Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Бекітуге арналған сұрақтар



бет31/42
Дата26.09.2022
өлшемі1.34 Mb.
#461358
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
oak ekteoriya (1)

Бекітуге арналған сұрақтар

1.Ақша жүйесі және оның саясаты


2.Несие және оның түрлері
3.Несие және оның қызметтері
4.ҚР-ның монетарлық саясаты
5.Қаржы және қаржы саясаты
Қолданылатын негізгі әдебиеттер:



  1. Менкью.Г., Тейлор, М. «Экономикс». 4 - Халықаралық басылымы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл.- 848 б

2 Куратко, Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика - 10-шы басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 480 б.
3 Шваб К. Төртінші индустриялық революция.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 200 б.
4 Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 768 б.
5 Хилл, Ч.Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке. - 12-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 720 б.
6 Бове, К. Қазіргі бизнес-коммуникация .- 14-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 736 б.


14– Дәріс Экономикадағы мемлекеттің орны мен рөлі

1.Экономиканы мемлекеттік реттеу түсінігі, мақсаттары мен әдістері


2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері мен объектілері


Дәріс мақсаты: Нарық экономикасын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі моделдері. Мемлекеттік реттеу өтпелі экономика жағдайында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктерін түсіндіру.
Негізгі сөздер: Экономиканы мемлекеттік реттеу, тікелей реттеу әдістері, жанама реттеу әдістері, бағаны және табысты ретту саясаты,әкімшілік реттеу, қысқа мерзімді реттеу, ұзақ мерзімді реттеу.Әлеуметтiк теңдiк, Әлеуметтiк кепiлдiк, Әлеуметтiк қорғау, Әлеуметтік стандарттар.


1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны , қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалык саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етеді.
ЭМР-дің ең басты мақсаты – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.
Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты). Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.
Нарықтық экономикалы дамыған елдерде реттеудің әкімшілік құралы елеусіз көлемде пайдаланады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршған ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен шектеледі.
Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:
- қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық
аумағындағы саясат;
- ақша саясаты;
- табыстарды реттеу саясаты;
- әлеуметтік саясаты;
- баға бегіленімін мемлекеттік реттеу;
- сыртқы экономикалық реттеу;
Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша - кредит қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді. Негізгі экономикалық құралдар:
- есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін,
дисконттық саясат);
- елдің қаржылық институттары орталық банкте сақтауға
міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;
-мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар рыногындағы мемлекеттік міндеттемелер эмиссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.
Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:
- экономиканың қызмет ету үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу;
- монополияға қарсы реттеу;
- макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;
- ресурстарды орналастыруға ықпал ету;
- табыстарды бөлу аясындағы қызмет;
- мүліктік қатнастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.
Тікелей реттеу әдістері – көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты олар адрестік сипатта болады, яғни бір объектіге бағыттлаған. Бұл негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәсекелестікті дамытатын, тұрғындардың төлем қабілетін жүзеге асыратын шараларды қамтиды.
Жанама реттеу әдістері – негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъктілері үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі көбінесе экономикалық жағдайлардың шарттары нәтижесіне әсер етумен байланысты. 2. Фискальдық саясат – мемлекеттік бюджеттен реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салаларына, кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар (субсидия), салық шаралары жатады.
Салықтық реттеу фискальдық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Оның ең көп тараған түрлері:
а) Кейбір экономикалық процестерді көтермелеу немесе шектеу мақсатында салық мөлшерін өзгерту. Экономикалық өсіді котермелеу ниетімен мемлекет бөлек салалар мен өңірлер (Арал өңірі), шет селолық аудандар мен еркін экономикалық аймақтар үшін салық салудың ерекше қолданылатын тәртібін орнатады. Жеке тауаларға сұранымды шектеу мақсатында салық төлеушілердің басым көпшілігі үшін жанама салықтар мен табысқа салынатын салықтың нарқы да өзгертіледі: салық нарқы барынша төмен жағдайда өндірісіне ақша қаражатын жұмсау әдетте өседі, ал салық нарқы барынша жоғары өндірісті қаржыландыру тиіміз болады.
ә) Салық нарқын өзгеріссіз қалдыра отырып, оны төлеудің тәртібін өзгерту. Мысалы, негізгі қорларды амортизациялаудың мерзімін өзгерту.
б) Салық жеңілдіктерін ендіру немесе алып тастау. Салалық жеңілдіктерді ендіру капиталдың сала аралық құйылымын реттейді. Салық салуға тиісті пайдадан жаңа техника түрлеріне жұмсалған шығынды шегеруге рұқсат беру негізгі қорларды жаңғыртуды тездетеді.
Несие – ақша саясаты – мемлекет нақты салалық және аймақтың проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламарды жүзеге асыру мақсатты жеңілдікпен пайдаланатын несие береді. Несие және ақшалық реттеудің қолданылатын түрлері.
а) Несиеның пайыз нарқының өзгеруі. Мысалы: өндіріс салаларын дамыту үшін пайдаланылатын несиелік қаражаттарға осы пайыз төмен деңгейімен болғаны абзал.
ә) Эмиссиялық банктің есептеу нарқын өзгерту. Есептеу нарқы – бұл банк вексельдердің, яғни жеке адамдар мен мекемелердің қысқа мерзімді міндеттемелердің сатып алған жағдайда банктен өндіріп алынатын қарыз пайызының нормасы. Эмиссиялық банк тек қана коммерциялық банктердің вексельдерін есепке алады.
б) Эмиссиялық банкке ақша салудың міндетті минимумын арттыру. Эмиссиялық банктегі коммерциялық банктердің депозиттері (сақтауға берілген ақша) ерікті ақша салымдарынан (бос резерв) және міндетті ақша салымдарынан (оларды пайдалануға рұқсат берілмеген) тұрады.
в) “Ашық нарықтағы операциялар”. Бұл жағдайда мемлекет өзінің облигацияларын сатуға немесе сатып алуға тырысады. 1 – ші жағдай және несие жүйесінің қарыз капиталының қоражаттары алынады. Ол ұдайы өндіріс процесін қиындатады. 2 – ші жағдай керісінше, несие жүйесі қосымша қаражаттармен тоотырылады, ал ол ұдайы өндіріс процесін көтермелейді.
Бағаны және табысты ретту саясаты – фискальдық және несие саясаты көп жағдайда баға мен табыстарды реттеудің құрамы бола алмайды. Сондықтан мемлекет барынша тікелей әсер ету құралдарын қолдануға тырысады. Осы мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуінің жоғарғы иегін белгілейді, кейде олардың өсуіне тыйым салады.
Әкімшілік реттеулер – оларға кейбір әдейі ерекшеленген салалар, мысалы қоғамдық пайдалану салаларына (электроэнергетика, көлік) бақылау шаралары, қор биржаның үстінен қойылатын әкімшілік бақылау, әділ бәсеке күресі деп аталатын тәртіпті сақтауға бағытталған бақылау және басқа да осы секілді істер.
Қысқа мерзімді реттеулер – оның мақсаты – бірнеше айдың ішінде нәтижеге алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне әсер ету. Нарыққа өту жағдайында қысқа мерзімді реттеулер бағының шамадан тыс өсуімен күрес немесе инфляцияны тоқтату үшін қолданылады. Қысқа мерзімді реттеудің мұндай бағыты дефляциялық саясат деп аталады.
Ұзақ мерзімді реттеу – бірнеше және бойына нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету болып табылады. Нақты шаруашылық немесе белгілі бір әлеуметтік – экономикалық міндеттерді шешу үшін қолданылатын арнайы шаралар жиынтығы түрінде болатын мақсатты бағдарлама ұзақ мерзімді реттеудің барынша тиімді түрі т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет