Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет120/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

келе жатқан ауыз әдебиетіндегі салт өлең, жырларының 
бірсыпырасы халықтың дін салты, дін ғұрып-әдеттері жайында. 
Наурыз туралы жырлар, бақсы сарындары, түрлі бата, 
жалбарынулар , жарамазан жырлары, бәдік айту, арбау, дұға оқу, 
тағысын-тағылар осы дін салты жайындағы өлең, жырлар 
болады»,- дейді [383, 39
б.
]. 
Міне, мұнда дін салт өлеңдерінің іштей бөліну классификациясы 
қазіргі таңда да осы бірізділікті сақтайды, тек мұндағы наурыз 
туралы жырлар қазір дін салты емес, ұлыс жыры боп өз алдына жеке 
қарастырылады. 
Наурыз жырларына келгенде ғалым: оның марттың 22-і күні 
болатынын; сол күні күн мен түннің теңеліп, қыс қаһары қайтып, 
жаз лебі сезілетінін; төрт түлік мал төлдеп, ақ шығып халық тойына 
бастайтынын; осы күнді жаңа жылдың басы, алғашқы күні деп 
есептегенін; оны халықтың «ұлыстың ұлы күні» деп атап, үлкен 
мейрам етіп өткізіп келгенін; ұлыстың ұлы күні не істелсе, барлығы 
да арнаулы өлеңмен, жыр, тақпақ, мақал үлгісімен айтылатын 
арнаулы тілекпен, ерекше ырыммен істелгенін; бұл күнде ерекше 
амандасу, ерекше көрісу, ерекше бата беру әдет болғанын т.с.с. сөз 
етеді [383, 41-42
б.
]. Міне, мұнда берілген анықтамалар да, 
сипаттаулар да- бәрі ғылыми талапқа сай жазылған, яғни жанрлық 
ерекшеліктері ескерілген.
Фольклордың келесі жанры бақсы сарынына келгенде, ғалым ол 
турасында мынадай сипаттама береді: «Монғол тілінде- бақсы- 
оқытушы, ұстаз деген сөз. Былай болатын реті бар. Өйткені, шаман 
дінінде бақсы оқытушы, ұстаз қызметін атқарған. Шаман діні 
бойынша бақсы тәңірдің сүйетін, жарылқайтын, аруақтың 
жарататын, қолдайтын адамы. Ол әрі жыршы, әрі күйші, ол әрі 
дәрігер, әрі сәуегей. Қысқасы, шаманистердің нануы бойынша оның 
білмейтіні ( оның қолынан келмейтіні) жоқ- деген наным болған»,- 
дейді [383, 42
б.
]. Сөйтіп, ғалым фольклорда кездесетін бақсы 
бейнесін жан-жақты дұрыс талдаған. Сондай-ақ зерттеуші сарын 
айтуда бақсы өзінің жынын айтып шақырады, және әр бақсының өз 
жыр жыны бар дегенді айтады. Сонымен қатар бақсы сарынында сөз 
екпінді, көптірме келеді десе, оның сөздерінің ішкі мәні, сөз 
шумақтары бір-біріне үйлесіп, тығыз байланысып отырмайтыны сөз 
болған. Сөйтіп, ғалым бақсы сарынының өзіндік ерекшеліктерін де 
дұрыс байқаған.


327 
Фольклордың келесі жанрлары бәдік, арбау сөз болғанда [383, 43-
44
б.
], қазақ халқының ерте заманда ескі дін бойынша әрбір жан-
жануардың әр түрлі жақсылық-жамандықтың «иесі бар» деп сенгені 
айтылады. Ол «иелерді» қызыл тілмен алуан-алуан әсерлі, сырлы 
сөзбен көндіруге, зиянсыз етуге, мейірімді, пайдалы етуге болады деп
халық сенген десе, ғалым бұлардың кейбіреуін ойын-күлкімен, әзіл, 
тәлкек сөзбен, кейбіреуін зеку, күш айту жөнімен, енді біреулерін 
жалыну, тілену жөнімен көндіруге болады деп те санау т.с.с. әдеттер 
болғанын дұрыс ескерген. Сондай-ақ ғалым бәдіктің ауру адамға, ауру 
малға арналатынын; кешке ауылдың қыз-келіншегі, бозбала жігіттері 
жиналып, ауруды ортаға ала отырып бәдікті айтатынын; бәдік 
өлеңнің адамның, малдың бойынан кеселді бездіру, көшіру, сөйтіп 
ауруды жазып алу мақсатында қолданатынын; арбау,оқу, байлау 
сөздер мен тақпақ өлеңдер адамды, малды- жылан, қарақұрт, шаян т.б. 
тәрізді улы жәндіктер шаққанда оқылатынын дұрыс ажыратқан. Міне, 
бұл бәдік арбауға қатысты жазылған сипаттамалардың ғылыми 
сипатқа сай келуі, яғни мәтіннің қай кезде, не үшін, не мақсатта және 
қалай орындалатыны нақты көрсетілуі- бәрі де еңбек маңыздылығын 
арттыратыны сөзсіз. 
Салт бойынша жарапазан ораза айында түнде айтылатынын; оны 
не әуесқой жастар, не арнаулы жарапазаншылар ел қыдырып, әр 
үйдің тұсына келіп орындайтынын; жарапазан айту салты қазақ 
арасына Ислам дінімен, мұсылманшылдықпен бірге таралғанын; 
Ислам дінін, мұсылмандықты дәріптейтін, діншіл мазмұнды мақтау 
өлең екендігін т.б. дұрыс баяндаған [383, 44
б.
] ғалым Бейсембай 
Кенжебаев ой-пікірлері де қазірде өз маңызын жойған жоқ. Одан әрі 
үйлену салт өлеңдерін іштей ғалым: жар-жар, сыңсу, жұбату, бет ашар 
деп дұрыс бөлді. Қазақтың ертедегі халық ауыз әдебиетінде тұрмыс-
салтынан туған ұсақ өлең-жырлары болғаны анық [383, 44-50
б.
]. 
Қыз ұзату тойында тойбастар айтылса, әдетте оны жыршы-ақын, 
ең болмаса өлеңге аузының ебі бар кісі айтатынын, жиналған көптің
атынан құттықтау іске асатынын, той иесінің қуанышын көтермелеп, 
тойдың тойға ұласуын тілейтінін т.б.- бәрін ғалым дұрыс байқаған
[383, 45-46
б.
]. 
Қыз ұзату тойында, сонымен бірге жар-жардың айтылатыны анық 
[383, 46-47
б.
]. Жар-жар екі жақтың айтысына құралатынын, бір жағы 
күйеу, екінші жағы қалыңдық, не бір жағы еркек тобы, екінші жағы 
әйел тобы болып айтысатынын, қыз жағы, көбінесе арман, күдік, мұң 
қозғайтынын да ғалым дұрыс белгілеген.
Қыз тойында, сондай-ақ қыз танысу, сыңсу, жұбату өлеңдері
орындалады [383, 47-48
б.
]. Мұны да дұрыс анықтаған ғалым сыңсуды 


328 
қыздар тобы, не қалыңдық өзі әндетіп жылап айтады десе, онда 
қыздың кетерде ата-анасына, туған-туысқанына, жалпы ел-жұртына 
арнаған ақырғы сөзі, ақырғы зары, мұңы, арманы, ата-анасымен, ел 
жұртымен қоштасуы қамтылады дейді. Ал, керісінше, қыздың 
сыңсуына жауап ретінде ауылдың бір кісісі жұбату, үгіт-насихат 
қосатыны мәлім. 
Беташарға келсек, ол келін түскенде айтылатын өсиет өлеңнен 
тұрады [383, 48-50
б.
] дей отырып ғалым, онда: басы бос қыздың енді 
келін екені; жаңа қауымның есігін ашып, соның мүшесі болғаны; 
қауымның заңын, дәстүрін бұзбауы керектігі; үлкендердің алдында 
иіліп тәжім етуі, бұл қауымның заңдарына көну, бұл қауымның 
үлкен-кішісін құрметтеуді міндет, борыш тұту керектігі т.б. сөз 
болады. Бұл берілген анықтама түріндегі сипаттамалар да ғылыми 
сипатта жазылған. Сондай-ақ беташардың өзіндік ерекшеліктері де 
берілген. Мәселен, ғалым: «Беташар өлеңінде қайғы, шер, мұң, зар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет