Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет19/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

 
Мейоз 
 
ДНҚ-түзілуі 
 
Кроссинговер 
 
Жасушаның бірінші мейоздық бөлінуі 
 
Жасушаның бірінші мейоздық бөлінуі 
 
Гаметалар 
5-сурет. Мейоздық бөліну нобайы. 


24 
Осылай қосарланып бірігу үдерісі хромосомалар коньюгациясы (лат. 
«коньюгация» қосылу, біріктірілу) делінеді, де осы сатыны зигонема (гр. 
«зигос»-пар, қос) немесе қосарланған жіп сатысы деп атайды. Осыдан соң 
біріккен гомологиялық хромосомалар жұптасады да, биваленттер түзеді. 
Әрине, биваленттер саны әрдайым липтонемадағы хромосомалар санынан екі 
есе аз болады. Бұл саты пахинема («пахис» - жуан) деп аталады. 
Коньюгация бітісімен хромосомалардың ажырасуы басталады, 
ажырасу біткенде олар бір-бірімен кейбір нүкте ғана байланысады. Осы 
кезеңде биваленттердің төрт хроматидадан тұратыны анық көрінеді. 
Хиазмалар тұсында хромосомаларды бір-бірімен қайшыланып айқасқандары 
байқалады, бұл айқасулар биваленттер құрамына кіретін хромосомаларды 
бір-бірінен толық ажырасуына бөгет жасайды. Бұл саты диплонема деп 
аталады. 
Мейоздың І-профаза кезеңінің бөлінуінің ақтық сатысы диакинез деп 
аталады. (гр. «диа»-айырылысу, «кинес»-қозғалыс) Диакинез сатысында 
биваленттер қысқарып, хромосомалардағы хроматидтер болар-болмас қана 
байқалады. Алайда хиазмалар анық көрінеді, бірақ жекеленген 
хромосомалардың үш жағына қарай ығысады. Осы кезде биваленттер 
құрамындағы хромосомалар бір-бірімен тебісіп ажырасатын сияқты, бірақ 
олардың ажыраспауын тек хиазмалар ұстап тұрғандай көрініс туады.
Профазаның аяқталуы және метафаза кезеңінің басталуы ядро 
қабығының ыдырауымен байланысты. Осы кезде ядрошықтар жойылып, 
ахроматин ұршығы дами бастайды. Ахроматин, ядроның құрамындағы 
бойалмайтын зат, ядро бөлінерде тор тәрізді пайда болып, оған хроматині 
ұқсас түйіршіктері жабысады. Биваленттер жасушаны «экваторлық бөлігіне 
жиылады. І-метафазада биваленттер саны диплоидты хромосомалардан екі 
есе аз (хромосомалар санына жалған редукциясы) және ІІ метафазамен 
салыстырғанда әлдеқайда қысқа және жуандау болып келеді. Мейоздың осы 
кезеңі хромосомаларды санауға өте қолайлы жағдай туғызады.
Метафазадан анафазаға көшкенде митоздағыдай центромерлер 
бөлінбейді, тек қана хиазмалар жоғалады. Олар биваленттердің ұшынан 
сырғып түседі, не болмаса метафазаның соңында үзіліп қалады. 
Мейоздың І-бөлінуінің нәтижесінде хромосомалар саны редукцияға 
ұшырайды, ал хромосомадағы тұқымдық материалдың сапалық редукциясы 
тек қана мейоздың ІІ-бөлінуінде аяқталады.
Мейоздың эквациялық бөлінуі митозға ұқсас хромосомалар санының 
редукция сы болмайды. ІІ-бөлінуде мейозда көп хромосомалар сапасы 
жағынан әр түрлі хроматидтерден тұрада, бұл І - профазада гомологтық 
хромосомалардың өзара хроматидтерінің алмасуының салдарынан болады. 
Мейоздың ІІ - бөлінуінің арқасында бір ағзаның әрбір мүшелерінде бір түрлі 
тұқым қуалау қасиеттері сақталады, сондықтан мейозда ядроның іркес-тіркес 
екі рет бөлінуінің биологиялық маңызы өте зор.


25 
Мейоздың биологиялық маңызын айта келе оның болашақ ұрпақтың 
тұқым қуалау қасиеттерінің әр түрлі болуына, өзгергіштігіне әсерін 
тигізетінін атап өту керек.
Хромосомалардың алғашқы саны екі есе кемуімен қатар, мейоздағы 
құбылыстардың нәтижесінде болашақ ұрпақтың тұқымына ұқсастығын 
толық қайталамауы – біріншіден аталық және аналық хромосомалардың 
өзара алмасуы арқылы 1 – анафазадағы хромосомалардың болашақ екі 
ядродағы ажырасуынан: екіншіден хромосомалардың өздігінен қайта 
құрылуынан болады. Себебі, алғашқы диплоидтық ұрықтың өзінде оның ата-
енесінің хромосома аймақтары 1 – профазаның бөлінуінде алмасуы мүмкін.
Мейоздың бұл ерекшеліктері табиғи сұрыптаудың нәтижесі, себебі 
мейоздың нәтижесінде және жыныстық және көбею арқылы ғана табиғи 
сұрыптау өз әрекетінен материал алады және оның (сұрыптаудың) 
пәрменділігін күшейте түседі.
Тұқым қуалаудың заңдылықтарын түсіну үшін хромосоманың алмасуы 
мен қайта құрылу ерекшеліктерінің маңызы өте зор. Бұл заңдылықтарды 
эксперименттік генетиканың жетістіктерін ұштастыра отырып селекцияның 
әр түрлі әдіс тәсілдеріне қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет