1.2 WWW пайда болу тарихы. Кіріспе. WWW пайда болу тарихы. Клиент-сервер технологиясы. Қарау программалары (браузерлер). Web – серверлер. URL. Домендік есім. IP– адрес. (2 сағ).
Интернеттің өте атақты қызметі – Бүкілдүниежүзілік тармақ. Web негізін қалаушы Тима Бернеса-Ли. Ол алғашқы рет ақпаратты жүйеге “байланысты” идеяны қалыптастырды. Ақпаратты иерархиялық сақтау керек емес болды, гиперсілтемеге сынау жұмыстары жүргізілді.
WWW – Интернеттің бірнеше протоколдарын ұстайтын және өлшеуіш тілдерін қолданатын интерактивті, мультимедиялық, гиперсілтемелік орта. Оны желідегі компьютерде сақталатын үлкен гипермедиақұжаттар жиынтығы деп білуге болады.
Web қарау қызметтеріне қатынау үшін браузер деп аталатын арнайы программа қолданылады. Бірінші браузер - Mosaic. Қазіргі уақытта ең көп таралған браузерлер: Netscape Communications – Netscape Navigator фирмалары және Microsoft - Internet Explorer (IE) фирмасы. Браузерлер пайдаланушымен екі тәсілде әрекет жасайды:
- негізгі – қажетті ақпарат алу үшін сұраныс енгізеді, оны Интернеттен автоматты түрде көшіреді және монитордан экранына шығарады;
- браузердің өзімен басқару – құжаттың орналасу орнын енгізу, кезектегі бетті баспаға шығару, артқа қайту немесе көріністі үзу.
WWW – бұл Web-браузерлер арқылы қол жетуге болатын ақпараттар жиынтығы. WWW технологиясы Internet ресурстарда орналасқан және басқа беттермен байланыстыруға мүмкін болатын гиперсілтемелермен қолданушыларға беттер құруға мүмкіндік береді.
WWW идеясы 1983 жылы Женевада CERN зертханасында пайда болды. Онда Тим Бернерс-Ли бір компьютерден екінші компьютерге ақпаратты таратудың, жеткіздің жәй тәсілін іздеген болатын. Және де ол тәсіл әртүрлі операциялық жүйелерде, мысалы UNIX және Windows жұмыс істейтін екі компьютер арасында ақпаратты жеткізу мүмкін болатын тәсіл. Бұл тәсіл 1992 жылы жалпыхалықтық сотқа ұсынылды. Тура осы жылды Интернет желісі пайда болған жыл деп айтуға да болады.
Қазіргі уақытта Интернет технологиялары мен стандарттарының өсу қызметінің үлкен бөлігі CERN-нен Интернет-консорциум басқаруына көшті.
WWW туралы көп білу үшін немесе білгіңіз келсе, онда мына адрес бойынша http://www.w3.org осы ұйымның Web-бетіне кіруіңізге болады.
WWW 3 типке негізделеді:
- URL (Uniform Recourse Locator, ресурстың унифицирленген көрсеткіші);
- HTTP (Hyper Text Transfer Protocol, гипермәтін жеткізу протоколы);
- HTML (Hyper Text Mark-Up Language, Гипермәтін өлшем тілі).
URL – бұл желідегі кез-келген ресурстың уникальді адресі. Желідегі әрбір беттің өзінің уникальді URL – адресі бар. Мысалы: http://www.w3.org. URL-да біріншіден протокол есімі, содан кейін екі нүкте, екі қисық сызық, сервер есімі (біздің жағдайда w3.org), ресурсқа жол (бөлінгіш ретінде «/» қисық сызықты қолданамыз). Бірақ біздің жоғарыдағы мысалымызда ресурсқа жол көрсетілмеген.
HTTP – компьютер-клиентпен компьютер-сервер арасындағы ақпаратты алмастыру үшін қолданылатын протокол. Сізге ақпаратпен жұмыс істеуде бұл протоколды білудің тіптен де қажеті жоқ.
HTML – бұл тілде барлық беттер жазылған, мұны арнайы тарауда қарастырамыз.
Егер сіз дәл қазір HTML-ді қандай түрде көргіңіз келсе, онда тышқанның оң жағын шертіңіз де «Просмотр в виде HTML» деген пунктіні таңдаңыз. Сонда бұл беттің HTML –коды блокнотты ашылады.
Пайдаланушы сілтемені басқан кезде, браузер URL адресі бойынша құжатты желіден іздейді, тапқан кезде оны пайдаланушының компьютеріне жүктейді және бетті HTML –да түрлендіріп (интерпритирлеп) көрсетеді, яғни қазір сіз оын экран мониторынан көріп отырсыз. WWW жұмысы дегеніміз, міне осы.
URL (Uniform Resource Locators) – нақты Web–бетті көрсету үшін қолданылатын идентификатор ресурстың әмбебап адресі деп аталады. Браузер бетті көрсету кезінде экранға оның адресін де шығарады.
Web жұмысы клиент-сервер технологиясына негізделген. Интернет арқылы Web – бет көшірмесін алу үшін, алыстағы сервермен қосылатын қарау программасы клиент (жеке) болып табылады. Сервер сұранысқа жауап ретінде сұрап отырған бетпен бірге қосымша ақпарат жібереді. Бұл қосымша ақпарат сұрап отырған бетті қандай көріністе көрсетуді сипаттайды, онда бетте орналасқан әр сілтеме үшін URL көрсетілген. Браузер серверден Web – бетті алған соң, оны экранға шығарып және пайдаланушы белгіленген элементтердің біреуін таңдағанға дейін күтеді. Браузер таңдап болған соң жасырын қосымша ақпаратты қарап және ондағы керекті URL-ді табады. Содан кейін программа пайдаланушымен таңдалған жаңа бетті сұрайды.
Әрбір URL ақпарат бетінің орналасу орнын бір кезде идентификациялайды, яғни компьютердің есімін, содан кейін осы компьютердегі сервер есімін, сол сияқты Web – беттің аталуын көрсетеді
URL негізгі құрама адрестері: 1 бөлім – протоколды анықтайды; 2 бөлім – компьютердің домендік есімі, бірінші бөлімнен : (қос нүкте) және екі қисық (//) сызықпен бөлінген. Мысалы: http: //www.w3.org/ html.
Домендік есім – символдық адрестеу тәсілі. Домендік есімге кіретін, нүктемен бөлінген және иерархиялық реттелген домендер. Жоғарғы деңгейдегі домен оң жақта орналасқандықтан, домендік есімдер оңнан – солға қарай оқылады. АҚШ-нан басқа барлық жерде, жоғарғы деңгейдегі домен елдің коды болып табылады. Мысалы, .de - Германия, .jp - Жапония, .ch - Швейцария, .kz - Қазақстан, .ru – Рессей. АҚШ- да жоғарғы деңгейдегі домендердің альтернативтік жүйесі бар:
.com – Интернеттің Бүкілдүниежүзілік коммерциялық аумағының коммерциялық серверлері үшін;
.org – коммерциялық емес ұйымдар үшін;
.net – желі үшін;
.gov – мемлекеттік және үкімет орындары үшін;
.edu – оқу орындары және білім беру орталықтарының желісі;
.mil – әскери ұйымдар.
Домен – бұл Интернеттің нақты логикалық деңгейі, т.с.с өз желілік станциясын басқаратын және жеке есімі бар желілік ресурстар тобы. Интернетте пайдаланушы машиналарға керекті компьютерді іздеуге DNS – сервер программалары көмектеседі. Онда енгізілген URL бойынша керекті IP адрес ізделінеді.
IP – адрес. Интернетке қосылған әр компьютер IP – адрес көмегімен, нүктемен бөлінген 4 ондық санмен 0 ден 255 (октеттер), 195.85.102.14. идентификацияланады. Компьютерлердің Интернетке қосылған мұндай жазба адрестерін TCP/IP стандарты деп білуге болады.
Егер компьютердің көзқарасымен алып қарасақ сай дегеніміз – ол форматы браузермен анықталатын арнайы файлдардың (беттердің) жинағы.
Беттер дегеніміз - html немесе .htm кеңейтілуімен белгіленетін файлдар. Бұл кеңейтілулер браузерге жіберілетін және олармен түсінілетін ерекше форматтағы файлдар екенін білдіреді. Бұл формат HTML – депаталады. Беттер HTML (Hyper Text Mark-Up Language) гипермәтінді өлшем тілінде жазылады.
Web-бет – бұл қарапайым html немесе .htm кеңейтілуімен белгіленетін мәтіндік файлдар. Оларды қарапайым мәтіндік редакторда жазамыз. Яғни Блакнотта.
Достарыңызбен бөлісу: |