Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет43/138
Дата03.01.2022
өлшемі1.02 Mb.
#451312
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   138
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі

Дәріс 4.

Тақырыбы: Білім беруде АКТ-ы пайдаланудың әдістемелік қорлары

Мақсаты: Білім беруде АКТ-ы пайдаланудың әдістемелік қорларымен танысу.

АКТ-ны жаңаны үйрету, икемділікті қалыптастыру, жалпылау мен жүйелеу, білім мен икемділікті бақылап, есепке алу сатыларында пайдалану.




  • АКТ-ны жаңаны үйрету, икемділікті қалыптастыру

  • АКТ-ны жалпылау мен жүйелеу

  • АКТ-ны білім мен икемділікті бақылап, есепке алу сатыларында пайдалану

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі»- делінген.

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне республика міндеттерін көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.

Индустриалдыдан ақпаратты өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам дамуының негізгі факторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси – экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық – коммуникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдандыру мен қоғамдық қатынастар үрдістері айқындайды.

Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондықпоштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернетті, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. XXI - ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Өйткені, оқушы мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар іс жүзіндік білімнің алғышарттарын меңгеруі тиіс. Ал теориялық білімді өмірмен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.

Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту үрдісінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық – психологиялық тың мәселелері әлі толық шешілмеген. Дегенменде, біздің облыс оқушылары соңғы жылдардағы пәндік олимпиадаларда информатика пәні бойынша республикада бірінші, екінші және жүлделі үшінші орындарды иеленді.

Қазір бүкіл дүние жүзі біртұтас денеге айналып, ғаламдасу құбылысы жүріп жатқанда, әртүрлі байланыс жүйелері сол дененің жүйке, қан тамырларының рөліне айналған мына заманда интернеттік жүйені меңгермеген ел ерте ме, кеш пе дүние жүзінен келетін байланыс нәрін жоғалта бастайды. Түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттар ағымынан қалыспауда интернет, электронды пошта құралдарының атқарар қызметі мол. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі – оқушылардың интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау.

Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар етіп, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы білімін жетілдіре түседі.

Бұл іс қазір қолға алынған. Соның бірі облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтында өткізіліп жатқан барлық курс тыңдаушыларына арнайы «Компьютерлік сауаттылық» тақырыбында дәрістер оқылып жүр. Бірақ мектепте компьютерлік сауаттылығын одан әрі дамытуға компьютерлер жетіспегендіктен толық мүмкіндік бола бермейді. Сол себепті де информатика пәні кабинетінен басқа әр мектепте компьютермен сабақ өтуге, компьютерлік білімін жетілдіруге арналған кабинет болу керек. Бұл – қазіргі заман талабы.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер береді. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі – оны ЭЕМ жадында сақтау мүмкіндігі оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың ғылыми – педагогикалық, әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде.

Дербес компьютерде жұмыс істейтін пайдаланушыны дайындау информатика курсының негізгі мақсаттарының бірі. Пайдаланушының аса маңызды іскерліктерінің бірі- дайын программаларды өзінің іс- әрекетінің құралы ретінде пайдалану.

Информатика курсында іс- әрекеттің инверсиясы байқалуда: 20 жыл бұрын программист өзінің программаларын жасаудан бастады, содан кейін барып дайын алгоритмдер библиотекасын пайдалануға көшті. Бүгінгі пайдаланушы өзінің жұмысын дайын программалармен жұмыс істеуден бастайды. Сөйтіп, өзінің программасын құруға жетіспеуі мүмкін. Дайын программалық құралдар мысалына: дискілерді форматтау, антивирустық, тренажер және оқыту программалары жатады.

Қазіргі кездегі қолданылатын ақпараттық технологиялар білім берудің әдістемесі, мазмұны мен формасына айтарлықтай әсер ететіні байқалады. Оқушылар қазіргі замандық ақпараттық технлогияларды (дербес компьютер, Интернет сервистері, электрондық оқулықтар т.б.) белсенді түрде пайдаланады.

Информатика пәнін оқытуда мультимедиа және гипермедиа технологияларды пайдалану, оқытылатын программаларды көрнекі түрде демонстрациялау және бейнесабақтарды қолдану білім алудың тиімділігін арттыра түседі.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады.

Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналады. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланыста.

Компьютерді мектепте оқытуды практикаға енгізу әлеуметтік, экономикалық, теориялық және практикалық сипаттағы түйінді мәселелерге жол ашып отыр. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу қарқыны жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің қажеттігін алға қоюда.

Бұл мәселелерді шешудің бірден бір жолы – оқу процесін компьютерлендіру. Компьютерді оқу процесінде тиімді пайдалану үшін оны қолданылады. Мультимедиалық технологиялар – бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.

Мультимедиа құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын ақпараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады. Мультимедиа жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедиа технологияларын қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және де басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиалық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялары дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.

Мультимедиа технологиялары құралдарын оқу әдістемелік материалдары кешендерін жасауда қалай қолдануға болады? Оларға әр түрлі мультимедиалық эффектілерді жай мультимедиа мәтіндермен салыстырғанда қандай көлемде қосуға болады? Оқу құжаттарында мультимедиалық қосымшыларды пайдалануға шек қойыла ма? Осындай мультимедиа әсерлелерді шешу бағытында нақты зерттеу жұмыстарын жүргізу керек, өйткені гармонияны бұзу өте жақын, әсерлі қосымшаларды мультимедиалық эффектілерді шамадан тыс қолдану оқушылардың жұмыс қабілетін төмендетіп, оларды тез шаршатуы да ықтимал. Осындай сұрақтарға жауап беру оқыту ісіндегі шамадан асып шарықтауды болдырмау, оқу - әдістемелік материалдарын тек эффектілі түрде көрсетпей, оның тиімді жағын қамтамасыз етуі керек.

Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады.

Мультимедиалық технологиялар мұғалімдерге қалыпты оқыту жүйесінің бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудің интеллектуалдық түрлерін пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу материалдарының басты көлемін бұрынғыша беруді азайтып, жаңа тәсілдің жақсы жақтарын кеңінен қолдануға итермелейді.

Жаңа мультимедиалық технологияларға байланысты компьютерлік программаларды да көрнекі материал ретінде қолданып, тестер және бақылау жұмыстарын өткізіп, шығармашылықты дамытатын есептер шығарып, қашықтан оқыту сабақтарына қатысып, бұрынғы қалыптағы тәсілмен қоса компьютерде де жұмыс істеуді қатар атқарып, әрбір балаға бағытталған ойын сабақтарын, т.с.с жасау мүмкін болып отыр.

Қазіргі кезде жаңа информациялық технологиялар енгізу оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, компьютерді де тез игеруге жағдай жасап отыр.

«Технология» түсінігін қарап шықсақ, ол – «өнім шығару процесінде жүзеге асырылатын шикізат формасын, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, олардың қалып – күйін, қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы. Технологияның ғылым ретінде атқаратын міндеті – практикадағы ең тиімді өндірістік процесті анықтау және оны пайдалану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және де басқа заңдылықтарды анықтау». Оқытудың компьютерлік технологиялары – ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдарының жиыны.

Білім беруде компьютерлік технологияларды оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер, программалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындататын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор. Әрине, қазіргі компьютер мен интерактивті программалық - әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырылады. Ал мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың нәтижелік бақылаудың жаңа моделдерін (баяндама, есеп беру) іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек етеді. Мультимедиалық технологиялар білім алушының сезім компоненттеріне әсер ету арқылы тиімділігін арттыра отырып, оқыту үрдісін жандандыра түседі. Қазіргі таңда мультимедиалық технологиялар білім беру процесін ақпараттандырудың перспективті бағыты болып табылады. Программалық, әдістемелік және материалдық қорларды жетілдірумен қатар, ұстаздар құрамының білім сапасын көтеруде қазіргі ақпараттық технологияларды қолданудың ұтымды перспективасы көрінеді. Мультимедиа бұл қазіргі заманғы техникалық және программалық құралдардың интерактивті қолданылуы, ол текст, дыбыс, графика, фото, видеоның барлығын біріктіріп, оларды цифрлық түрде ұсынады. Гипермедиа бұл мультимедиалық объектілер арасындағы байланысты орнататын гипертекстік сілтемелері бар компьютерлік файлдар. Мектептерде компьютерлік сыныптарды ұйымдастыруда Интернет - технологиялар тартымды болып келеді , бірақ артықшылықтармен қоса , жетіспеушіліктер де бар: ол - байланыс желісіндегі ақаулықтар, байланыс мүмкіншілігінсіз жұмыс істеу. Бұндай ақаулықтарды оптикалық компакт дискілерді (CD ROM, DVD) қолданумен жойылады. Дайын бағдарламалық өнімдер , электрондық оқулықтар және кітаптар оқу нәтижелілігін жоғарылатады. Мұғалімнің ақпарат іздеуде, хабар алуында және әріптестерімен қарым - қатынаста көмекші құрал Интернет болып табылады.

Қазіргі кезде мұғалім сабақтағы оқушылардың танымдық белсенділік деңгейлерінің төмендеуі, дербес жұмыс істеуге және жалпы оқуға деген ниеттерінің болмауы сияқты мәселелермен жиі кездеседі. Балалардың оқуға деген назарларының жоғалу себептерінің бірі - сабақтардың бір түрлілігі екендігі сөзсіз. Күнделікті ізденудің жоқ болуы оқытуда үзіліске әкеледі , ал бұл тұрақтылықтың көрінуі балалар назарын қиратады. Сабақ құрылымына шығармашылықпен қарау, оның қайталанбастығы, әр алуандығы, түрлі әдістер мен формаларды пайдалануы нәтижелілікті қамсыздандырады. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамытудың тәсілдері өте көп. Осындай тәсілдердің бірі бейнефильмдерді және мультимедиа технологияларды қолдану, ол оқушылардың белсенділік дәрежесін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады және оқушылардың назарын аудартады.

Оқу орындарының жұмыс тәжірибесіне ақпаратты экрандық көрсетілім түрінде беретін видеоәдістің қарқынды енуі, оның жеке оқыту әдістемесі ретінде ерекшелеуге мүмкіндік береді. Бейнеәдіс оқытылатын материалды беру, бақылауды ұйымдастыру, бекітулер , қайталаулар үшін қолдануға болады, ол дидактикалық функциялардың барлығын табысты орындайды . Әдістің артықшылығы хабарды көрнекті қабылдатуында болып табылады. Осы әдістің оқыту және тәрбиелеу функциялары көрнекті бейнелердің әсер ету нәтижелілігімен ерекшеленеді. Көз алдына келген хабардың көрнекті түрде көрсетілуі қабылдауға өте қолайлы болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет