2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
Курстың тематикалық жоспары
«WEB – технологиялары» пәнін оқып-үйрену міндетті түрдегі дәрістік (2 кредит) және лабораториялық жұмыс (1 кредит), сонымен қатар студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ және СОӨЖ) және курстық жобаны орындаудан тұрады. Мұндай комплекстік сабақтар студентке программалаудың жаңа саласында терең білім алуға мүмкіндік береді.
Тақырыптардың аты көрсетілген пәннің тематикалық жоспары және сабақтың барлық түрі бойынша академиялық сағаттары (тақырыптары бойынша) 6-кестеде көрсетілген.
Кесте 6
Курстың тематикалық жоспары
Тақырып атаулары
|
Академиялық сағаттар саны
|
Дәрістер
|
Лабораториялық жұмыстар
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
1. Web - программалауға кіріспе
|
4
|
|
2
|
2
|
2. HTML - базалық технология
|
8
|
4
|
8
|
8
|
3. Dynamic HTML
|
8
|
4
|
10
|
10
|
4. JavaScript – клиенттік сценарийлар тілі
|
10
|
7
|
10
|
10
|
Барлық сағаттар
|
30
|
15
|
30
|
30
|
Дәріс сабақтарының тезистері
Ι. Дәріс тақырыбы: WEB - ПРОГРАММАЛАУҒА КІРІСПЕ (4 сағат).
Дәріс конспектісі:
1.1 Интернеттің даму тарихы. Кіріспе. Негізгі желілік қызметтер. ARPANET желісі. TCP/IP протоколдарының пайда болуы. Коммуникациялық АҚ мен ПҚ құрылуы. (2 сағат).
60-70 жылдары – LAN (Local Area Network) жергілікті желісі кең түрде дамыды. LAN технологиясы алыс емес қашықтықтарға өңделді. Нақты бір уақытта, жергілікті желілердің әртүрлі технологиялары бір-бірімен толық бірікпейтіні белгілі болды. Желі тұрғызудың жаңа технологиясы пайда болды. Ол үлкен географиялық аймақты байланыстыруға қажетті алыс қашықтағы желі немесе аймақты-таратылған WAN (Wide Area Network) желісі. Көптеген әртүрлі жергілікті аумақты таратылған желілер бар, бірақ олады көбісі бір-бірімен байланысты емес. Жай қарапайым әдіс арқылы екі желіні үлкен бір желіге келтіру мүмкін емес.
70 жылдардың аяғында АҚШ-ның қорғаныс Министрлігі электронды желі құру керектігін ойлады. АҚШ-та ғылыми зерттеулерді басқаруда жергілікті желі мен алыстағы байланыс желісін қосатын жаңа тәсіл ойлап табылды. ARPA (Advanced Research Project Agency) орталығы зерттеудің кілттік сұрағы болып табылады.
LAN WAN Internet.
ARPANet желісі - бір уақытта өңдеушілерге бір-бірімен дерек алмасуға мүмкіндік беретін стандартты желі және жаңа программалық қамтама мен қосымшаны құратын экспериментальды желі. Негізігі желілік протокол ретінде желіаралық IP (Internet Protocol) протоколы қабылданды. Интернеттің программалық қамтамасының екі бөлігі өте қажетті. IP программалары негізгі коммуникацияны қамтамасыз етеді. TCP программалары қосымшаны керекті мәліметтермен қамтамасыз етеді.
Интернеттің барлық коммуникациялық программалық қамтамасы жиынтығын TCP/IP деп атайды. Бұл программалар бірігіп жұмыс істейді, себебі олар біртекті жүйе иллюзиясын қамтамасыз етеді және нақты бір аппаратура қызметінің ерекшелігін жасырады.
80 жылдардың ортасында NSF (National Science Foundation) – АҚШ ұлттық ғылыми қоры ғылымға компьютерлік байланыстар керек екендігін және Интернеттің қызметін бағалап магистральды желіні ұсынды. Ал Калифорнияның Беркли Университеті желілік операциялық жүйе ретінде құрылған Unix операциялық жүйесін ұсынды. 1982 жылы Интернеттің бірінші прототипі пайда болды және TCP/IP – технологиясын тестілеу басталды. Осыдан кейін Интернет экспоненциальды түрде шарықтады.
Бір-бірімен өзара тығыз байланысқан компьютерлер тобы желіні құрайды. Internet – бұл әлем бойынша әр жерде орналасқан мыңдаған кіші желілерден тұратын өте үлкен, кең ауқымды компьютерлер желісі деп айтсақ қате емес. Компьютерді бір үлкен ағаштың жапырағы деп ойлаңыз: оның әр бұтағы көптеген жапырақтардан тұрады, сол сияқты көптеген компьютерлерден тұратын бұтақты – біз оны желі деп айтамыз. Яғни бұтақтың орнына желі, ол үлкен бір ағашты құрайды, ал ағаштан орман пайда болады емес пе, міне осыдан барып компьютерлік термин – Internet пайда болады.
Internet-тегі компьютерлер бір тілде «сөйлеседі», немесе пікір алмасады делік, ал ұл тіл протоколдарда бекітілген. Протокол деп – желідегі компьютерлердің өзара іс-әрекеті механизмін анықтайтын жалпы қабылданған ережелер жинағын айтамыз. Internet-тегі мәліметтермен алмасу үшін қолданылатын негізгі стандартты протокол болып - TCP (Transmission Control Protocol, Ақпарат алмасуды басқарудың протоколы) и IP (Internet Protocol, желіаралық протокол) табылады. Бұл бізге TCP/IP комбинациясы түрінде белгілі. TCP/IP желіден ақпарат алмасудың алдында ақпаратты тиянақты түрде кішкентай пакеттерге салып қояды. Әрбір пакет бейнеленетін ақпараттан тұрады, яғни ол қандай ақпарат, ол қайдан және қайда жіберіледі. Internet арқылы жіберу ол бір бөлмеге мозайканы оң жақ немесе сол жағына қарай құруы сияқты. Оларды тез жинап алу үшін оларды шашып тастағаннан кейін, оларды рет-ретімен тізбектей жинап алу болып табылады.
Енді бұдан ары қарай Internet жұмысын түсіндіріп жатудың қажеті жоқ сияқты, одан да ең негізгісіне келіп тоқталалық. Бұл технологияның негізгі үш түрін атап көрсетейік:
ақпарат орналасқан сервер;
оны қарауға мүмкіншілігі бар клиент;
оларды бір-бірімен байланыстыратын ақпарат алмасу протолы.
WWW қызметі үшін құрамында мәтін, графика, музыка және көптеген басқа да ақпараттар бар құжаттар компьютер-серверде орналасады. Ол клиенттің көмегімен қаралады және біріншіден екіншіге HTTP (Hyper Text Transfer Protocol, гипермәтінді жіберу протоколы) протоколы көмегімен беріледі.
Сонымен бірге, web-мастер үшін FTP (File Transfer Protocol, Файлдарды жіберу протоколы) протоколы өте маңызды. Оның көмегімен сайттар үй компьютерінен серверге сақтайды.
TCP/IP протоколдары әмбебап тиімді және қызметтің көп түрін ұстай алады. Интернет ашық жүйе болып табылады, сол сияқты TCP/IP программалық қамтамасын құру үшін керекті спецификациялары барлық пайдаланушылар үшін ашық.
Интернет – бұл глобальды ақпараттық инфрақұрылым. Бірақ ол көптеген қызметтерді ұсынғанымен интернеттің бас жетістігі - TCP/IР протоколдарында құрылған программалық қамтамаға негізделуі. Олар компьютерлік және желілік технологияларды, сол сияқты жаңа қызметтердің пайда болуын өзгертуге икемделген.
Клиент-сервер моделі. WWW қызметі мәліметтер алмасатын әртүрлі екі жүйенің өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруға арналған. Web-бетті жүктейтін жүйе клиент – деп аталады. Бұл үшін клиенттік жүйеде (негізінен қарапайым үй компьютерінде) Web-браузер деп аталатын программа-клиент жүктеледі. Яғни олар Netscape Communicator, Internet Explorer, Opera. Міне осылай Сіздің World Wide Web-ке қатынауға мүмкіндігіңіз бар. Web-браузер сізді бұл алаңда және Web –бетте барлық навигациялармен қамтамасыз етеді.
Web-байланыстың екінші ұшында Web-сервер деп аталатын жүйе орналасқан. Ол белгілі бір бетке клиенттік сұрау қабылдайды, оны жергілікті дискіде табады және Web-браузер клиентіне жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |