Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


П. Ф. Рокицкий (1882-1977)



Pdf көрінісі
бет23/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

П. Ф. Рокицкий (1882-1977)
 
Осы жылы генетика жеке ғылым болып қалыптасты деп есептелінді. 
Генетиканың тез дамуы да осы кезден басталды. Міне, осы уақыттан бастап 


30 
жасуша құрамындағы нәсілдік қасиеті бар материалдық заты, оның 
құрылысы, бөлшектігі, ұрпаққа берілуі, өзгергіштік заңдылықтары ашылып, 
ағзалардағы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің құпия сырын түсінуге 
мүмкіншілік туды. Осы зерттеулердің дамуында гибридологиялық талдау 
әдісінің үлкен маңызы болды. 
Г. Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары туралы ілім – 
менделизм деп аталады. Г. Мендель өз еңбегін өсімдікті будандастырып ұзақ 
уақыт тәжірибе жүргізу арқылы дамытты. Оның тәжірибені дұрыс қоя білуі, 
тәжірибесінің жемісті болуына ықпалын тигізді. Ол будандастыру үшін 
бұршақтың бір ғана нақты белгісі бар таза сортын алды (мысалы: пішіні, 
түсі) және кейінгі ұрпақтан пайда болған буданды дұрыс есептей білді. 
Мендель ұзақ уақыт тәжірибе жасау нәтижесінде бұршақтың 22 түрінен 10 
мың будан алды. Ол ең алғаш тұқым қуалау бірліктерін, әсерлерін ашты, бұл 
ереже кейін мендель заңы деп аталды. Кезінде ешкім назар аудармаған Г. 
Мендельдің шағын жұмысы ондағы ашқан тұқым қуалаушылық 
заңдылықтары қазіргі генетика ғылымының және өсімдіктер мен малдар 
селекциясының ірге тасы ретінде есептелінеді. Себебі Г. Мендель, біріншіден 
ағзаларда нәсілдік қасиетті сақтайтын зат жұп күйінде кездесетіндігі туралы, 
ал жыныс жасушаларында әр жұптан тек бір өкіл болатынын және сол 
нәсілдік заттың өзгермейтіндігі «таза» күйінде берілетіндігі туралы 
биологияда алғашқы пікір айтты. Бұл үлкен ғылыми көрегендік еді. Г. 
Мендельдің бұл пікірлері қазіргі тұқым қуалаушылық туралы ілімнің ғылыми 
негізі болып есептелді. Олардың дұрыстығы кейінгі ғылыми негізі болып 
есептеледі., ғылыми факторлармен толық дәлелденді. Сол сияқты Г. Мендель 
ашқан белгілердің тұқым қуалаудағы заңдылықтары да маңызын күні бүгінге 
дейін жойған жоқ, керісінше, шаруашылыққа тиімді кейбір белгілер 
бойынша нәтижелі сұрыптау жұмысын Г. Мендельдің заңдарын білмей
оларды басшылыққа алмай жүргізуге болмайды. 
Осы арада не себептен Г. Мендель осыншама ғылыми жетістіктерге ие 
болды деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Әдетте ағзалардың нәсілдік қасиетін, 
белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын Г. Мендельге дейін ешкім 
зерттемеген бе? Әрине бұлай десек жаңсақ болар еді. Шындығында, 
жоғарыда айтылғандай адам баласы егін және мал шаруашылығымен 
айналысқаннан бергі саналы өмірінде туыстас жануарлардың арасындағы 
ұқсастықты да, өзгергіштікті де көріп келеді, олардың себебі туралы талай 
ойға да келді. Тіпті осы құпияның сырын білу үшін Мендельден жүз жылдан 
астам бұрын өсімдіктің әр түрлерін арнайы будандастырумен де айналысқан. 
Оған мысал, И.Г.Кельрейтердің жұмысы (1761). Ол өсімдіктердің әр түрлі 
жынысы барлығын ашып, темекі мен басқа өсімдіктерді қолдан 
тозаңдандыру арқылы олардан алғаш рет будан алған. Олай болса Мендель 
құпиясының сыры неде? 
Г. Мендельдің құпиясының сырын оның нәсілдік қасиетті, белгілердің 
тұқым қуалау заңдылықтарын тексеруде ғылыми әдіс қолдануы. Бұл әдіс күні 
бүгінге дейін генетикалық зерттеудің негізгі әдісі болып есептелінеді. Әрбір 


31 
селекционердің Мендельдің нәсілдік қасиетті зерттеу әдісін жетік білуі 
міндетті шарт. Біріншіден, будандастыратын ағзаларды дұрыс таңдай білу. 
Мендель өзінің тәжірибесін өзін-өзі тозаңдандыру арқылы көбейетін өсімдік 
– бұршақпен жүргізді. Бұл будандастыруға нәсілдік қасиеттері таза да берік 
ағзаларды таңдап алуға үлкен жағдай туғызды. Екіншіден, тұқым қуалау 
заңдылығын бақылауға сырт көрінісі жақсы жетілген, аздаған сапалық 
белгілерді алуы. Үшіншіден, жеке белгілердің тұқым қуалауын бақылап, 
оларды санады, яғни есептеу әдісін енгізді.
Белгілердің тұқым қуалауы жөніндегі талдауды бастамас бұрын 
«белгі», «қасиет» деген түсініктердің мағынасын анықтап, кейбір 
қысқартылған генетикалық символдарға тоқталып өткен жөн. «Белгі» немесе 
«қасиет» деген түсінік ағзаның морфологиялық, физиологиялық және 
биохимиялық дербестігінің шартты бірлігі ретінде қолданылады. Мысалы, 
бір ағзаның екіншісінен өзіне тән ерекшеліктері бар, түсі: ақ, қара, қызыл, 
т.с.с.; бойы: биік немесе аласа; ауруға төзімділігі немесе осалдығы т.б. 
Алайда әрбір белгі сырт пішіні қарапайым болғанмен биохимиялық және 
физиологиялық күрделі үдерістер арқылы пайда болады. Белгі – ағзаның 
жекеленген ғана қасиеті болғандықтан нәсілдік қасиетті (нышандарды, 
гендерді) белгілер арқылы бір-бірінен ажыратуға болады. 
Г. Мендельдің генетика ғылымына сіңірген тағы бір еңбегі, белгілерді 
басқаратын нәсілдік қасиетті (генді) шартты түрде әріппен белгілеуді еңгізуі. 
Жұп белгілердің (сары, жасыл) гендері аллельді гендер деп аталады. 
Доминанттық (латынша «домино» - үстемдік етем) – белгілердің гендері 
латынша алфавиттің бас әріптерімен, рецессивтік (латынша «рецессус» - 
шегіну, жою) белгіні әріптің кішісімен белгілейді. Жалпы гибридологиялық 
талдау жасау үшін, генетикада мына төмендегі шартты белгілер қалыптасқан: 
ата-аналық қатарын «Р» (лат. «парента» ата-аналар) әріпімен, будандарды - 
«F» (латын. «филии»-балалар), жанына нешінші қатардағы будан екенін 
көрсету үшін цифрлы көрсеткіші жазылады, мысалы: F
1
, F
2
, F
3
, т.с.с. 
аталықты «♂» белгімен (Марстың қалқаны мен найзасы), аналықты «♀» 
(Венера айнасы), будандастыруды «х» көбейту белгісімен белгілейді. 
Будандастыру схемасын жазғанда алдымен аналықты, содан соң аталықты 
жазу қалыптасқан (I-нобай). 
Аталық-аналықтарында қарама-қарсы белгілердің бір жұп түрі, екі жұп 
немесе көп жұп түрі болуы мүмкін. Осыған орай моногибридтік (ди екі) 
немесе полигибридтік (поли – көп) будандастырулар қолданылады.
Гибридологиялық талдауда реципрокты будандастырулар жиі 
кездеседі. Реципрокты будандастыру (керісінше қайталау) деп қатарынан 2 
рет жүргізілген будандастыруды айтады. Онда біріншісінде белгілі бір қасиет 
(түр, белгі т.с.с.) аталығында болса, екіншісінде аналығында болады. 
Мысалы, біріншіде бұқаның түрі қара болса, сиыр қызыл, екіншісінде қызыл 
бұқа, сиыр қара болуы керек.


32 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет