Негізгі әдебиет: [1] – 31- 80б, [2] – 15-60б.
Қосымша әдебиет: [] – б, [] – б.
Бақылау сұрақтары:
1. Web-ке анықтама беріңіз.
2. Желідегі құжаттың орналасуы немен анықталынады?
3. IP адрес не үшін керек?
4. Браузер не үшін қолданылады?
5 Келесі қысқартуларды оқыңыз: TCP/IP, FTP, HTTP, URL, WWW.
6. URL негізгі қызметін айтыңыз.
7. Домендік есім дегеніміз не?
ΙΙ. Дәріс тақырыбы: HTML – БАЗАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ (8 сағат).
Дәріс конспектісі:
2.1 Өлшеуіш тілдер. HTML. Синтаксис. Өлшеуіш тілдерінің берілуі. SGML. HTML – өлшемнің негізгі тілі. HTML – құжатының құрылымы. Тегтер (элементтер), атрибуттар, комментарии. Escape – тізбектелуі. (2 сағ)
HTML (Hyper Text Markup Language) - гипермәтіндік өлшеуіш тілі күрделі SGML (Standard Generalized Markup Language) өлшеуіш тілінің мүшесі болып табылады. HTML кез келген тілдер сияқты программа құрудың стандартты құрылымынан тұрады. Бұл жағдайда ол HTML – құжат. HTML – тег директивалары бұрыштама жақшаларына алынады. Бұрыштама жақшаға алынбаған барлық объектілерді интерпретатор экранда бейнеленетін мәтін ретінде қабылдайды. Тег – браузер интерпретаторына тиісті нақты әр директиваға мәнді қалай өңдеуді көрсететін HTML командасы. Бұл мән тег атрибуты деп аталады. Тегтің атрибуты болуы да, болмауы да мүмкін. Мысалы, <HTML> тегінің атрибуты болмайды.
HTML – құжаты қысқа түрде құжат тақырыбынан және құжат денесіне тұрады.
Синтаксис. HTML тегінің жалпы түрде барлық атрибуттарымен жазылу синтаксисі келесі түрде болады:
<тег атрибут аты1= “мән” атр_аты.2 = “мән” атр_аты.N = “мән”> өңделетін мән жабылатын тег>
Атрибут мәні тік жақшаға алынады. Тегтің барлығы жұппен болады: ашылатын және жабылатын; <тег> өңделетін мән тег>
Бірігу принципі қаралады:
<тег1> <тег2> өңделетін мән тег2> тег1>
HTML-құжаты — бұл *.html кеңейтілуі бар мәтіндік файл (Unix-жүйелері *.html кеңейтілу бар файлдан тұруы мүмкін). Қарапайым HTML-құжат:
Мысал 1
Достарыңызбен бөлісу: |