Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет96/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

уақиғалары, тұрмысы, мінезі, тегіс суреттеледі»,- дейді [371, 1-2
б.
]. 
Міне, мұнда автор дәстүрлі фольклорды ескі сөз деп қабылдаған. 
Және де фольклордың мақал, мәтел, өлең-жыр үлгілерін дұрыс
анықтаған. Мұнда, ең бастысы халықты танудың бірден-бір қайнар 
көзі- мақалдарда жатқанын автор дәріптейді. Халықтың ғасырлар 


278 
бойғы даналығы, тәжірибесі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, тіпті 
басынан өткен тарихы да – осы мақалдар бойынан табылатыны
сараланған. Сөйтіп, автор мақалды таным көзі, дерек көзі, тәрбие көзі 
деп те бағалаған. Сондай-ақ Нәзір Төреқұлов жаңа есін жиып,
тұрмысын түзеп, әдебиетін гүлдендіруге бет алған қазақ халқына таза, 
әдемі тіл керектігін діттеп, тілдің негізі, жұрнағы ел аузындағы ескі 
сөз, мақалдарда т.б. жатыр дегенді жазады. Демек, Нәзір Төреқұлов 
мақалдарды тіл тазалығы үшін күресте насихат құралы ретінде де 
пайдаланған. 
1926 жылы Ташкенте қазақтың ел әдебиетінен алынған үлгілерді 
жинақтаған «Аламан» кітабы басылды [372]. Бұл жинақты 
құрастырып, 8 беттік алғысөзін жазған белгілі ғалым Халел 
Досмұхамедұлы еді. Бұл жинаққа «Қармыс батыр», «Байбоз-
Жанбоз», «Әлімұлы мен Байұлының айтысқаны», «Балуанияз» т.б.
тәрізді үлгілер енген. Мәселен: «Халықтың құлқы, мінезі, ойы 
заманындағы әдебиетінен білінеді. Әдебиет-халықтың түрлі 
қимылдарының айнасы. Жиырмасыншы ғасырға дейін қазақта 
жазба әдебиет жарытып болмады. Бірақ халық арасындағы ауыз 
әдебиет қазақта бай болды. Ауыз әдебиетінің көбі- он тоғызыншы 
ғасырдың мирасы. Алғы әдебиеттен қалған жұрнақ аз. Біздің 
қолымызда кіші жүз қазақтарының (Орал, Бөкей, Мағыстау) 
арасынан жиналған он тоғызыншы ғасырдағы ел әдебиетінің бір 
бөлегі бар»,- дейді автор [372, 3
б.
]. Енді бірде Х. Досмұхамедұлы: 
«Біздің жұмысымыз ел әдебиетінде бадырайып көрініп тұрған 
«өткен әлеуметшіліктің» бір бұтағын көпке көрсету. Оңды 
әлеуметшілік құру үшін елдің өткен-кеткен тұрмысын, бұрынғы 
болған әлеумет қимылдарын тану керек. Ел әдебиетімен
таныспайынша өткеннің көбін де, бардың жарымын да тану 
қиын»,- деген пікірін жазады [372, 10
б.
]. Ендеше ғалым фольклорды
бірде ауыз әдебиеті десе, бірде ел әдебиеті ұғымында қолданған. Одан 
әрі автор фольклордың танымдық қызметіне ерекше назар аударады. 
Онда халықтың тұрмысын, әлеумет қимылдарын тану қажеттігі 
қарастырылған. 
1939 жылы Алматы қаласында С.Мұқанов құрастыруымен латын 
әрпінде «Батырлар жыры» жинағының бір томы жарық көреді. Жинақ 
басы «Батырлар жырының әдебиеттегі орны»- деп аталған 
С.Мұқановтың алғысөзімен басталады. Оның өзі іштей 8 бөлімге 
ажыратылған, әрқайсысында белгілі бір мақсат көзделгені анық. 
Мәселен, бірінші тарауда [373, 5-6
б.
] Қазақстан халық әдебиетінің
ұлттар мәдени қазынасындағы ең қымбат мүліктерінің біреуі 
екендігін дәлелдеу орын алған. 


279 
Міне, мұнда С.Мұқановтың халық әдебиеті дегені фольклор екені 
анық. Алғысөзде С.Мұқанов фольклордың: ертегі, мақал, жұмбақ, 
жаңылтпаш, тұрмыс-салт жырлары, эпостық жырлары т.б. тәрізді 
жанрларын қарастырған. Ал, фольклордың ұшан теңіздей мол 
екендігіне, ол теңіздегі түрлі қайнар көздері болатынына, ол өз 
кезегінде қоғамның көп заманғы тарихымен ұштасып жататынына 
назар аударуы т.б.- бәрі ғалымның фольклорға тарихи көзқараспен 
қарауынан туындаса керек. Мәселен, ол ертегі жанры туралы 
мынадай пікір айтады: «Ертегі: құсқа қарап адам ұшуды қиял етеді,
балыққа қарап жүзуді қиял етеді, алысқа қарап сөйлесуді қиял етеді,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет