Дәріс 12.
Тақырыбы: Интернетте объектіге бағдарланған тәсілдің болашағы. Ауқымды желіде білім беру жүйесін тарату.
Мақсаты: Интернетте объектіге бағдарланған тәсілдің болашағы жайлы және ауқымды желіде білім беру жүйесін тарату мүмкіндіктерін қарастыру
Телекоммуникация туралы айтпас бұрын, алдымен коммуникация түсінігіне тоқталайық.
Коммуникация латынның "communication" сөзінен алынған, кез-келген (хабарлама, байланыс, тарату) ақпарат алмасуды білдіреді.
Материалдық қарым - қатынасқа қандай да бір физикалық объектілерді (транспорттық магистраль, газ проводтары т.б.) таратуға байланысты процестер жатады.
Ақпараттық - бұл ақпаратты таратуға байланысты процестерін біріктіреді:
Баспа қарым-қатынас - кітап, журнал, баспалар арқылы;
Аудиториялық қарым-қатынас - лекция, театрлар, концерт залдары;
Видео қарым-қатынасына - видеобейнелер, теледидар, кино;
Аудио қарым-қатынас - радио, грамжазбалар, телефон;
Компьютерлік қарым-қатынас - тасымалдаушылар: дискеттер, дискілер, компьютерлік байланыс құралдары.
Ақпараттық қарым-қатынас ортасы - бұл ақпараттар алмасуындағы шарттар мен құрылғылардың жиынтығы.
Компьютерлік қарым-қатынас ортасы - бұл компьютер көмегімен ақпарат адамдар арасында құралдары мен шарттарының жиынтығы.
Телекоммуникация - бұл компьютерлер негізінде қашықтан мәліметтерді тарату.
Компьютерлік желілерді аппараттық-программалық қамтамасыз ету
Достарыңызбен бөлісу: |