Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Бекітуге арналған сұрақтар



бет32/42
Дата26.09.2022
өлшемі1.34 Mb.
#461358
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
oak ekteoriya (1)

Бекітуге арналған сұрақтар

1.ЭМР – дың әдістері.


2. ЭМР – дің қағидасы мен принциптерінін негіздеу, олардың өзгермелігі.
3. ЭМР – дің әдісі мен механизмі.
4. ЭМР методологиясы және оны әрдайым жетілдіріп отырудың қажеттілігі.
5. ЭМР әдістерінің құрамы және олардың объектісі мен мақсаттарынан туындайтын басымдылығы
Қолданылатын негізгі әдебиеттер:

  1. Менкью.Г., Тейлор, М. «Экономикс». 4 - Халықаралық басылымы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл.- 848 б

2 Куратко, Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика - 10-шы басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 480 б.
3 Шваб К. Төртінші индустриялық революция.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 200 б.
4 Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 768 б.
5 Хилл, Ч.Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке. - 12-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 720 б.
6 Бове, К. Қазіргі бизнес-коммуникация .- 14-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 736 б.
15 - Дәріс Мемлекеттің әлеуметтік саясаты


1. Әлеуметтік саясатты мәні, мақсаты мен міндеттері

2. Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері

3. Адами капиталды инвестициялау




Дәріс мақсаты:. Халықаралық қатынастардың басты формаларына шолу жасау. Халықаралық сауда және халықаралық сауданың тиімділігін бағалау теорияларын ашу.
Негізгі сөздер: Протекционизм саясаты, Фридредерство , Төлем балансы, сальдо, валюталық бағам


1. Кез-келген қоғам экономикалық, саяси және әлеуметтiк қатынастардың өзгеруi барысында дамиды. Әрбiр мемлекеттiң экономикалық дамуы оның тұрғындарының тұрмыс жағдайларының деңгейiнен көрiнедi. Экономикасы жоғары дамыған мемлекет ең алдымен халқының өмiр сүру жағдайын жақсартумен айналысады. Яғни, мықты экономикалық саясатпен қатар, әлеуметтiк саясатты қоса жүргiзедi. Өйткенi, егемен елiмiздiң тарихи-әлеуметтiк, саяси, экономикалық, мәдени даму жолдары ең алдымен оның халқының өсiп-өнуiмен байланысты.
Мемлекеттiң әлеуметтiк саясатының нәтижесi халықтың өмiр сүру деңгейiмен өлшенедi.
Мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты қоғам өмiрiнiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайларын реттеу жөнiндегi бағыттарының бiрi болып табылады.
Әлеуметтiк қорғау - мемлекет тарапынан халықтың материалдық және әлеуметтiк жағдайларын бақылайтын шаралар жиынтығы.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары:

  • Қоғамдық қатынасты үйлесімді дамыту, халықтың әр түлі топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру.

  • Халықтың материалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандыру, әлеуметтік мүдделерді теңестіру.

  • Халықты әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдік беретін әлеуметтік экономикалық құқықты қамтамассыз ету. Оның ішінде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлігіне қолдау көрсету.

  • Қоғамдағы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ету.

  • Қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету.

  • Әлеуметтік салаларды (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, тұрмыстық

үй т.б. ) дамыту.

  • Еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету.

Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеу әдістері қолданылады:

  • құқықтық реттеу – бұл барлық деңгейде қабылданған құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардағы міндеттердің орындалуы;

  • қаржы- несиелік реттеу – қаржы ағындарын реттеу құралдары, яғни әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте арнайы баптың қаралуы. Сондай-ақ бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар құру (зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру т.б.)

  • жекешелендіру - әлеуметтік саладағы кәсіпорындарды жеке меншікке беру шектелген, өйткені мұндай кәсіпорындардың шығындарын көпшілік жағдайда мемлекет өтейді. Сондай-ақ әлеуметтік саясатта төмендегі маңызды ұғымдар қарастырылады.

Әлеуметтік саясатты жүргізу құралдарына мыналар жатады:
Әлеуметтік кепілдік - мемлекеттің азаматар алдындағы, азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілктерін заңды түрде қамтамасыз ету.
Әлеуметтік стандарттар - бұл әлеуметтік қызмет көрсетудің әр түрлі формалары мен көлемдерін қалыптастыру. Бұл қаржы норматиытерін белгілеу үшін қажет. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар бірыңғай негізде және жалпы әдістемелік принциптерде жасалады.
Минималды тұтыну бюджеті тұрмысы төмен отбасыларына көмек беру үшін, сондай-ақ зейнетақы мен жалақының минималды деңгейін белгілеу үшін қолданылады.
Өмір сүру минимумы - бұл минималды табыс. Ол әлеуметтік саясаттың маңызды құралы. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, табыстар реттеледі және әлеуметтік төлемдер белгілегенде қолданады. Өмір сүру минимумы экономиканың белгілі деңгейінде адамның денсаулығын сақтау мен қызметке қабілетін қамтамассыз ету үшін қажет. Оның құрамына ғылыми негізделген азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны және салықтар мен міндетті төлемдер кіреді. Минималды өмір сүру минимумын анықтау үшін тұтыну қаржыны қолданылады.
Жалақының минималды көлемі квалификациясы төмен қарапайым еңбекке негзделген жалақының ең төменгі шегі. Оны басқа маман жұмысшылардың жалақысын белгілеу үшін қолданады.
Зейнетақының минималды деңгейі – нормативті актілер бойынша белгіленетін зейнетақының ең төменгі шегі. Ол минималды жалақы мен өмір сүру минимумына негізделеді.
Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары:
Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, яғни халықты материалдық және рухани игіліктерімен қамтамассыз ету. Ресейлік ғалымдар өмір сүрудің 4 деңгейін атап көрсетеді:
- молшылық - жан-жақты қамтамасыз етілген өмір, яғни өмір сүрудің жоғары деңгейі;.
- қалыпты өмір - адамның физикалық және интелектуалды күшін қалпына келтіру деңгейі;
- кедейшілік – еңбекке қабілетін сақтау мүмкіндігі;
- жоқшылық - бұл биологиялық критерий бойынша өмір сүру.
2. Әлеуметтiк қорғау - бұл қолайсыз жағдайларға (кәрiлiк, мүгедектiк, денсаулық жағдайы, асыраушысынан айырылған немесе жұмысынан айырылуы) байланысты экономикалық белсендi бола алмайтын және лайықты еңбек ақы төленетiн еңбекке қатысу жолымен өзiн табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшiн өмiрлiк қажеттi игiлiктердiң және әл-ауқаттың белгiлi бiр деңгейiн қамтамасыз етуге арналған жүйе. Әлеуметтік қорғау- мемлекет тарапынан халықтың материалдық және әлеуметтік жағдайларын бақылайтын шаралар.
Әлеуметтік қорғауға қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтардың қалыпты тіршілік әрекетінің кепілді деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесі жатады. Әлеуметтік қорғау қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, ішкі жалпы өнімнің көлеміне, қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты.
3. Қоғамда табыс теңсiздiгi әрдайым болады. Ал рыноктi экономика жағдайында мемлекет әлеуметтiк қолдауды қажет ететiн халықтың барлығын қамтамасыз ете алуы екi талай. Сондықтан да адамди капиталға инвестициялауды әлеуметтiк саясаттың негiзгi бағыттарының бiрi ретiнде қарауға болады. Бiрақ, мемлекет қазiргi даму сатысында адамди капиталға инвестиция қажет екендiгiн әлi толық сезiне алмай отыр.
Рыноктi экономикасы дамыған елдердiң тәжiрибесiнде экономикалық даму стратегиясының ең тиiмдiсi адами капиталға инвестициялау болып табылады.
Адамди капиталға инвестициялауды әртүрлi деңгейде қарастыруға болады.



Аталған деңгейлердегi инвестициялық салымдар бiлiм алу, денсаулық, кәсiби бiлiктiлiктi жоғарылату бағыттарын қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет