айырысу операциялары және есеп шот жүргізу;

  • Валюта және бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу;

  • Несие беруде делдалдық қызмет атқару;

  • Ломбардтық және сейфтік операциялар жүргізу және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет