Лекция№7: Әкімшілік түрде орындау тәртіптері.
Жоспар
Басқару үрдісі және оның сатылары.
2. Жекеленген құқықтық актілер.
3 Басқару қатынастары және оларды сыныптау.
Лекцияның мәтіні
1.Басқару үрдісі және оның сатылары.
Ұйымдастыру іс-әрекеті мен операциялардың жиынтығын әкімшілік процедуралар құрайды, ол арқылы:
А) өкіметті мемлекеттік органдар мен функциядағы лауазымды адамдардың шешім қабылдау және оны орындау және оны хаттау;
Б) мемлекеттік аппараттың жұмысын ұйымдастыру процедурасы;
В) азаматтардың құқығын іске асыру қарауларын тексеретін процедуралар, сонымен қатар азаматтардың заңды мүддесі мен құқығын әкімшілік түрде қорғау құқығын тексеретін процедуралар тиянақталады.
Ал заңды актілермен реттелмеген әкімшілік процедураларын Қазақстан Республикасы Президенттің іс-әрекетінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қолдана алады, олар мемлекеттік органдардың басшыларының жұмысын, Президентке бағынышты және есеп беретін, парламент палатасының аппараты, сонымен қатар Республикалық атқарушы органдар осы әкімшілік процедураларды қолданады.
Мемлекеттік басқарудың мазмұнының барлық элементтері басқаратын процесске жатады, мемлекеттік органның компетенциясы басқарудың функциясы мен мақсатына жетудегі жасалатын өндірістік бағытты ашады. Бұл жерде мемлекеттік органның функциясы, жұмыс істеу әдістері мен түрлерін өзі тиянақты бір сырында көрсетеді. Басқаратын жұмыс бағыты басқару теориясының басқару циклы деп аталады. Бұл жерде басқару іс әрекетінің бір бірімен логикалық жүйеде болуы, басқаратын процесстің бір толық циклде болуын қамтамасыз етеді. Бір жағынан басқаратын цикл уақытынша жүйеліліктен есептелсе, басқа жағынан ол өзіне мемлекеттік органның нақты функцияларын орындайды. Мақсатқа жету жолдары мен шаралары бойынша дайындық жұмыстары біткен уақытта келесі сатыда ары қарай жасалатын жұмыстардың бағдарламасы жасалады. Ұйымдастыру іс-әрекетінің нақты бағдарламасы жасалады. Бұл жерде басқаратын шешімдер бөліктері көрсетіледі, ол шешімдерді жетілдіру үшін бағдарлама “құрылыс материалы” ретінде болады. Басқарудың обьектісі нақты белгіленгеннен кейін дайындық жұмыстары аяқталады. Бұл жұмыс болашақтағы заңды нормадағы құқықтық актілерін дайындаудағы қорытындысы болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |