Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Басқару қатынастары және оларды сыныптау



бет24/52
Дата20.05.2022
өлшемі1 Mb.
#458059
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52
мемлекет кызм баскару

3. Басқару қатынастары және оларды сыныптау.
Басқаратын қатынастар өзінің мемлекеттік органдарының іс-әрекеттерінің басқару істеріндегі бірегей маңыздысы бола отырып, оның негізіне құқықтық негіз береді. Мемлекеттік басқарудың спецификасы болып қатынастың шекарасын айқындауын, пайда болуын, өзгеруін және мемлекеттік органның компетенциясын іске асыруын тоқтатуын анықтайды. Осыған байланысты басқаратын қатынастар жағынан мемлекеттік органдардан басқа тағы да азаматтар, мекемелер, ұжымдар, ұйымдар, қоғамдық және басқа бірлестіктер іс-әрекеттері мен мүдделері бір-бірімен байланысты органдар кіреді. Осының бәрі мемлекеттік басқарудың қатынастарының жіктелуіне ықпалын тигізеді. Басқару әсері мен түріне басқару субьектісі мен обьектісі арасындағы қатынасты, олардың бағытына қарай (бұл жерде өзара құқық пен міндеттедің арақатынасы) мемлекеттік басқару саласындағы мынадай құрылым арқылы көрсетуге болады.
Олар субьектілі-обьектілі және ішкі субьектілі болып бөлінеді. Бірінші қатынас негізгісі болып келеді, себебі бұл жерде басқарушының қоғамдық мүддеге деген көңілі толығымен бөлінеді. Бұл жерде басқарушының қоғамдық мүддеге деген көңілі толығымен бөлінеді. Бұл жерде мемлекеттік органның функциясы мен өкілеттілігі басқару обьектісіне бөлінген (азаматтар, қоғамдық бірлестіктер және т.б.). Ал, екінші топқа келетін болсақ, ол мемлекеттік-басқарушылық қатынастар, олар басқарудың ішкі жүйесінде қаланады (ішкі аппаратта, ішкі салалық, өзара салалық). Олардың мүддесі басқару субьектісінің іс-әрекетін ұйымдастыру болып келеді, олардың құрылымдық бөлімшелерінің бірге жұмыс жасауын және координациясын қамсыздандыруға, сонымен қатар мемлекеттік аппараттың барлық жүйесімен қатар, бөлек органдардың да басқару кіреді.
Мемлекеттік басқарудың механизмінде үлкен маңызына қарай басқару қатынастарын мынадай тізбеде көрсетуге болады:
1. Мемлекеттік орган және азаматтардың өзара қатынасы.
2. Мемлекеттік орган және соларға тікелей бағынышты обьектілердің өзара қатынасы.
3. Мемлекеттік орган және оған бағынышты емес обьектілермен өзара қатынасы.
4. Мемлекеттік органдардағы ішкі аппараттық қатынастар.
5. Ішкі салалық қатынастар.
6. Өзара салалық қатынастар.
Проблемалық ситуациялық қатынастар және оны талдау.
Бұл басқаратын циклдың соңғы сатысы қоғамның актуальды дамуын табудан, оның өмірдегі іс-әрекеттерінің салаларындағы (экономикалық, әлеуметтік сала, әкімшілік саясаттық құрылыс) және де нақты басқару обьектілері мен салаларына байланысты. Проблемалық ситуациялар мемлекеттік органдардың өзіне тән функцияларын практикалық жазықтықта қамтиды. Мемлекеттік органдардың, олардың компетенциясын есепке ала отырып, проблемалық ситуацияларды талдау жүргізеді. Және басқаратын керекті шешімдер ізделеді, айтып өтілген мемлекеттік органдардың функциясын ол нақты белгіленген іс-әрекеттер, олар өзіне тән заттың қасиетін және бір ғана мемлекеттік органның басқару обьектісіне ғана арнайы бекітіледі. Мемлекеттік орган тек өзінің компетенциясындағы шешілетін өзекті мәселелерін ғана анықтайды. Мемлекеттік органның құрылысындағы өзінің орны мен роліне қарай мәселелері үлкендігі және олардың құқықтық шешілу жолдары айқындалады. Ал талдаудың ғылымдағы іс-әркеттер тану жолдараның бірі деп алса, онда ол басқару обьектілеріндегі істердің нақтылы жағдайларын және ол қоғамдық практикадағы шешілмеген сұрақтары, қойылған шектерден аспауын айқындайды.
Мақсаттың қойылуы. Бұл сатыда мемлекет басқаруының нақты мақсаты тұжырымдауымен байланысы қоғамның дамуының қажеттілігіне байланысты , кейбір бөлек ортаның саланың басқару обьектілерінің қажеттілігін алдын ала зерттеу негізінде мақсат қойылады, басқаша айтқанда қоғамдық практиканың қажеттілігі мемлекеттік басқарудағы адекваттық қалыптастырудың негізі ретінде болады.
Мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдерін талдау. Бұл басқару циклындағы сатының мақсатының басты бағыты ол мемлекеттік басқарудағы субьект барлық ұйымдастыру іс-әрекеттерін өндіреді, ол алдағы қойған мақсатқа жетудің өзінің септігін тигізеді. Ол ең бірінші кадрлармен қамтамасыз ету мақсатына байланысты болады. Кейбір мәселелерді шешуге оның сапасы мен деңгейі және мемлекеттік басқаруда көбінесе басқару кадрларына , олардың білім деңгейіне, квалификациясына, тәжірибесіне тікелей байланысты. Сондықтан кадрларды таңдау, оларды оқыту, тиімді ұйымдастыру, қабылдаған шешімдер мен қойылған мақсаттарды тиімді шешудің бірден бір шарты болып келеді, орындаушылардан басқа (адам ресурсы) басқа да керекті ресурстарды табу керек (қаржылық, материалды, ақпаратты және т.б.) әрине, дұрыс және нақты саралау басқару циклының басқа да сатыларына өзінің үлкен септігін тигізеді.
Сондықтан жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың төменгі органдар мен ұйымдарға ішкі бақылау жүргізуін қамтамасыз етеді. Мысалы: Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан атқарушы органдардың іс-әрекетін (министрліктер, агенстволар және т.б.) бақылауға алынады. Ішкі бақылау тек мемлекеттік органның әдейі өкілеттілігімен қамтамасыз етіледі. Ол тек Қазақстан Республикасының Премьер- Министрінің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығына сәйкес орындалады.
Басқаратын қатынастар қоғамдық қатынастардың бір түрі болып келеді. Сондықтан ол адамдар қоғамның бірден-бір алғашқы шарты болып келеді және қоғамдық тәжірибенің маңызды жағы болады.
Басқаратын қатынастар қоғамдық қатынастардың айрықша ерекше түрі болып келеді, бұл жерде адамдар екі арнайы обьекті және субьекті басқаратын статуспен көрестілген. Мемлекеттік басқару саласында қоғамдық қатынастардың түрлері белгіленеді, ол бір жағы (мемелкеттік орган) өзінің функциясы мен өкілеттігі белгіленген, яғни ол қоғамдық өмірге байланысты, ал екінші жағынан бірінші обьект басқаруына ықпалын тигізеді. Әлеуметтік басқарудың түрлері өзін «субьект-обьект» формуласы айқындайды, ол өзіне мемлекеттік басқарудың көптеген салаларын біріктіреді және қоғамдық жүйенің әр түрлі компоненттерін бір біріне әсерін қамтамасыз етеді.
Басқаратын қатынастар жігерлі қатынастар болып келеді, себебі мемлекеттік басқару адамның сапасы мен мінез құлқына әсер етумен байланысты. Басқару дегеніміз- саналы, әлеуметтік, әлеуметтік қажетті және субьектінің мақсатқа сәйкестілік іс-әрекеті болып табылады. Адамдардың құқық субьектілігі сондықтан да басқа қатынастар ішінде жігерлі қатнастар болып ерекше бөлінген. Бұл шарт адамның жігерінің басқаратын қатынастарда қатысушы болуының анықтамасы болып келеді. Бұл жерде көрінетіндей, жүйке ауруымен ауыратын санасында өзгерістері бар азаматтар өзінің құқығы мен міндеттерін саналы түрде орындай алмайды, сондықтан ол мемлекеттік басқаруда көп кедергілер алып келуі мүмкін және де егер сотталған, жарым жанды немесе әрекетке қабілетсіз деп табылса, ол басқаратын қатынастарға араласа алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет