Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет19/33
Дата04.10.2022
өлшемі1.02 Mb.
#461922
түріПрограмма
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
УМК Web.тех Инф каз

Негізгі әдебиет: [1]-31-800 б, [2]-15-600 б.
Қосымша әдебиет: []- б, []- б.
Бақылау сұрақтары:
1. JavaScript тілі не үшін қажет?
2. JavaScript тілінің интерпретаторы қай жерде орналасқан?
3. JavaScript тілі объектті-бағыттталған тіл болып табылады ма?
4. Скрипт жазуының синтаксисі?
5. Скрипт құжаттың қай бөлімінде безендіріледі?


4.2 JavaScript: басқару құрылымдары. (2 сағат).
Іf/ else таңдау құрылымы. While қайталану құрылымы. For қайталану құрылымы. Switch көп таңдаулы құрылымы. Do/while қайталану құрылымы. Break және continue операторлары.
Программаны құру кезінде кейбір шарттарды тексеру нәтижесіне байланысты әртүрлі қозғалыстардың орындалуы қажет. Тармақталуды ұйымдастыру үшін шартты операторлармен қолдануға болады, оның түрі:
If (логикалық тип өрнегі){1 оператор}else{2оператор} немесе қысқартылған түрі
If (логикалық тип өрнегі){1 операторы}
Шартты оператордың орындалуы былай жүзеге асады: өрнек мәні есептеледі, егер ол шын болса 1 оператор, егер теріс болса 2 оператор орындалады немесе басқару келесі командаға беріледі.
Есепті шешу кезіндегі жағдайларда бірнеше мүмкіндік құбылыстардың бір нұсқасын таңдау қажет. Switch оператормен қолдану ыңғайлы, Switch операторының синтаксисі келесідей:
Switch (өрнек)
{Case L1: 1оператор;
case L2: 2оператор;
…………
case Ln: n оператор;
default : операторлар
}
L1, L2,... Ln литералдар
Қосқыштың орындалуы келесідей: өрнек мәні есептелінеді. Егер мән L1-ге тең болса, онда 1 оператор орындалады, содан кейін қалған барлық операторлар Break бірінші операторына дейін немесе Switch операторының соңына дейінгі орындалады. Егер мән L2 тең болса, онда 2 оператор орындалады, Break бірінші операторына дейінгі, немесе Switch операторының соңына дейінгі барлық операторлар орындалады. Егер өрнек мәні L1, L2 ... Ln ешқандай мәніне тең болмаса, онда өздігінен операторлар орындалады. Default бөлігі жоқ болуы мүмкін.
Барлық программалау тілдері циклдармен байланысты. JavaScript -та циклдың екі түрі болады: While және For. Екі сөзбен айтқанда For циклы қайталау мөлшері белгілі болғанда қолданылады.
Оператор синтаксисі:
For(инициялизация; цикл жалғасының шарты; түрлендіру){операторлар}
While циклі команданы қанша рет қайталау керек екендігін білу үшін.
Оператор синтаксисі: While (шарт) {операторлар}
Do {оператор} While(шарт);
Break және continue операторлары басқару тобын өзгертуге арналған. Break операторының орындалу нәтижесінде While, For, Do\ While немесе Switch құралдарымен құрылымнан тез арада шығу орындалады. Орындалу осы құрылымнан кейінгі бірінші оператордан кейін жалғасады. Әдетте Break операторы циклдан жедел шығу үшін немесе Switch қалған құрылым операторларын өткізу үшін қолданылады. While, For, Do\While құрылымындағы continue операторының орындалуы құрылым денесіндегі қалған операторлардың өткізілуіне және цикл итерациясының келесі орындалуына әкеліп соғады. While Do\While құрылымындағы continue операторы орындалғаннан кейін бірден циклдың жалғасу шарты тексеріледі. For құрылымында түрлендіру өрнегі орындалады, содан кейін циклдың жалғасу шарты тексеріледі.
For…in операторы обьект қасиетін талдау үшін қолданылады. Оператор синтаксисі:
For(i in t){S}
Мұндағы і – цикл айнымалысы; t-обьект; S- оператор тізбегі. Цикл операторының орындалу нәтижесінде обьектінің қасиеттерін жиналуы орындалады. Цикл айнымалысы әрбір қайталау кезінде обьект қасиетінің мәніне құралады. S цикл денесінің қайталану мөлшері t обьектісі үшін анықталған құрам санына тең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет