Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Оқу-ағарту мақсаттағы еңбектер



Pdf көрінісі
бет70/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

 
3.2 Оқу-ағарту мақсаттағы еңбектер. 


211 
3.2.1 Мақалалар. 
ХХ ғасырдың бірінші жартысында фольклорды теориялық 
тұрғыдан зерттеу жұмысы Қазан төңкерісінен кейін қолға алына 
бастады. Бұл кезеңде фольклор мен әдебиеттің өзара байланысын, 
сондай-ақ қазақ фольклорының жекелеген жанрларын зерттеуге көңіл 
бөлу өсті. Кеңестік фольклористикада фольклор мен әдебиеттің өзара 
байланысына ерекше назар аударылды. Бұл мәселені зерттеу 
жұмыстарының негізі сонау 1920-шы жылдары қалана бастады. Бұл 
кездегі ғалымдар көзқарастарында қарама-қарсы екі пікір 
қалыптасты: бірі- әдебиетте фольклордың ізі жоқ дегенге табан тіресе, 
енді біреулері- керісінше, әдебиетте фольклордың элементтері
кездеседі дегенді алға тартты. 
Сонымен қатар фольклордың теориялық мәселелері де зерттеле 
бастады. Мәселен, қазақ фольклорының әр түрлі жанрларының өзіндік 
жеке ерекшеліктерін ажырату, саралау, сараптау т.б. жұмыстарының 
негізі қаланды. Көбінесе ертегілер, батырлар жыры, тұрмыс-салт 
жырлары т.б. тәрізді фольклор жанрлары қарастырыла бастады. 
Қазақ фольклортану ғылымы тек Кеңестік дәуірде ғана түбегейлі 
қалыптасты деуіміз Қазан төңкерісіне дейін қазақ фольклоры жайында 
жүргізілген кейбір зерттеу еңбектерін жоққа шығармайды. Мәселен, 
Ш.Уәлиханов, 
В.В.Радлов, 
Г.Н.Потанин, 
П.М.Мелиоранский, 
Ә.Диваев т.б. тәрізді ғалымдар мен ағартушылардың жалпы қазақ 
фольклоры туралы, оның кейбір жанрлары жайында айтқандары бар. 
Әрине, мұнда пікірлер үлкен ғылыми зерттеу еңбектерінің 
міндеттерін атқармаса да, қазақ фольклортану ғылымының 
қалыптасуына үлкен әсер еткені күмәнсыз. 
Мәселен, 
қазақ 
халық 
поэзиясын 
жинаумен 
зерттеуде 
Г.Н.Потаниннің қосқан үлесін бағалағанда, ең алдымен, оның ертегі, 
эпосты зерттеуге қаншалықты мол еңбек сіңіргені көзге түседі. 
Г.Н.Потаниннің 
жиған-тергендерінің 
арқасында 
фольклордың 
құрамы- әлемнің жаратылысы, рудың шығуы туралы және қиял-
ғажайып, 
тұрмыс-салт, 
мысқыл-сықақ 
ертегі, 
аңыздармен 
толықтырылды. Салыстырмалы әдістің кемшіліктеріне қарамастан 
Г.Н.Потаниннің қазақ, ұйғыр, монғол және Сібір мен Алтайдағы 
түркі тілдес халықтардың поэзиясындағы өзара жақындықты
анықтауы да аса бағалы [284]. 
Халық мұрасын қолма-қол жинау арқасында, әрі халықтың өмірі 
мен әдет-ғұрпын ұзақ жыл бақылаудың нәтижесінде Ә.Диваев өзінің 
зерттеу жұмыстарына негіз етіп халықтан алынған дәйекті материалға 
сүйенді. Қазақ халық поэзиясын зерттеуші ғалымдар мен 


212 
замандастары В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, И.Н.Березин, А.В.Васильев,
П.М.Мелиоранский сияқты Ә.Диваев те қазақ поэзиясының 
ерекшеліктері туралы көп ойланды. Қазақ халық поэзиясының 
шығармалары басқа да халықтардың фольклоры сияқты «халық 
көзқарасының сәулесі», оның рухани бейнесі мен ұлттық характері 
екендігін ол жақсы түсінді [285]. 
1920-шы жылдардың басында қазақ халқының ауыз әдебиеті 
жайында көтерілген мәселелер баспасөз беттерінде үлкенді-кішілі 
мақалалар, зерттеулер түрінде жариялана бастады. Мұнда қазақ 
фольклорын жинау, жариялау, зерттеу, бағалау мәселелері көтерілді. 
Мұның өзі халық ауыз әдебиетін зерттейтін қазақ фольклортану 
ғылымының қалыптасуына негіз салды. Сол тұста қазақ фольклоры 
туралы жазылған кішігірім мақалалардан басталған фольклортану 
ғылымы идеология майданында таптық күрес, фольклордың тарихи 
және оның қоғамдағы рөлі жайында көтерілген мәселелерге белсене 
араласты. 
Сол кездегі Кеңес үкіметі қолдауына сүйеніп, үстемдік алған 
солақай пікірлер Қазан төңкерісіне дейін жарияланған фольклор 
үлгілеріне: 
- шығыстан келді; 
- ұлтшыл-буржуазиялық көзқараста деп сынға алды; 
- халыққа қатысы аз; 
- феодалдық қоғамға бас иеді деп; 
- діни-шығыстық шығармаларға ғана назар аударады
- ғылымға буржуазиялық талап негізінде ғана келді; 
- қарапайым халық мәдени бағалықтарды қалыптастыра алмайды; 
-байлар үстемдігі; 
- тап тартысы тұрғысындағы т.б. сыңайдағы сыңаржақ пікірлер 
үстемдік етіп, фольклордың біржақты ғана зерттелгені де белгілі. 
Соның салдарынан да фольклорды зерттеу халықтың ұлттық 
ерекшелігін түсіну үшін қажет деп, сөз жүзінде мойындалған болса да, 
іс жүзінде фольклорды жинау мәселесіне арнайы қомақты еңбектер 
жазылған жоқ.
Идеологиялық күрестің негізінде қалыптаса бастаған Кеңестік 
қазақ фольклористикасы 1920 жылдардың өзінде-ақ төмендегідей 
мәселелерге айрықша көңіл бөлді: 
а) ескі мәдени мұраны игеру 
ә) халық ауыз әдебиетінің тарихын зерттеу т.б. 
Ескі әдеби мұраның иесі үстем тап емес, еңбекші халық екенін 
дәріптеген таптық мақсаттағы мақалалар дені сол кездегі «Еңбекші 
қазақ», «Лениншіл жас» т.б. сияқты газет-журнал беттерінде 


213 
жарияланды. Мәселен, Сәбит Мұқанов «Қазақ әдебиеті әм Ыбырай»
деген мақаласын «Қызыл Қазақстан» журналының 1924 жылғы №7-9 
сандарында жариялайды. Мұнда халық ауыз әдебиеті әрі бай, әрі 
әдемі әдебиет дей отырып, оны тудырушы үстем тап емес, еңбекші 
халық мүддесін жырлаған жыршы-ақындар екенін айтады. Осы ретте 
С.Мұқанов халық әдебиетінің ең көрнекті өкілдері деп Орынбай, 
Шөже, Арыстанбай, Шал, Біржан, Ақан, Ыбырай сияқты ақын, 
жыршы, әншілердің есімін атай отырып, олардың шығармаларын әрі 
жинау, әрі жарыққа шығару жайын сөз етеді. Сондай-ақ ғалым 
Бейсембай Кенжебаев та «Абай өлеңдерінің 1923 жылғы басылуы 
туралы» мақаласында (Еңбекші қазақ. 1925, №359-360) халық ауыз 
әдебиетінің негізгі мұрагері еңбекші қазақ екенін айтады. Демек ескі
мәдени мұраны таптық мақсатта халық мүддесіне сәйкес бағалап,
таптық тілекке сәйкес зерттеу, пайдалану туралы мәселелер 1920 
жылдардың өзінде-ақ көтерілді. Ал, ескі мәдени мұраның бәрін 
«халықтық» деп жарияламай, тек олардың ішінен ең асылдарын, 
идеялық және көркемдік сапасы жоғарыларын тек еңбекші таптың
мүддесіне сай келетіндерін ғана таңдап алу мәселесіне ерекше назар 
аударуы т.б.- бәрі сол тұстағы қазақ фольклортану ғылымында 
біржақтылық, асығыстық т.б. тәрізді кемшіліктерді тудырды. Қазақ 
фольклорын таптық тұрғыдан, еңбекші халықтың арман-мүддесі 
тұрғысынан зерттеп бағалау ісіне С.Сейфуллин [286] кейін 1920 
жылдардағы С.Мұқанов, Б.Кенжебаев тәрізді біраз әдебиетші 
фольклористер назар аударды. 
1920 жылдардағы қазақ фольклортану ғылымының көтерген 
екінші бір үлкен мәселесі- қазақ халық ауыз әдебиеті тарихын зерттеу 
болатын. Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген М.Әуезов қазақ 
фольклоры туралы бірнеше зерттеу жазды: «Қазақ әдебиетінің қазіргі 
дәуірі» (1922 ж.), «Қобыланды батыр» (1925 ж.), «Қазақ әдебиетінің 
тарихы» (1927 ж.) т.б. Бұл еңбектерде: қазақ әдебиетінің даму 
жолдары, қазақ жазба әдебиетінің XVIII-XIX ғасырда қалыптаса 
бастағаны, бұл әдебиеттің алдында халықтың ғасырлар бойы жасаған 
бай халық ауыз әдебиеті жатқаны, ол кейінгі жазба әдебиеттің 
бастамасы екендігі т.б. сөз болады. Сонымен қатар М.Әуезов қазақ 
жазба әдебиетінің кейбір өкілдерінің шығармашылығы халық 
әдебиетімен тығыз байланыста екендігін дәлелдейді. Қазақ ауыз 
әдебиетін іштей жанрларға жіктейді, әрбір жанрдың өзіндік 
ерекшеліктерін сөз етеді. Қазақтың эпостық жырларына арнайы 
тоқталып, олардың белгілі бір оқиғаларға, әлеуметтік жағдайларға 
байланысты туғандығын көрсетеді 


214 
Қазан төңкерісінен кейін Кеңестік оқу ағарту саласында 
кадрлардың жетіспеуі өз алдына, тіпті оқу орындарындағы 
оқулықтардың жұтаңдығы сол кездегі қазақ зиялыларын 
толғандырған басты мәселелердің бірі болғандығы анық. Осы 
олқылықтың орнын толтыру үшін де белгілі ғалым М.Әуезовтың
«Халық ауыз әдебиеті туралы» мақаласы 1924 жылы «Жас қайрат 
(Ташкент) журналының 4 санында (Б.19) жарияланған [287]. Бұл 
мақалада автор уақыт өткізбей халық ауыз әдебиеті үлгілерін тездетіп 
жинап алуға шақырады. Халық ауыз әдебиетін жинауға қолайы бар 
адамдар, оқыған шәкірттерді тарта отырып, автор оларға қазақ елі 
тұрмысының ерекшелігіне орай ескі мұраны жан-жақты жинастыру 
міндетін жүктейді. Ғалым Мұхтар Әуезов халық әдебиетіне өлең, 
жыр, ертек, мақал, жаңылтпаш, бесік жырлары, діндар өлеңдер, үлгілі 
әңгімелер, жын, шайтан, аруақтар туралы айтылған әр түрлі хикаялар, 
халық дәрігерлігі, олардың пері, сиқыршылар, албастылар һәм басқа 
да осылар сияқты сөздердің бірсыпырасын жатқызады. Демек 
фольклорды өзінше іштей жіктей отырып, және оның алғаш
анықтамасын да береді: «...халық әдебиетінде жоғарғылардың кім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет