Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет94/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

«1) Ертегі жасамайтын халық болмайды. Экономикасына
әлеуметтік, қоғамдық өміріне сәйкес әр халықтың өзінің қолтума, 
байырғы ертегілері болады. 
2) Ертегілер бір халықтан екінші халыққа ауысып, көшіп 
отырады: әр халық өзінен өзге халықта болған өнер, ғылым, техника 


267 
табыстарын үйреніп, қабылдап алған сияқты, ертегілерді де 
үйреніп, қабылдап алып отырады. 
3) Бірнеше халықта кездесетін кейбір ертегілер көшпелі, көп 
халыққа ортақ бір ертегі емес, біріне-бірі ұқсас, түрлі ертегілер. 
4) Қазақ арасында айтылып жүрген ертегілер түп-түгел 
қазақтың өзінікі емес, оның ішінде басқа халықтан келген, үйреніп 
алынған ертегілер де бар. Бұлардың бәрін де жинау, сұрыптау, 
жіктеу керек»,- дейді. Сөйтіп ғалым Б.Кенжебаев тұңғыш рет қазақ 
ертегілерін типологиялық зерттеу әдісі негізінде бүкіл сюжетін 
шамасынша сұрыптағанын көреміз. Сондай-ақ ғалым жалпы 
ертегілердің ауызша даму барысында, түрлі елдің қоғамдағы 
экономикалық-әлеуметтік 
жағдайына 
қарай 
өзгеру, 
түрлену 
ерекшеліктерін де дұрыс анықтаған. Міне, бұл ерекшеліктерді тек бір 
ертегі жанрына ғана емес, барлық фольклор түріне ортақ деп 
қарастыруға болады. Одан әрі ғалым ертегілер бойында халықтың 
дүниеге көзқарасы,түсінігі болатынын, әр елдің тарихынан, тарихи-
әлеуметтік дамуының, тұрмысының, салтының бейнесі, суреті бар 
екеніне де ерекше назар аудартады. Және де ертегіге тән мына
белгілері де:ертегілердің басталуы, ұласуы, аяқталысы; көбінесе қара 
сөзбен айтылатыны; ертегідегі бір оқиға екінші оқиғаға тиіп, бір 
оқиға екінші оқиғамен ұласып отыратыны т.б. алғаш рет сөз болады. 
Демек ХХ ғасырдың алғашқы жартысында басылған бұл мақалада 
Б.Кенжебаев қазақ ертегілерінің біраз жанрлық ерекшеліктерін, 
сюжетін т.с.с. фольклортану талабы тұрғысынан талдауы- сол 
кезеңдегі қазақ фольклористикасының жеткен жетістігі болып 
саналады.
Кеңес өкіметінің халық ауыз әдебиетін дұрыс түсініп, оны зерттей 
білуде фольклористерге біршама қамқорлық жасап, бағыт сілтеп 
отырғаны белгілі. Кеңес жазушыларының бірінші съезінде (1934) 
М.Горькийдің жасаған баяндамасы мен Д.Бедныйдың «Батырлар» 
(1936) пьесасы жөнінде СССР Халық Комиссарлар Советі жанындағы 
Искусство істерін басқару комитетінің алған қаулысы кеңес 
фольклористикасының тарихында елеулі уақиға болып саналды. А.М. 
Горькийдің баяндамасында халықтың поэтикалық творчествосының
негізі болып материалистік концепциясы алынды, халық ауыз 
әдебиетінің коллективтік ерекшелігі айқын көрсетілді. А.М.Горький
халық ауыз әдебиетінің тарихи мәнін, көркемдік қасиетін айта 
отырып, халық даналылығы арқасында жасалған типтер мен 
образдарды ашып берді. Сөйтіп халық поэзиясы дүниежүзілік 
әдебиеттің 
зор табыстарының 
негізі, 
қайнар 
көзі 
болып 
табылатындығын дәлелдеді. А.М.Горький кеңес жазушыларының 


268 
Бүкілодақтық бірінші съезінде сөйлеген қорытынды сөзінде кеңес 
жазушыларына халық ауыз әдебиетін жинаңдар, зерттеңдер, халықтан 
үйреніңдер- дей келіп: «Сүлейман секілді поэзия қазынасын жасай 
алатын білгір адамдарды қамқорлыққа алыңдар. Тағы да айтам: сөз 
өнері ауыз әдебиетінен басталады. Ауыз әдебиетін жинаңдар, одан 
үйреніңдер, зерттеңдер... Ауыз әдебиеті Совет Одағының 
жазушыларына көп материал береді»,- деп көрсетті [356]. 
Отызыншы 
жылдардың 
орта 
кезінен 
бастап 
кеңес 
фольклористикасы өзінің идеялық-теориялық дәрежесінің өсуі 
жағынан анағұрлым жоғары сатыға көтерілді. Әрбір республикадағы 
жазушылар одағының жанынан халық творчествосының секциясы, 
жоғары оқу орындарында халық ауыз әдебиетінің кафедрасы, 
ғылыми- зерттеу институттарында бөлімдер мен секторлар 
ұйымдастырыла бастайды. 
Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеуге Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, 
М.Ғабдуллин, М.Сильченко. Н.Смирнова т.б. әдебиетші ғалымдар ат- 
салыса бастады. Белгілі орыс фольклористері Ю Соколовтың [357], 
М.Азадовскийдің [358] мақалаларында қазақ фольклоры жайында
бірсыпыра мәнді пікірлер айтылды. Орыс әдебиетінің мәселелерімен 
шұғылданып жүрген Л.Тимофеев [359], К.Чуковский [360] сияқты 
әдебиетшілер өздерінің еңбектерінде, әдебиеттану ғылымының жалпы 
проблемалық мәселелерін сөз еткенде, халық ауыз әдебиетінің 
жайына да тоқталып өтеді. 
Фольклордың қалыптасуы мен дамуы жолында, оның көркем 
жазба әдебиетпен тығыз байланыста болғанына да көңіл бөлінген. 
Өнердің осы екі саласының өзара әсері мен өзара байыту процесі 
кеңестік дәуірде, көбінесе біржақты, яғни әдебиеттану тұрғысынан 
ғана зерттелді. Бұл мәселе неғұрлым тереңірек зерттеуді қажет етеді 
дей отырып, кеңес ғалымдары: халықтық шығармашылықтың 
әдебиетпен байланысын анықтау; кеңестік фольклордағы әдебиеттің
заңдылықтарын қарастыру мәні т.б. –бәрі фольклорды әрі тарихи, әрі 
теориялық тұрғыдан зерттеу қажеттілігін де алға шығарған болатын. 
Мұндағы теориялық мәселелер қатарына: жанрлардың өзіндік 
ерекшеліктері; болашақта социалистік қоғамда фольклордың даму
мүмкіндіктері; фольклор мен әдебиеттің келешекте бірігуі т.с.с. 
мәселелері сөз болады. 
1920-шы 
жылдардағы 
қазақ 
фольклортану 
ғылымында 
социалистік мазмұнды қалыптастыруда Қазан төңкерісіне дейінгі 
халықтық мұраны пайдалану жүзеге асқаны белгілі: жаңа форма 
ойлап табу мәселесі, «ескі» жанрдың элементін жаңа тақырыпта 
қолдану, «ескі» формадан құтылу мәселесі, кеңестік фольклордың 


269 
жанрлары, құралы және болашақ даму мүмкіндіктері т.с.с.назарда 
болды. Сондай-ақ ол кезде кеңестік қоғамның жаңа жағдайындағы 
фольклор мен әдебиеттің өзара байланысы, жазбаша туған 
шығармаларды 
фольклорға 
жатқызу 
мүмкіндігі, 
халықтық 
шығармалардың коллективтік авторлығы, варианттылық мәселесі 
т.с.с. қарастырылып отырды.
Сонымен қатар фольклорды айтушылардың социалистік реализм 
әдісін меңгеруі -кемшілігі десек, ал, типтілік мәселесін басшылыққа 
алу- ұтымды жағы болады. Қазан төңкерісіне дейінгіге қарағанда 
кеңестік фольклордағы жинақтау тәсілдеріндегі ерекшелігі: халық 
поэзиясындағы ұнамды қаһарман бейнесі, оның мінезін т.б. 
бейнелеуде қолданған жаңа тәсілдер, кейіпкердің халықтық бейнесі, 
яғни асқақтатылған көсемдер мен қарапайым кеңес адамының, және 
олардың озық қаһармандарының бейнесі т.б.- бәрі де фольклордың 
қоғамдық-саяси тақырыбын, социалистік мазмұнын т.б. айқындаудың 
негізгі әдіс-тәсілдері болды [361].
Мұндай кезең ерекшелігі қазақ фольклортану ғылымы 
қарастырған төмендегідей тақырыптар бойында да кездеседі: а) 
кеңестік фольклорда коллективтіліктің бастау алу мәселесі; ә) 
кеңестік фольклордағы ұнамды қаһарман бейнесі; б) кеңестік 
фольклор мен әдебиет; в) кеңестік фольклордағы социалистік реализм 
әдісі, болашақта социалистік қоғамда халық ауыз әдебиетінің 
мүмкіндіктері т.с.с. қаралды. 
ХХ ғасырдың бірінші жартысында аңыздардың зерттелуі барлық 
басылым көрген мәтіндерді жиыстырудан басталды. Аңыздарды 
зерттеу: тақырыбы бойынша, қағазға түскен уақыты мен 
қаһармандары бойынша жіктеу, жүйелеу жұмыстары, идеялық бағыты 
бойынша қаһармандардың халықтығы, халық кейіпкерінің аңыздағы 
орны, аңыздағы шындық пен қиялдың арақатынасы, аңыздардағы
тарихилық мәселесі, ол үлгілердің ауызша тараған тарих іспетті 
екендігі; аңыздағы варианттылық мәселесі фольклорлық жанрдың 
бір көрінісі екендігі, тарихи оқиғалардағы тұлғалардың типтендірілуі 
мәселесі, аңыздағы көркемдіктің белгілері, аңыздардың сөз өнеріне 
қатысы, кеңестік аңыз бен тарихи аңыз байланысы; аңыздардың 
қоғамдық-саяси, тарихи және тәрбиелік маңызы, аңыздардың 
жанрлық табиғатын анықтау т.с.с. мәселелер сөз болды. Бұлар сол 
кездегі фольклортану ғылымының ұтымды жағы болды. 
Сондай-ақ эпостық жырлардың идеялық- тақырыптық мазмұны;
ондағы қиял мен шындықтың арақатынасы; халықтың тарихи санасы 
мен тарихи көзқарасының эпоста көріну белгілері; эпостың 
мазмұнындағы негізгі ерекшелік реализм болып табылатыны; эпостың 


270 
композициялық, әрі стильдік безендірілуі; «ескі» эпостың дәстүрлі 
көркемдік құралдарын қолдану ықтималдығы; дәстүрдің біраз 
түрлерін ығыстыру мүмкіндіктері; бейнеліліктің жаңа тәсілдерін 
енгізу т.б. проблемалар жан-жақты қарастырылған болатын. 
Жалпы ертегі ішіндегі қаһармандардың бет-бейнесінің өзгертілуі; 
қаһарманның іс-әрекетін бейнелеудегі фантастиканың алатын орны; 
кейіпкерді неғұрлым шынайы көрсету үлгісі; ұнамсыз кейіпкерлердің 
бейнесіндегі өзгерістерді бақылау; ертегі сюжеті мен кейіпкерін 
түсіндіруде олардың әлеуметтік жағы басым қарастырылуы; 
ертегілерді көркейтуге қолданылған көркемдік тәсілдердің де
өзгерістерін бақылау; фольклорды таратушылардың ертегіге деген 
көзқарасының өзгеруі себептерін анықтау т.с.с. – бәрі де ХХ 
ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы 
алдында тұрған өзекті мәселелерді негіздегені анық. 
Сондай-ақ кезең ерекшелігі болып табылған Кеңес жүйесінің 
қоғамға енгізген түрлі өзгерістері өз кезегінде: ертегі жанрының 
өзгеруіне; Кеңес үкіметі тұсында жиналған ертегілердегі ерекше қиял 
мен шындықтың арасалмағын ажыратуға; сол тұстағы ертегілерде 
орын алған діни нанымның көріну белгілерін; халықтың дәстүрлі 
ертегіге көзқарасын, берген бағасын т.с.с. анықтауға әсер еткені 
сөзсіз [362]. 
Кеңестік 
дәуірде 
жарияланған 
мақал-мәтелдердің 
Қазан 
төңкерісіне дейінгілерден ерекшеліктері: идеясында; тақырыбында
қоғамдық саясаттың, моральдың, эстетиканың т.б. үлгісіндегі 
мазмұнында т.с.с. тарихи тұрғыдан келгенде тап тартысының дерек 
көзі т.с.с. ретінде алынуы- бәрі де социалистік құрылыстың негізін 
қалаудың бірден-бір насихат құралы есебінде алынғаны да мәлім. 
Соғысқа дейінгі кезеңде фольклорға тән өзіндік ерекшеліктерді 
зерттеу фольклортану ғылымы алдында тұрған басты мәселелердің 
біріне айналды. Бұл мақсатқа жету үшін ғалымдардың көбінесе 
фольклор мен әдебиеттің ерекшеліктерін өзара салыстырғаны мәлім. 
Фольклордың мән-маңызы мен өзіне тән ерекшеліктері дегенде, 
біріншісі- ондағы ауызекілік сипат, яғни фольклордың ауызша туып,
ауызша таратылып, ауызша дамып, ауызша түрленуі т.б. алынды. 
Себебі осы қасиеті арқасында халықтық шығарма авторлық 
шығармадан ажыратылды. Сондай-ақ фольклор бүкіл халықтың мұң-
мұқтажын, мақсатын т.б. дәріптеуге арналса, ал көркем шығарма 
индивидуальдық автордікі болғандықтан, субъективті мақсатты 
қанағаттандыруға тырысатыны да діттелді. 
Қазақ фольклортану ғылымы 1940 жылдары, яғни соғыс 
жылдарында да біраз қызметтер атқарды. Бұл кезде жазылған 


271 
мақалалар, ғылыми зерттеулер, негізінен бір тақырыпты- халықтың 
ерлік дәстүрін паш етуге арналды. Халықтың отансүйгіштік дәстүрін 
дәріптеумен қатар, фольклорлық мұраны жеке-жеке жанрларға жіктеп 
зерттеуі дами бастады. Мәселен, С.Мұқанов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, 
Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаевтың, т.б. қазақтың эпостық жырларын, 
Ә.Мәметованың шешендік сөздерді зерттегені мәлім. Мұндағы қазақ 
ауыз әдебиеті мәселелері халықтың тарихымен тығыз байланысты 
қарастырылды. Фольклордың әрбір жанрының өзіндік ерекшеліктері, 
шығармалардың 
көркемдік, 
идеялық, 
тақырыптық 
тарихпен 
байланыстылығы т.б. сол кездегі орта мектепке арналған оқулық, 
хрестоматиялар ауқымында да (авторлар: Қ. Жұмалиев, Ә.Марғұлан, 
Е.Ысмайылов, С.Мұқанов, Қ.Бекхожин т.б.) зерттеле бастады. 
Мәселен, ХХ ғасырдың 40-жылдары ерекше көзге түсетіні 
Ә.Марғұланның «Геройлық жыр тудырудың бірінші дәуірі» атты 
мақаласы (Әдебиет және искусство.-№1.1941.-Б.90-98). Мұнда қазақ 
тарихы Үйсін-Қаңлы заманынан басталады дей отырып, бұл геройлық 
жыр шығарудың бірінші дәуірі болды дейді. Оған біздің 
заманымыздан арғы ІІІ ғасыр мен осы заманның VI ғасырлар арасы 
жатқызылады. Кейін бұл бергі Қыпшақ дәуіріне (VIІ-ХІІ) ұласатыны 
да сөз болады. Үйсін-Қаңлы дәуірінде айтылатын геройлық жырларға 
«Ер Төстік», «Хан мерген», «Хан Бодай», «Ақ Көбек» т.б. үлгілері 
жатқызылған. Мәселен, «Ер Төстік» нұсқасы ескі замандағы 
бақташылық жыры делінсе, мұнда Ер Төстік найза алып қамалға 
шықпайтыны, көбінесе малды аман өсірудің алпауыты болып 
суреттелетіні, негізінен, жаратылыс стихиясына қарсы қару 
көрсететіні т.б. сөз болады. Және де бұл нұсқа сюжеті, 
кейіпкерлердің іс-әрекеті т.б. гректің «Илиада» мен «Одиссея» тәрізді 
шығармаларымен салыстырыла қарастырылады. Міне, мұнда 
жоғарыдағы келтірілген үлгілер Ә.Марғұлан еңбегінде эпос жанрына 
қатысты талданса, басқа зерттеулерде қиял-ғажайып ертегілер 
қатарында қарастырылатынын есте ұстаған жөн. Бұл пікірін 
Ә.Марғұлан «О характере и исторической обусловленности 
казахского эпоса» атты зерттеу еңбегінде (Известия казахского 
филиала АН СССР. Серия историческая.-1946.№2.-С.75-80) тереңдете 
отырып, эпостық жырларды шығу дәрежесіне қарай топтайды: 
1. Ең көне замандағы эпостық жырлар («Ер Төстік», «Ақ Көбек», 
«Құламерген», «Шолпан мерген» т.б.) 
2. Оғыз-Қыпшақ заманында пайда болған эпостар (ХІ-ХІІ ғ.ғ.) 
(«Қорқыт», «Алпамыс», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» т.б.). 
3. Тарихи дәуірдегі эпос (ХІІ-XIVғ.ғ.) («Қобыланды», «Ер 
Тарғын», «Қамбар»т.б.). 


272 
4.Жоңғар феодалдарының қазақ даласына шапқыншылығын және 
оған қарсы күресті сипаттайтын жырлар («Қабанбай», «Бөгенбай», 
«Олжабай» т.б.). 
5.Феодальдық қайшылықтарға қарсы күреске байланысты туған 
эпос. 
Міне, ғалымның қазақ эпосын бұлай жіктеу, үлгінің шығу кезеңін 
басты талап есебінде, яғни, негізінен, тарихилық ерекшелікті алға 
қоюмен түсіндіріледі. Демек эпостық жырдың ішкі өзіндік 
ерекшеліктері ескерілмей қалды. Сол себепті эпостың ішкі жанрлық 
түрлері, яғни батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар және тарихи 
жырлардың бір-бірінен айырмашылықтары ескерілмей қалды. 
Дегенмен қазақ эпосы пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін 
ХХ ғасырдың 40-шы жылдары ғалым Ә.Марғұланның ұсынуы, сөз 
жоқ, сол тұстағы қазақ фольклортану ғылымының жеткен деңгейін 
көрсетеді. 
Соғыс жылдары өзінің өмір сүру, әрі идеялық-көркемдік қызметі 
жағынан қаһармандық эпосқа деген қызығушылық үстем болғанына 
көңіл бөлген жөн. Дегенмен фольклорлық мұраға тек тұрпайы- 
әлеуметтік тұрғыда қарау, әрі халық шығармашылығын дамытуда 
мирасқорлық пен дәстүрлік маңыздылығын немқұрайды бағалау т.б.- 
бәрі де кезең ерекшелігі болып табылатын біржақты сыңаржақ
көзқарастар ықпалын танытады. 
Ғылыми жұмыстың сәтті өтуі үшін фольклорлық жариялымдарға 
қойылатын ғылыми талаптарды қисынға келтіру мәселесі де сөз 
болды. Сондай-ақ болашақта фольклор турасында оқу құралдарын 
жасау, академиялық жинақтарды шығару, оқу орындарында
фольклорлық кабинеттер ашу, фольклорды жинаушыларға түрлі 
нұсқаулар әзірлеу мәселелеріне де т.с.с. назар аударыла бастады.
Қазан төңкерісінен кейін фольклордың көптеген жанрлары ел 
арасында өзінің өмір сүруін тоқтатқан жоқ. Кейбір жанрларда 
дәстүрлікті (қалыптасқан бейнелер, берілуі формалары, тілі т.с.с.) әрі 
қарай жалғастыруы байқалса, кейбіреулерінде дәстүрлілікті сақтай 
отырып, кеңестік тақырыптармен толысу да іске асты. 
Ал, енді біраз үлгілерде стилін, тұрмыстық жағын нақтылау, түрлі 
детальдарды т.б. өңдеумен қатар, тіпті мазмұндық өзгерістер күштеп 
енгізілгені мәлім. Біраз зерттеушілер тарапынан фольклордың 
дәстүрлілігі жалпы өзгерістерге ұшырамау керек деп ескертілсе де, 
ара-тұра социалистік шындық тұрғысынан жаңарту, толықтыру аз 
болмағанына назар аударған жөн. Сондай-ақ дәстүрлі фольклорды 
кеңестік фольклормен теңестіруге болмайтыны, оның мәдени
мұраның бір бөлегі деп есептелінетіні т.с.с. сөз болуы да орынды. 


273 
Кеңестік фольклор мен әдебиеттің байланысына келетін болсақ, 
барлық уақытта да халықтық шығармалар классикалық әдебиеттің 
негізі болғаны белгілі. Халықтық шығармалардың жазушылардың 
көркемдік ой-санасына негіз болғаны да анық. Дегенмен Қазан 
төңкерісіне дейін өнердің бұл екі саласы арасында үйлесімділік, 
бірліктің т.б. болмауы, олардың әрі қарай дамуына кедергілер 
туғызды. Кеңес үкіметі тұсында бұл салалар бүкіл халықтың бірлігі 
көзқарасын дәріптеуге бағындырылды. 
1920 жылдардың соңына қарай елдің саяси, экономикалық, 
әлеуметтік өміріндегі түрлі өзгерістер мәдениет пен өнерге де өз 
әсерін тигізді. Көбінесе тақырыптың көкейкестілігі елдің өндірісінің 
қалпына келтірілуі мен құрылымдық өзгерістеріне т.б. байланысты 
туындап отырды.
1930-шы жылдары дәстүрлі фольклор негізінде жаңа үлгілер 
жасау мүмкіндігі сәтсіздікке ұшырады. Себебі дәстүрлі фольклордың 
көне тілі мен бейнелеу құралдарының т.с.с. жаңа кеңестік мазмұнмен 
сәйкес келмеуі байқалды. Дегенмен Кеңестік қоғамда болып жатқан 
өзгерістердің дұрыстығына дәлел көзі ретінде фольклорды бұрмалап 
пайдалану, фольклор бойынан жаңа идеологияға тиімді дәлелдерді 
іздестірумен қатар, сондай-ақ белгілі бір фольклорлық нұсқаларды 
кеңестік көзқарасқа орай өзгертуге т.с.с. тырысушылық та белең 
алды. 
Халықтық поэзияны зерттеу Ұлы Отан соғысы кезіндегі кеңестік 
фольклортанушы ғалымдардың басты міндеттерінің бірі болды. 
Халықтың рухани өмірін жан-жақты тану, олардың көркем 
шығармада көріну белгілері, даму заңдылықтарын ашу т.б.- бәрі сол
дәуірді зерттеушілердің басты міндетіне айналғаны анық. Дегенмен 
зерттеушілік жұмыстардың сәтті жүргізілуіне партия көсемі 
И.В.Сталин бейнесіне табынудың кері әсері де аз болмағанын айту 
керек. 
Тарихи шығармашылықтағы халықтың іс-әрекетін т.с.с. бұрмалау 
фольклор жөніндегі ғылымға да зардабын тигізді. Мәселен: 
фольклорлық мәтіндерді жариялауда қасақана біржақтылық, таптық 
тұрғыдан жіктеу үстем болды; толыққанды емес ғылыми 
басылымдарда тарихи оқиғаларға сыңаржақ баға берілді. Міне, 
мұның бәрі фольклортану ғылымының сол тұстағы жіберген
кемшіліктерін негіздегені сөзсіз. 
Ұлы Отан соғысының басталуы осы салада да барлық ғылыми-
зерттеушілік жұмысты қайта құруға әкелсе, сондай-ақ фольклор 
бойындағы халықтың ержүректілік, қаһармандық, батырлық т.б.
дәстүрлерін қайта жаңғырта отырып, халықтың рухани, моральдық 


274 
бейнесін идеология құралы есебінде ортақ жауға қарсы ұйымдастыру
қажеттілігіне бағындырылғаны белгілі. Көбінесе фольклордың ішінде 
қаһармандық тұлғаны әспеттеу дәстүріне көп назар аударылуы - 
халықты сол кезең үшін аса қажет отансүйгіштікке тәрбиелегені анық. 
Сонымен 
қатар 
халық 
шығармаларын 
тарихи 
аспектіде 
қарастырғанда, мәтіннің идеялық-көркемдік мазмұнын, халықтың 
рухани өміріндегі маңызы мен мақсатын, мәдениет тарихына қатысын 
т.б. жан-жақты саралау жүзеге аса бастады. 
ХХ ғасырдың бірінші жартысының соңына қарай фольклорды бір 
ғылым саласы тұрғысынан ғана емес, комплексті түрде зерттеу 
нышандары байқала бастады. Яғни фольклорды , әдебиеттану, 
тілтану, этография, тарих, философия тұрғысынан қарастыру 
белгілері көрініс таба бастады. 
ХХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ фольклорына қатысты 
түрлі ғылыми жинақтар, хрестоматиялар, кітаптар басылым көргені 
белгілі. Бұлардың бәрінде дерлік кіріспесі мен алғысөздері беріліп, 
онда қазақ фольклорының жанрлық сипаты, ерекшеліктері, жиналу, 
жариялану тарихы т.б. сөз болады. Мәселен, ғалым А.Байтұрсынов 
құрастыруымен Мәскеуден 1923 жылы «Ер Сайын» жырының жеке 
кітап болып шыққаны мәлім. А.Байтұрсынұлы оны «Ертегі жырлар» 
тобына жатқыза отырып, қазақтың әйгілі «Қара қыпшақ Қобыланды 
батыр», «Нәрікұлы Шора», «Алпамыс батыр», «Ер тарғын», «Едіге», 
«Қамбар» тәрізді жырларымен бірге қарастырады. Мұндағы ертегі 
жыр деп отырғаны батырлар жыры екені белгілі. Ал, қалған 
жырларды («Орақ-Мамай», «Абылай», «Кенесары», «Наурызбай» т.б.) 
«тарихи жыр деп жіктегені де белгілі [363]. Демек, фольклортанушы 
А.Байтұрсынұлы қазақ эпосы жанрын іштей екі топқа бөліп 
саралағанға ұқсайды. 
Сөйтіп, А.Байтұрсынов бұл кіріспе сөзінде батырлар жырының 
кейбір жанрлық белгілерін, халықтың жыр тудырудағы рухын т.б.
даралап көрсете білді. Бұл сол кездегі үлкен ғылыми ізденістің басы 
ғана болды. Осы пікірлер негізінде ғана барып, кейінірек
фольклортану ғылымында эпостық батырлар жыры, лиро-эпос 
жырлары, тарихи жырлар тобы өз алдына жеке қарастырылады. 
Белгілі ғалым С.Қасқабасов пікірінше, кезінде бұл «Сайын 
батыр» жырын [364] ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде орыс 
фольклорист-ғалымы В.В.Стасов назарында ұстаған [365]. Ғалым 
В.В.Стасов өз еңбегінде орыс былиналарының көбісі шығыстан 
алынған деген ойын ұстана отырып, пікірінің дұрыстығын дәлелдеу 
үшін мәтін көзі ретінде көптеген шығыс халықтарының, оның ішінде 
қазақтардың да фольклорлық нұсқаларын (бірі- «Сайын батыр» жыры) 


275 
қолдана отырып, өз пікірін дәлелдеуге, сараптауға тырысқаны белгілі. 
Кезінде В.В.Стасовтың осы бір еңбегін оң бағалаған пікірлер де баспа 
бетінде жарияланған: бірі- белгілі орыс фольклортанушысы 
М.К.Азадовский болса, екіншісі- фольклорист- ғалым В.Е.Гусев еді 
[366]. 
«Ер Сайын» кітабы ішінде алғысөз есебінде жырға қатысты 
Әлихан Бөкейхановтың жарты беттік ой-пікірі мен белгілі ғалым 
Г.Н.Потанин өмірбаянына қатысты 6 беттік мақала түрінде еңбегі 
берілген [367, 85-91]. Мәселен, жыр туралы Ә.Бөкейханов былай 
дейді: «Ахмет өңдеп өткерген «Ер Сайынның» жыры «Батыр Сайын» 
деп В.В.Радлов жазған жырмен бір екен. Екеуінің айырмасы мына 
осы «Ер Сайынның» «аяғы» деп басылған. Өзге жерлер айтушыға 
қарай өзгеше бола береді. Өзге жырда жырдағы кісілер ғана
өлеңдетіп келеді. Өзге әңгіменің бәрі қара сөзбен айтылады. Ер 
Сайын, Қарақыпшақ Қобыланды (Ташкенте басылған), Манас қана 
аяғы өлеңмен келеді. Тыңдаушы жаратқан соң жыршылар жырдың 
қара сөзін де өлеңге аударып жіберген ғой. Манас қырғыз тілінде,
мұны да «Күншығыс» баспасы басады»,- делінген [367, 85
б.
]. Демек 
Ә. Бөкейханов эпос жанрын әңгіме деп түсінгенін көреміз. Сондай-ақ 
Ә. Бөкейханов бұл мәтіндердің текстологиясын қарастырып, өзіндік 
ұқсастық пен айырмашылықтарын ажыратуға тырысқан. Және де 
өзгеріс атаулының себебі жырды айтушылардың өзінде жатқанын
ескертеді. Ал, ғалым Г.Н.Потанинге арналған беттерде, негізінен,
оның өмірбаяны мен қазақ фольклортану ғылымына қосқан еңбектері 
сараланған. Мәселен, Ә. Бөкейхановтың: «Восточные мотивы в 
средневековом европейском эпосе» деген кітабында (Г.Н.Потаниндікі- 
Н.Ж.) Күнбатыстың әдебиетіне қор болған, үлгі болған Күншығыстың 
ауыз айтып жүрген ертегі, жыр, мақал, өлеңі деп келеді»,- деген ой-
пікірлері бар [367, 87
б.
]. Міне, осы арқылы ғалым Г.Н.Потаниннің 
қазақ фольклорын орыс тілді елдерге насихаттаушы қызметінің 
маңыздылығын атап көрсеткен. 
Фольклордағы мәнді бір саланың бірі- жоқтау жырлары десек,
А.Байтұрсынұлы мен Ә.Бөкейхановтың бұл тұстағы еңбегі айрықша. 
Қазақтың жоқтау жырлары- фольклордың тұрмыс-салт жырларына 
қатысты қаралатыны белгілі. Бұл жанрдың өзіндік ерекшеліктерін 
А.Байтұрсынов пен Ә.Бөкейханов ізбасарлары, бастапқыда белгілі 
фольклортанушы ғалымдарымыз: М.Әуезов, Х. Досмұхамедов, 
С.Сейфуллин қарастырса, кейінірек ол дәстүрді Б.Кенжебаев, 
М.Сильченко, Б.Уахатов, С.Қасқабасов, Б.Абылқасымов т.б. [368] 
жалғастырғаны белгілі. 


276 
А.Байтұрсынұлы мен Ә.Бөкейханов тұрмыс-салт жырларының бір 
саласы- жоқтауды өз алдына топтастырып, Мәскеуден 1926 жылы 
жарыққа шығарған «23 жоқтау» деген жинағы [369] т.б. қазақ 
фольклорын, әдебиетін, тілін, тарихын, жалпы мәдениетін зерттеуші 
ғалымдар сүйенерлік мәнді мәтін көзі т.б. болып табылады. Бұл 
еңбек сонымен бірге ел арасынан фольклор үлгілерін жинаушылар, 
жариялаушылар, зерттеушілер үшін, әрі ғылыми жоба-нұсқа, әрі 
мақсатты бағдарлама іспетті болды. Сондай-ақ халық мұраларын 
тездетіп жинау керектігін паш еткен үгіт-насихат құралы болғаны да 
белгілі. Осы арқылы-ақ А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов есімі қазақ 
фольклортану тарихында өзіне лайықты орын алатыны сөзсіз. 
Еңбектің алғашқы мұқаба бетінде: «Қазақ тарихының төрт жүз жылын 
алады»,- деген ғалымдар сілтемесі келтірілген. Міне, біз бұдан 
фольклорға тарихи тұрғыдан келу- А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов
зерттеушілігінің бір қыры, өзгешелігі деп қарастырамыз. Атап 
айтқанда, біріншіден, тұрмыс-салт жырлары ішіндегі тарихқа 
неғұрлым жақын келетіні- осы жоқтау жанры болса, екіншіден, бұл 
зерттеуші ғалымдар үшін құнды документальды материал көзі 
демекпіз; үшіншіден. өскелең ұрпақты ұлттық ерлік рухында т.б.
тәрбиелеу мақсатында қарастыруы т.б.- бәрі жоқтаулардың тарих 
үшін маңыздылығына ғалымдардың назар аудартқанын дәлелдейді. 
Кітап алғысөзі А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов атынан 1,5 бетті
алады. Алғысөзде кітап мақсатын айқындаған мынадай ойлар бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет