Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет37/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

газеты за 1900 год”, -деген ескертуі де бар [176, 1
б.
]. Мазмұны 
алдымен кіріспеден (1-2 б.), негізгі бөлімі- 4 тараудан тұрады. 
Кіріспеге бұл қазақ жұмбақтарының Торғай облысының қазақтарынан 
жазылып 
алынғандығы 
турасында 
айтылады. 
Жұмбақтарды 
қазақтардың көп қолданатыны, құрметтейтіні, кез келген жастар бас 
қосуы жұмбақсыз өтпейтіні ескерілген. Тіпті кейде жұмбақ айту мен 
оны шешуге арналған жарыстар көптеген топтар арасында, әсіресе 
ерлер мен әйелдер араларында, тіпті сол топтардың ұсынған 
жекелеген тұлғалары арасында да өтетіні айтылады. Мәселен, «Ақ 
қойым тұрып кетті, қара қойым жатып қалды,- делінсе аудармасы 
былай берілген,- Белый мой баран ушел, а черный остался» [176, 1
б.
]. 
Бұл мәтіннің сөзбе-сөз аударма негізінде берілгенін айғақтайды. Әр 
жұмбақтың жауабы сол жұмбақтың астына жақша ішінде оқшауланып 
беріліп отырған. Мәселен: “Қар менен жер жазғытұры, -делінсе, 
аудармасы, -Снег и земля весною”,- делінген. Сондай-ақ әр жұмбақ 
рет-ретімен нөмірленген. Ондағы мақсат түпнұсқаны аудармамен 
салыстыру жұмысын жеңілдету. Мұның бәрі жинақ маңыздылығын 
арттырады. Жинақтағы жұмбақтар: жан-жануарларға, адамға, оның 


109 
тұрмыс-тіршілігіне қажетті деген заттарды, қоршаған ортасы
төңірегіндегі тақырыптарды құрайды. 
Мәселен, “Қара сиырым 
қарап тұр,//Қызыл сиырым жалап тұр” (қазан мен ет), -деп берілсе, 
орыс тілінде, -Черная корова спокойно стоит, //А красная-лижет”,- 
делінген [176, 19
б.
]. Демек бұл үй тұрмысында, шаруасында т.б. 
қажетті деген заттардың жұмбақталу үлгісі: бір жағынан, жастарды 
жіті байқағыштыққа, зеректікке т.б. тәрбиелесе, екінші жағынан, 
олардың ойлау қабілетін, логикасын дамытатыны да сөзсіз. Яғни 
жұмбақтардың халық өмірінде, сондай-ақ танытқыштық та, 
ақпараттық та т.б. қызмет атқаратындығының дәріптелуі, сөз жоқ, 
жинақтың ұтымды жақтары болып табылады. 
Жинақтың келесі тарауында діни мазмұндағы 7 жұмбақ 
қамтылған. Жұмбақ төркіні: Мұхаммед (Ғ.С.) пайғамбарға, Құран 
кітабына, Мұхтасар кітабына, Мұса (Ғ.С.) пайғамбардың таяғы, бір 
Алла, Ай мен Күн, бес уақыт намаз, отыз күн ораза, шайтан, молдадан 
оқыған бала т.с.с. төңірегінде келеді. Мәселен, “Басы жоқ, жаны жоқ, 
//От оттап, су ішкен (жауабы- пайғамбардың асасы), -десе, аудармасы, 
-Без головы, без души, //Обжигал огнем и пил воду”,- делінген тәрізді 
(ответ – жезл пр. Моисея) [176, 32 б.] үлгілерден жинақталған т.с.с. 
Демек бұл жинақ қазақ жұмбақтарын: 105 үлгісін, діни ұғымдағы-11, 
айтыс түріндегі-1(4 жұмбақтан тұратын); ұзақ өлең үлгісіндегі-7 
жұмбағын т.б. қамтиды. Жинақ маңыздылығы-түрлі әлеуметтік 
топтардың: әрі қарапайым халық, жігіт пен қыз, оқыған молдалар мен 
ақындар т.б. өкілдерінің ауызба-ауыз шығарған жұмбақтарының бір 
араға жинақталып, әрі олардың орыс тіліне аударылып басылым 
көргені көңіл аудартады. Сол арқылы қазақ фольклорының 
жұмбақтарға бай екендігін басқа халықтарға дәріптеумен қатар, қазақ 
халық ауыз әдебиетінің алтын қорын байытып отыр. ХХ ғасырдың 
басында белгілі ғалым А.В.Васильевтің бұл жинағы қазақ 
фольклортану ғылымында фольклор үлгілерін екі тілде (қазақ-орыс 
тілінде) жариялаудың өзіндік жолын негіздеді. Сол арқылы келесі 
ретте шығатын басқа да фольклорлық жинақтардың баспадан
шығарудың жүйелі, ғылыми жолын көрсетті. 
А.В.Васильев, сондай-ақ қазақтың баталарын бір жерге жинақтап, 
«ХІІ молитвенных благожеланий» атты кітап құрастырып бастырған 
[177]. Қазақша мәтін сөзбе-сөз орыс тіліндегі аудармасымен (сөздері 
қысқармаған) берілген. Жинаққа 12 бата енген. Мәтіндер негізі 1904-
1905 жылдар аралығында шығып тұрған «Торғай газеті» беттерінен 
алынып, өз алдына жеке құрастырылған. Ендеше фольклорлық 
мәтіндердің бір кітапқа жанрлық тұрғыдан топтастырылып, қайдан
алынғандығына назар аударылуы және екі тілде қатар басылым көруі 


110 
т.б. – бәрі жинақтың ғылыми сипатын танытады, әрі оның 
құндылығын арттырады. Жинақтың ғылыми талаптарға сай басылым 
көруі, зерттеушілер үшін құнды дерек көзі болып табылады, және де 
ондағы келтірілген дерек көздері дәлділігімен, сапалығымен т.б. 
ерекшелінеді. 
1910 жылы жарық көрген: «Қазақтың айтысқан өлеңдері»,- деп 
аталған жинақта: «Қыз бен баланың айтысқаны», «Орынбай ақын мен 
Тоғжанның айтысқаны», «Орынбай мен Серәлінің айтысқаны», 
«Бейбіт пен Өске ақынның айтысқан сөздері»- атты айтыс нұсқалары 
алғаш топталып берілген [178].
Мұнда «Қыз бен баланың айтысқаны» үлгісі алдымен «қыз», одан 
кейін «бала» сөзімен аралас берілген. [178, 2-8
б.
]. Айтушының 
әрқайсысының сөзі жеке-жеке келтірілген. Өлең жолдары арасы 
жұлдызшалармен бөлінген, барлығы 222 жолдан тұрады. Айтыс 
соңында: «Ақырында баланы 34 жасар қыз жеңгені»,- айтылады [178,8
б.
]. Жалпы кітапта айтыс үлгісінің 800-дей өлең жолдары 
жинақталған. Дегенмен айтыс үлгілерін жинаққа топтастырып, 
баспаға ұсынған кім екендігіне, кімдерден, қалай, қашан т.с.с. 
жазылып алынғанына қатысты дерек көздері көрсетілмеуі кемшілігі 
болса, жақсы жағы- айтыс жанрының бір жерге топтастырылып
алғаш рет жинақ түрінде басылым көруі дер едік. Ендеше қазақ 
айтысын әрі жинап, әрі жариялауда, әрі насихаттауда т.с.с. бұл 
жинақтың маңызы ерекше зор болды. 
Дегенмен ХХ ғасырдың басында белгілі бір мақсатта түрлі-түрлі 
фольклорлық жинақтар құрастырылғанда, көбінесе газет, журнал 
беттерінде басылған мәтіндер жиі алынатыны да т.б.- бәрі сол дәуірде 
кітап шығарудың кезең ерекшелігін айғақтайтын дәстүрлі тәсілдеріне
айналғандығын көрсетеді. Мұнда арнайы қаражат шығарып, 
экспедициялар құрудың қажеттігі аз, дайын басылым көрген үлгілерді 
жинау 
т.б.- 
бәрі 
уақыт 
аздығымен, 
төл 
оқулықтардың 
жетіспеушілігімен ғана түсіндірілсе керек. Мәселен, Орынбор 
қаласында 1905 жылы жарыққа шыққан «Базай батыр и сын его 
Коруглы (из киргизских преданий)» атты кітап бар [179]. Бұл 
кітаптың қазақша мәтіні, яғни түпнұсқасы берілмеген, керісінше
орыс тіліндегі мәтіні ғана бар. Кітаптың жариялаушысы, 
құрастырушысы турасында, кім айтты, қашан айтты т.с.с. тәрізді 
бірде-бір дерек көзі берілмеген. Тек «Торғай газетінің» 1905 жылғы 
санынан алынды деген ескертуі ғана бар [179,1
б.
]. Әр бетте 30 жол 
бар. Мәтін өзі іштей үш бөлікпен ажыратылған: бірінші бөлімде Базай 
батыр ерлігі, қарсылас жауын жеңуі, тіпті өзіне қарсы шыққан 


111 
Қазақай ханды өлтірмей еліне қайта билік жүргізуіне рұқсат етуі т.б. 
сөз болады [179, 1-5
б.
]. 
Екінші, бөлімінде, соғысқа Базай батыр кеткенін пайдаланып 
қарсыластарының елді қанауы, тонауы және аяғы ауыр әйелі 
Айсұлуды тірідей жерге көмуі сөз болады, одан әрі көрден дүниеге 
нәресте келуі, оны әкесі Базай батырдың соғыстан келген соң көруі, 
қуануы, той жасауы, атын бір шал Көрұғлы деп қоюы, баланың 
ерекше күштілігі т.с.с.- бәрі рет-ретімен баяндалады [179, 5-13
б.
].
Ал, үшінші бөлім Базай батыр баласы Көрұғлының ерліктеріне 
арналады [179, 13-18
б.
]. Жалпы кітаптың кейбір ғана жерлерінде
қазақша бір-бір өлең шумақтары беріледі де, қалған жерлерінің бәрі 
орыс тілінде жазылған. Міне, бұл кітап не ғылыми сипатымен де 
ерекшеленбейді, не жинақ, не хрестоматия үлгісінде де басылым 
көрмеген. Фольклорды мұндай тәсілмен, яғни түпнұсқасыз орыс 
тілінде ғана жариялау ХІХ ғасырдан келе жатса да, ХХ ғасыр 
басында сирек кездесуі, оның ескіре бастағанын көрсетеді. 
Сондай-ақ бұл жылдары баспадан шығарылған жинақтардың 
соңында, әсіресе Қазан қаласында шыққандарында, міндетті түрде 
қаржысы көрсетіліп отырылды. Сонымен бірге кейінірек шығуға 
тиісті, не сол кезге дейін жарияланған кітаптардың тізімі, жылы, 
қаржысы, қай қаладан, кімнің баспаханасынан жарық көргенін 
анықтайтын ақпараттық тізім көрсеткіші де бірге басылуы іске асып 
отырған. ХХ ғасырдың басындағы кітап шығару ісі тек баспагер үшін 
қаржы көзі болумен бірге, ол фольклорлық үлгілердің таралуына
насихатталуына т.б. қажетті үгіт-насихат құралы да болды. 
Бір кітап «Букварь для киргизских аульных школ» деп аталады 
[180]. Мұнда қазақтың жұмбақтары мен 12 шақты ертегілері 
топтастырылып, қазақ және орыс тілдерінде берілген. Бұған қарағанда 
автор фольклорды оқу құралына қажетті мәтін көзі ретінде қолданған. 
Оқу құралында құрастырушының аты-жөні толық көрсетілмей, тек 
инициалы ғана берілген. Демек ХХ ғасыр басында мәтіндерді кімнен, 
қашан, қалай, қай уақытта т.б. жазып алғандығына қатысты дерек 
көздері қамтылмауы сол тұстағы кітаптардың ғылыми сипаттан гөрі 
бұқаралық мақсатта басылғанын дәлелдейді. 
Ал, «Келіннің бетін ашатын терме»» кітабына келетін болсақ: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет