Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет20/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

1.2.5. Гаметогенез («гамета» - жыныс жасушасы, «генезис» - тегі) - деп 
жыныс жасушаларының даму және қалыптасу үдерісін айтады. 
Жануарлардың жыныс жасушалары эмбриондық ұрық жасушаларынан пайда 
болады. Осы жасушалардың бірнеше рет бөлінуінің нәтижесінде сомалық 
(дене) және ұрық жасушалары шығады. Соңғылардың қайталап бөлінуі 
арқылы бірінші жыныс жасушалары түзіледі. Алғашқы кезде олар 
эмбриондық дене жасушаларына ұқсас, бірақ физиологиялық бөлшектенуге 
жетпеген. Әр түрлі ұзақтыққа созылған тыныштық кезеңінен кейін, бірінші 
жыныс жасушалары гониялық жасушаларға (гамета бастамасы) айналады.
Бастапқы кезде екі жыныстың да гониялары бірдей болғанмен, кейінде 
еркек жыныстыларда бірінші сперматогонияларға, ал ұрғашы жыныстыларда 
- бірінші оогониилерге бөлшектенеді. Ұрғашы және еркек жыныс 
жасушаларының құралуында түбірлі өзгешеліктер бар.
Сперматогенез. (грек «сперматос» - ұрық, «генезис» - пайда болу) 
аталық жыныстық жасушасы – спермийлерді түзеді. Сперматогенез жоғарғы 
сатыдағы жануарларда аталық ұрық безінің түтікшесінде өтеді. Бұл үдеріс 
төрт сатылы кезеңінен тұрады (6-сурет).
Бөліну сатысында - аталық гамета – сперматогониидегі кейбір 
жасушалар митоз жолымен хромосоманың диплоидтық санын сақтай отырып 
бөліне бастайды. Бұдан кейін олардың кейбіреулерінде өсу сатысы басталып, 
жасуша көлемі біраз үлкейеді және бұларды І қатардағы сперматоциттер 
деп атайды. Бірінші қатардағы сперматоциттер мейоз әдісімен бөліне 
бастайды. Бұл кезең жануарларды бөліну деп аталады. Өсу сатысында І – 
сперматоциттердің ядроларында, жоғарыда айтылған мейоздың профаза 
кезеңіндегі өзгерістер болып өтеді. Бірінші жетіле бөліну кезеңінің 
нәтижесінде ІІ қатардағы сперматоциттер пайда болады (сперматоциттер-


26 
ІІ). Бұларда хромосомалар саны екі есе азайып гаплоидты түрде болады. 
Осының салдарынан болашақ екі жасушаға әрбір гомологтық хромосоманың 
біреуі ғана келіп түседі. ІІ – қатардағы сперматотид тағы да митоз жолымен 
тез бөлінеді, сөйтіп сперматидтер түзіледі. Сонымен бір диплоидты І-
сперматоцил жасушасынан екі мейоздың бөліну нәтижесінде төрт гаплоидты 
сперматидалар шығады. Сперматогенездің ақырғы сатысы спермийлердің 
пісіп жетілуімен аяқталады. Бұдан әрі бөліну жүрмегенмен сперматидтер 
күрделі өзгерістерден кейін, кәдімгі спермийлерге айналу үдерісі 
спермогенез деп аталады.
Морфологиялық жағынан әр түрдің спермийлердің өзіне тән ерекшелігі 
бар. Олардың осы түр аралық морфологиялық ерекшеліктері түрлердің 
жыныстық оқшаулануына, бірімен-бірінің қосылмауына бір себепші болып 
есптеледі. Оогенез (гр. «оон»-жұмыртқа) – жануарларда жұмыртқа 
жасушаларының жетілуі. Огенез, яғни жыныс жасушаларының көбею, өсу, 
жетілу уақыты әр жануарларда әр түрлі. Негізінде ұрғашы және еркек 
ағзалардың жыныс жасушаларының өсіп өну жолдары бір-біріне ұқсас 
болғанымен кейбір өзгешеліктері де бар.
Біріншіден, 1 - ооциттердің өсу сатысы 1 - сперматоциттерге қарағанда 
ұзақтау, себебі болашақ жұмыртқа жасушасында осы кезде қоректік заттар 
жиналады.
Екіншіден, әрбір 1 - ооциттен екі рет мейоздың бөлінуден кейін төрт 
ооцит бөлініп шыққанмен олардың біреуі ғана (жұмыртқа жасушасы) әрі 
қарай өсіп жетіліп сперматозоидпен қосыла алады. Ал қалған үшеуі тесік 
тәріздес жеке жасуша болып дербестене алмай, тіршілігін жояды. Бұл үш 
ооцит гаплоидты хромосомалар болғанмен цитоплазмалық заттар аз, 
сондықтан зиготаның өсіп - өнуін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан олар 
редукциялық немесе бағыттаушы (полярлық) дене деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет