Қағаз ақшалар – тарихта қағаз ақшалар айналыста жүр-ген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Алғашқы қағаз ақшалар б.э. ХІІ ғ. Қытайда, 1960ж. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762 ж. Авст-рияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Қағаз ақшалар – бюд-жет тапшылығын жабу мақсатында шығарылады және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номи-налы құн болды.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар. Несие-лік ақшалар өз алдына келесілерге бөлінеді: вексель – белгілі бір соманы алдын-ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі, чек – ағымдағы шот несиенің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Электрондық ақшалар – компьютер тарапынан, ақпарат-тарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлем-дер жиынтығы.
Қазіргі кездегі ақша – үкіметке деген сенімге негізделген заңды ақша. Мемлекет олардың қарыз төлеу кезінде заңды тө-лем құралы екенін дәлелдейді. Қазіргі күні ақша келесі қызмет-терді атқарады:
Құн өлшемі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде бар-лық тауарлардың құнын өлшейді.
Айналыс құралы. Айналыс құралы қызметінде ақша та-уар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айна-лысы келесі процестерді қамтиды: тауар сату және тауарды са-тып алу. Бұл процесті арнайы формулада мынадай түрде беруге болады: Т (тауар) – А (ақша) – Т (тауар).
Төлем құралы. Түрлі жағдайларда тауар тек нақты ақша-ға ғана сатылмайтындығы белгілі. Кейбір жағдайда қаржылар-дың жетіспеушілігінен сатып алу және сату төлемі кешіктірі-леді, яғни несиеге беру қажеттілігі туындайды. Ақша төлем құ-ралы ретінде келесі қозғалыс формасында көрсетіледі: Т (тауар) – М (міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М (міндеттеме) – Т (тауар).
Қор жинау. Ақша оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сон-дықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тыры-сады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |