Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту-әрбір оқушының бірегей маңызын және оның оқу траекториясының дербестілігін тануға негізделген оқыту.
Желілік технология-оқушылардың оқу әдістемелік материалдары мен және оқытушы, әкімшілік, оқушы араларындағы интерективті өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге арналған.
Инновация-педагогикалық (жаңаны енгізу) білім беру ортасына оны жеке бөліктерін, компоненттерін және тұтастай білім беру жүйесінің сипаттамаларын жақсартуға бағытталған тұрақты элементтерді енгізетін, мақсатты көздейтін өзгеріс.
Информология-әлемді ұғынудың жалпы категорияларының бірі кеңістік пен уақыт, материя және қозғалыс, энергия және энтропия мен қатар, сондай –ақ, жердегі өмірдің шарты затымен энергия мен және космостағы процестердің негізгілерінің бірі ретінде қарастырылатын ақпараттық табиғаты, қасиеттері мен басқарылуы туралы ілім.
Достарыңызбен бөлісу: |