Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет101/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

3.3.2 Монографиялар
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Қазақстан фольклористері 
халық ауыз әдебиетін сала-салаға бөліп зерттей бастады. Фольклор 


287 
шығармаларын жанрлық ерекшеліктеріне қарай бөлу, бұрын зерттеу 
ісінде болып келген кемшіліктердің орнын толтыруға қызмет етті. 
1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың бас кезінде М.Әуезов, 
Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин сияқты фольклорист ғалымдар 
халық ауыз әдебиетін жанрға бөлу жөніндегі мәселені қазақ 
халқының тарихымен байланыстырды. Осы айтылған жайлар 1920 
жылдардың соңғы кезінде М.Әуезов, Х.Досмұхамедұлы еңбектерінде 
[374], 1930 жылдардың бастапқы дәуірінде С.Сейфуллин зерттеуінде 
[375] тереңірек баяндалды. 
Қазақ оқу орындарында т.б. оқулықтардың жетіспеуін ескеріп, сол 
олқылық орнын толықтыру мақсатында 1927 жылы Қызылорда 
қаласында ғалым М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» атты
монографиясы басылды. Кітап «Жазушыдан» деген М.Әуезовтің 
сөзінен бастау алады. Мұнда балаларға арналып ашылған мектептер,
оқытушылар дайындайтын техникум, институттар, мұғалімдік 
курстар, судьялық тергеушілік курстар т.с.с. үшін- бәрінде ана тілінің 
сабағына келгенде, ақыл, сезім тәрбиелеп, қалыптап жетілуден басқа 
оқушыға қазақ деген елдің өткендегісі мен бүгіндегі пішінін таныту 
керектігі сөз болады [376]. 
Монографияның кіріспе бөлімінде ғалым М.Әуезов жалпы тарих 
жолындағы адамзаттың қалыптасуының 4 негізгі дәуірін (тағылық 
тұсындағы ортақшылдық дәуір, ана қожалығы жүрген дәуір, ата мен 
ру қожалығы жүрген дәуір, мемлекет негізі құрылған дәуір) алғаш 
бөліп алып қарастырады [376, 12-16
б.
]. Одан әрі әдебиет тарихының 
міндеті, әдебиет тарихының қолданылатын жолы, қазақ ескілігінен аз 
мағлұматы, қазақ әдебиетінің тарихы сөз болады [376, 16-21
б.
]. 
Сонымен қатар ғалым М.Әуезов қазақ әдебиетінің: бір саласын 
ауызша әдебиет десе, екіншісін- жазба әдебиет деп бөледі. Демек
М.Әуезов фольклорды ауызша әдебиет деп қарастырған. Ауызша 
әдебиетті, яғни фольклорды белгілі ғалым А.Байтұрсынов 2-ге 
(сауықтама, сарындама деп) бөлсе, Х.Досмұхамедұлы 46-ға жіктегені 
белгілі. Ал, М.Әуезов фольклорды іштей алғаш рет 4-ке топтайды: 
біріншісін- сыршылдық салт өлеңдері десе; екіншісін- әңгімелі 
өлеңдер (батырлар әңгімесі, ел поэмасы, тарихи өлеңдер) деген; 
үшіншісін- айтыс-тақпақ деп ; төртіншісін - ертегі, мақал, мәтел, 
жұмбақ дейді. Олардың жалпы мынадай ерекшеліктеріне тоқталады:
« ... 1) Ауызша әдебиеттің шығарушысы жалпақ ел дейміз. Ауызша 
әдебиет жұрнақтарының арнаулы шығарушысы жоқ. 2) Ауызша 
әдебиеттің барлық жұрнақтары күйге өлшеніп, арнаулы әнмен 
айтылады. Сол себепті оның сыртқы түрінде жазбадан айырмасы 
бар. Ол желпініп айтылады.3) Ауызша әдебиетте бір жаққа қарай 


288 
беттеген арнаулы бағыт болмайды. Оны елдің дін нанымы, елдің 
белгілі салты, әдеті туғызады. Сондықтан ауызша әдебиет бірнеше 
түрге бөлінеді»,- дейді [376, 21
б.
]. Бұл негізінде А.Байтұрсыновтың 
халық әдебиетіне берген анықтамасынан әлдеқайда кең берілген. 
Демек, М.Әуезов фольклорға ғылыми анықтама берумен қатар,
фольклордың барлық дерлік жанрын қамтыған, әрқайсысын жіктеп, 
жекелеп зерттегенін көреміз. Егер жүйелеп айтар болсақ М.Әуезов
эпосты да, ертегіні де, тұрмыс-салт жырларын да т.б. арнайы 
қарастырған. Ал, мұндағы М.Әуезовтың фольклорға берген анықтама 
түріндегі ғылыми сипаттамасы, яғни авторы халық болып 
табылатыны т.б.- қазіргі фольклортану ғылымында өз мәнін жойған 
жоқ. 
Ендеше, ХХ ғасырдағы Қазан төңкерісінен кейін фольклордың 
өзіндік өзіндік ерекшеліктеріне назар аударыла бастауы, жанрларына 
сипаттамалар мен анықтамалар берілуі- бәрі сол тұстағы қазақ 
фольклортану ғылымының өз алдына жеке ғылым саласы ретінде 
жеткен жетістігін көрсетеді. Дегенмен фольклорды іштей жанрлық 
түрлерге жіктегенде, оның қазіргі қазақ фольклортану ғылымы
талаптарына сай келмейтіндігі де байқалады. Әрине, бұл сол кездегі 
ғылымның деңгейінен туындағаны күмәнсыз. Мәселен, ғалым
тұрмыс-салт жырларын «Сыршылдық салт өлеңдері» деп түсінген. 
Оларды іштей үшке жіктеген [376 22-55
б.
]: 1) Ел салтындағы шер 
өлеңдер (бұған жоқтау, естірту, қоштасу, көңіл айту түрлері 
енгізілген); 2) Дінмен байланысты өлеңдер (бұған наурызды, 
бақсылардың сарынын, жарапазанды жатқызады); 3) Қыз ұзату 
үстіндегі салт өлеңі (бұған жар-жар, қоштасу-танысу, бет ашар 
түрлері алынған) деп.
Бұлай тұрмыс-салт жырларын үшке бөлу үлгісі М.Әуезовке дейін 
А.Байтұрсыновта кездеседі. Тек А.Байтұрсыновта тұрмыс-салт жыры 
орнына сарындама ұғымы қолданылады да, оны іштей «салт сөзі», 
«ғұрып сөзі» «қалып сөзі», болып өзгеше бөлінген (Әдебиет 
таныиқыш. 1926.) Мәселен, А.Байтұрсынов «салт сөзіне» мақал-
мәтелмен қатар, әдебиет жанрына жататын мысал түрін де жатқызған. 
Бұл арада фольклор мен әдебиет жанрларының ара-жігі 
ажыратылмағаны көрінеді. Демек ол тұстағы зерттеушілер арасында 
фольклор әдебиеттің бір саласы ғана деген түсініктің басым болғанын 
танимыз. Ал, М.Әуезов еңбегінде фольклор терминдер өзгеше 
аталғанмен, негізінен, фольклор түрлері толықтай сөз болады. Мұнда 
өз тұжырымдарын дәлелдеу үшін ғалым фольклор үлгілерін келтіреді. 
Мәселен, «Ай, Таңсықтың қоштасқаны» үлгісі [376, 29-30
б.
], бұл 
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының үзіндісі. Бұл үзіндіні ел аузынан 


289 
жазып алып, «Таң» журналында (1925, №2) Жанақ ақынның айтуынан
деп жариялаған М.Әуезовтің өзі екені анық. Демек баспа бетінде 
фольклор үлгілерін жариялағанда М.Әуезов мәтіннің жазылынып 
алыну паспортын толтырғаны, яғни мәтіннің қай уақытта, қай жерде, 
кімнен т.с.с. алынғанына қатысты деректерді бірге берген. Мұның 
бәрі ғалым М.Әуезовтің фольклорлық мәтінді қағазға түсіруде әлемдік 
фольклортану талабын орындағанын көрсетеді. Ал, бұл мәтінді өзінің 
«Әдебиет тарихы» атты кітабында қолдануы ғалым М.Әуезовтің 
өзінің зерттеуіне қатысты дерек көздерін өзі жинағанын көрсетеді.
Ал, мәтіннің қағазға түсу паспортын толтырғаны, әрі фольклорлық 
мәтінді баспасөз бетінде жариялағаны, әрі оны зерттеу объектісіне
айналдырғаны т.с.с.- бәрі де фольклортану ғылымында зерттеу 
жұмыстарының жүйелі, әрі сәтті жүргізіле бастағанын көрсетеді. 
Ендеше оқулық жазу үшін бірінші кезекте фольклорды неғұрлым көп 
жинау қажеттігі туса, екінші кезекте оларды жүйелі сұрыптап, 
жинақтап т.б. баспа орындары арқылы жариялау міндеті тұрды,
үшінші кезекте оларды зерттеу мәселесі туындайтыны анық.
Тұрмыс-салт жырлары арасынан тек бөбек жырлары мен жан-
жануарлар туралы т.б. жырлар қарастырылмаған. Шамасы, бұл
фольклорлық үлгілердің жетімсіздігі, яғни ел арасынан жиналып 
үлгермегендігі, сондай-ақ ол жөніндегі ғылыми зерттеулердің
мардымсыз аздығы себеп болса керек.
Ғалым М.Әуезов кітапта тұрмыс-салт жырларының бір бөлегі 
шер өлеңдеріне анықтама береді: «Шер өлеңдері, кейде көп елдің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет