Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Жекеленген құқықтық актілер



бет23/52
Дата20.05.2022
өлшемі1 Mb.
#458059
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52
мемлекет кызм баскару

2. Жекеленген құқықтық актілер.
Мемлекеттік қызметке шешім қабылдау барысында жекеленген құқықтық актілер қабылдайды. Жекеленген құқықтық актілер жазбаша белгіленген ресми құжат ретінде болады және де ол бір рет қана пайдаланатын не белгіленген уақытқа ғана беріледі немесе белгілі бір адам не бірнеше адамға заңға сәйкес тәртіппен белгіленген нақты уақыт мезгіліне ғана жасалады, не белгілі бір адамға заңға сәйкес әрекетке шектеулі адамдардың құқығы мен міндеттерін өзгертуге, тоқтатуға, тиянақты пайдаланады. Бұл тұрғыда жекеленген құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Заңдарына енбейді , сонымен қатар нормативтік құқықтық актілерге де жатпайды. Оның қабылдануы да, тіркелуі де, орындалуы мен бақылау процедурасы да өзгеше болып келеді.
Мемлекеттік органдардың қабылдаған құқықтық актілердің келесі реквизиттері болуы керек:
1) жекеленген құқықтық актінің аты.
Бұл жерде қабылданатын актінің түрлері көрсетіледі. Ол қаулы, бұйрық, жарлық болуы мүмкін.
2) қаралатын актінің тақырыпшасы
Қаралатын актінің тақырыпшасы болып – жедел басқарылатын белгілері бар сұрақтары болуы мүмкін, ол мемлекеттік органның не лауазымды тұлғаның компетенциясына байланысты сұрақтар.
3) актінің қабылдау уақыты мен орны. Бұл реквизиттің мемлекеттік органның орналасқан жерінде қабылданған актісі туралы өте маңызы зор болып келеді. Бір жағынан актінің қабылданған күні басқа актілермен салыстыру керек кезінде ескеріледі.
4) қаралатын актіге қол қоятын адам.
Егер құқықтық акт бірнеше мемлекеттік органдармен қабылданса, онда оған сол өзінің орнына сәйкес өз дәрежесіне лайық өкілетті адамдар қол қоюы тиіс.
5) органның мөрі.
Құқықтық актінің заңды күші бар екенін мөрі арқылы білуге болады.
Келесі әкімшілік процедура құқықтық актілердің орындалуын ұйымдастыру болып келеді. Құқықтық актілердің орындалуын ұйымдастыру туралы біз басқаратын цикл сатысында айтып өттік. Бұл жерде ұйымдастыру жұмыстары және оның орныдалу жекеленген құқықтық актілер арқылы жасалады. Бұл әкімшілік процедура ең керекті, жауапкершілікті, анықтаушы болып табылады: ол бір бірімен қатынастағы жиынтықтан тұрады.
Бақылаудың бірнеше түрі анықталады.
1. Құқықтық актілердің орындалуын бақылау. Бұл бақылау құқықтық актілердің орындалуына байланысты ұйымдастырылған іс шараларды бақылауға алады. Құқықтық актілердің орындалуын толық қамтамасыз ету бақылауға алынады.
2. Қызметіне байланысты қабылданған құжаттарды мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдардың берген тапсырмаларын бақылау. Бұл жерде жоғары тұратын лауазымды адамдардың нақты техникалық және ұйымдастыру іс-әрекеттеріне байланысты өзіне бағынышты қызметкерлерге өз құзіретіне лайық жарлықтары кіреді. Қызметтік құжаттардың негізінде бағынышты қызметкерлердің жұмыс тәртібіне, орындалу мерзімі, құрылым бөлімшелері, лауазымды нұсқаулар және нақты орындаушылардың толық әрі уақытылы орындалуына бақылау жасайды.
3. Ішкі аппараттық бақылау, яғни мемлекеттік органның ішінара жұмысына байланысты. Бұл жерде бақылау мен орындалудың тәртібі мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды адамдарымен ұйымдастырылады, олар құқықтық актілердің уақытылы және сапалы орындалуына өздерінің жоғары органдары арқылы белгіленген жауапкершілікпен қарайды. Мемлекеттік органның регламентін сақтауға бақылау жасайды.
4. Сыртқы бақылау, басқа мемлекеттік органдардың іс -әрекеттері бақылауға алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет