Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


 Фольклорды зерттеудің түрлері мен мақсат-



Pdf көрінісі
бет66/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

Фольклорды зерттеудің түрлері мен мақсат-
бағыттары. 
3.1 Отарлау мақсатындағы зерттеулер. 
Қазан төңкерісіне дейін отарлау саясаты әрі ашық, әрі күшпен 
жүргізілді. Рас, Ресей билеушілері бірте-бірте айлаға көшті. Тікелей 
соғыспен алу оңайға түспеген соң, қазақтың тілін, фольклорын, 
тарихын, мәдениетін білу арқылы отарлау әрі шығынсыз, әрі 
тереңірек болатынын білген империя соларды зерттеу ісін қолға 
алды. Олардың бұл саладағы істері бүгінгі таңда біздер үшін ғылым 
тарихына айналып кетті. Сөйтіп, Ресей билеушілері қазақ даласында
әр түрлі мектептер ашты, газет пен журнал шығарды, тілі мен 
фольклорға қатысты жинақтар, оқулықтар, сөздіктер т.б. шығарды. 


203 
Отарлау үшін істеліп, жиналған материалдар мен зерттеулер 
объективті түрде ұлттық фольклортануға негіз қалады. Отарлау 
мақсатындағы зерттеулер бірнеше бағытта, негізінен тарихи-
этнографиялық бағытта жүрді. Мұндай отарлау мақсатындағы 
фольклорлық зерттеулер сонау ХІХ ғасырдан келе жатыр. 
ХІХ ғасырда қазақ жеріне орыс шаруалары қоныстана бастады, 
қалалар мен селолар саны көбейді, өнеркәсіп өндірісі мен сауда дами 
түсті, қатынас жолдары, байланыс жүйесі күшейді, егіншілік кең етек 
ала бастады. ХІХ ғасырдағы осындай тарихи, саяси-әлеуметтік 
жағдай Қазақстанның мәдени, оқу-ағарту ісіне үлкен өзгерістер 
әкелді. Мұның бәрі қазақ халқының қоғамдық-саяси санасының, 
әдебиеті мен өнерінің дамуына, ғылымның пайда болып, 
қалыптасуына ықпал жасады. ХІХ ғасырда Қазақстанның Ресейге 
түгел қосылуымен байланысты халық өмірін, шаруашылығын, 
мәдениетін, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, дінін толық білу қажеттігі 
т.с.с.- бәрі де қазақ фольклоры мен этнографиясын зерттеу 
жұмыстарының бірнеше бағытта, әр түрлі әдіспен жүзеге
асырылуына мүмкіндік туғызды. Арнайы тапсырмамен келген әскери 
адамдар, саяхатшылар қазақ жерінің топографиясын жасаумен қатар, 
чиновниктер мен миссионерлер қазақ тілін зерттеп, қазақша-орысша 
сөздіктер, орыс әрпінде жазылған оқулықтар даярлағанда т.б.- бәрінде 
дерлік жергілікті елдің фольклорын пайдаланды. 
Қазақ фольклорын таза ғылыми мақсатта, академиялық түрде 
зерттегендер де болды. Олар фольклорды барынша дұрыс жазып 
алуға, сұрыптап, жүйеге келтіруге, жарыққа шығаруға, ғылыми түрде 
талдап, зерттеуге күш салды. ХІХ ғасырдағы қазақ фольклорын
зерттеулер, көбінесе жолжазба мен очерктер түрінде жүргізілді. 
Мұндағы ғалымдардың фольклор туралы ойлары жалпылама сипат 
танытып, көбінесе жол бойы жазылғандықтан, басқа елдерге
таныстыру мақсатымен шектеліп отырды. Мәселен, М.Киттары орыс 
тілінде Боғда тауы мен мен Басқұншақ көлі туралы аңыздың
мазмұнын хабарласа [268], 1859 жылы Алматыдан Кеген асып, 
Ыстықкөлге барған әскери саяхатшы А.Голубев өзінің жазбаларында 
жол бойы көрген- білгендерімен қатар қазақ аңыздарын сипаттайды 
[269]. Олар: «Ақсақ құлан», «Жеті қарақшы» жайындағы аңыздар, 
Ыстықкөлдің пайда болуы туралы әпсана т.б.
Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуге арналған Қазан 
төңкерісінен бұрынғы ғылым екі түрлі кезеңді бастан кешірген. Бірі- 
XVIII ғасырдан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі; екіншісі- ХІХ 
ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың басына дейінгі, яғни 


204 
орыстың түркітанушы ғалымдары мен қазақ оқымыстыларының күш 
біріктіре отырып зерттеген кезеңдерін қамтиды. 
XVIII ғасырдан ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі кезеңде 
қазақ фольклорын зерттеу ісі әлі ғылымның дербес саласы болып 
бөлінбеген. Сондықтан да бұл кезеңдегі еңбектерде фольклор үлгілері 
қазақ даласы туралы жазылған тарихи деректерді дәлелдеу үшін ғана 
келтірілетін-ді. Мәселен, Н.П.Рычковтың «Күнделіктерінде» қазақ 
арасында өлікті жерлеу ғұрпын сипаттау үшін жоқтау өлеңдерінен 
мысал келтірілген. Бұл сияқты халық әдебиетін пайдалану әдісін П.С. 
Палластың, И.Георгидің, Г. Спаскийдің т.б. қолданғаны анық [270]. 
1864 жылы «Современник» журналында К.Губаревтің Шоқан 
Уәлихановқа арналған «Қазақ даласы» деген мақаласы жарияланды. 
Этнографиялық және фольклорлық материалдар арқылы К.Губарев 
қазақ еңбекшілерінің хал-жағдайы қаншалықты ауыр екендігін 
көрсетіп, қазақтардың жағдайын нашарлатып жіберген әлеуметтік
кесел ретінде патшаның отарлау саясатын әшкерелейді. К.Губарев 
қазақтардың оқу-білімге ынтызарлығын атап көрсетіп, халықтың 
дамуына, жергілікті халықты оқыту-ағарту мәселесіне үкімет 
орындарының мейлінше кедергі жасап отырғанын айтады [271]. 
Дегенмен К.Губарев фольклорлық материалдарды қарастырғанда 
міндетті түрде әлеуметтік мәселелермен байланыстыра бағалаған. 
К.Губарев очеркінде демократияшыл фольклористиканың негізгі 
принціптері: халықтың хал-жағдайына көңіл бөлу және оның
мүдделерін қорғау т.с.с. дұрыс көрсетілген. 
ХІХ ғасырда тек саяхатшылар емес, қазақ ауылына барған 
дәрігерлер, қызметкерлер, мұғалімдер, оқыған зиялылар да 
фольклорды жинаумен қатар, түрлі этнографиялық очерктер жазған. 
Мұнда қазақтың салты, өмірі, өнері суреттеліп, газет-журналдарда 
беріліп 
отырды 
(«Акмолинские 
областные 
ведомости», 
«Семипалатинские областные ведомости», «Тургайские областные 
ведомости» т.б.). 
1846 жылы құрылған Орыс Географиялық қоғамы бүкіл Ресейді 
мекендеп, қоныстанған халықтардың фольклоры мен этнографиясын 
зерттеу саласында қыруар жұмыс атқарды. Негізінен бұл қоғамның 
құрылуы ғалым М.К.Азадовский пікірінше, патша үкіметінің 
отаршылдық саясатымен байланысты болды [272.]
Олар жөнінде Н.С.Смирнова былай деп жазды: «Географиялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет