Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет45/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

2. Комсомол, пионер тұрмыстары, төңкеріс мейрамдары, партия 
бағытына бейімдерлік темаларға да жазылу керек. 
3. Қазақстан баспасы бұл іске көңілін бөліп, оқу, ағарту 
орындары, педагог, жазушы, суретшілер (художник) мен пікірлесе 
отырып, балалар әдебиетін көркейтуге күш жұмсасын. 
4. Осы күнге шығып жүрген балалар әдебиеті тым қымбат. 
Әрине суретті, әшекейлі болғандықтан қымбат түсетін шығар. 
Әйтсе де, мүмкіндігінше арзан бағалы болуына көз салынсын»,- 
делінген [228,3 
б.
]. Міне, мұндай кезең ерекшелігін дәйектеген 


135 
мақалалардан сол кездің өзінде де қазақ фольклорын балалар әдебиеті 
үшін қажетті дерек көзі ретінде пайдаланумен қатар, Кеңес үкіметі 
тұсындағы тап тартысы, әдебиеттің партиялылығы т.б. тәрізді теріс 
идеологияларды таңу үшін, елдің ой-санасын игеруге бағытталған 
саяси күресте де арнайы сұрыптау, жіктеуден өткен фольклорды үгіт-
насихат құралы ретінде пайдалануға тырысқандықты көреміз. 
Бұл сияқты мақалаларға керісінше пікірлер де айтылып жатты. 
Мәселен, «Григорий Николаевич Потанин» деген мақалада [229] Ә. 
Бөкейханов Г.Н.Потаниннің әкесі хақында және досы Шоқан 
Уәлиханов жайында т.б. құнды деректер келтіреді. Сонымен қатар 
Г.Н.Потаниннің жазған еңбектеріне, өмірбаянына т.б. шолу жасайды: 
«1915 жылы Г.Н. 80 жасқа толды. Г.Н. атына бағыстап шәкірттері 
кітап басты. Соған қосылып қазақтың өлеңін, жырын, мақалын 
біздің қазақ жастары да баспақ болды. Мына «Ер Сайын» мұның 
басындағы Ахметтің «Г.Н.-қа тартуы» сонда басылмақ болған еді. 
Күншығыс баспасы баспақ болып отырған Баржақсыұлы Ахмет 
жиған «Мың бір мақал да» Г.Н.-қа қалап басылмақ еді»,- делінген 
[230]. Міне, бұдан біз ХХ ғасырдың басында қазақ фольклортану 
ғылымында белгілі бір фольклор үлгілері жарияланғанда, арнайы бір 
тапсырыс көлемінде де, кейде белгілі бір мерейтойға да үйлестіріп т.б. 
іске асырылғандығын да байқаймыз.
Жалпы халықтың өз алдына жеке отау тігіп, егеменді ел болуды 
армандауы, өзінің төл мәдениетіне, тіліне, тарихына, әдебиетіне т.с.с. 
деген табиғи қызығушылықтың өркендеуі т.б.- бәрі де ХХ ғасырдың 
бірінші жартысындағы қазақ фольклорын жариялау ісін тездеткені 
анық.  
ХХ ғасырдың бірінші жартысында ғылыми-педагогикалық 
сипатта жарияланған фольклор үлгілері, көбінесе хрестоматия, оқу 
құралы т.б. үлгісінде жарық көріп, олардың алғысөзі, ғылыми 
түсініктемелері бірге берілетін болған. Қазақтың халық ауыз әдебиеті 
жеке пән ретінде мектепте оқытыла бастады. Осымен байланысты
мектеп бағдарламасына сәйкес 1940 жылы С.Мұқанов пен 
Х.Бекхожин құрастырған халық ауыз әдебиетінің хрестоматиясы 
баспадан шықты. Негізінен, хрестоматия ішінде берілген фольклор 
үлгілерінің паспорттық деректері жоқ. 1944 жылы С.Мұқанов пен 
Қ.Бекхожиннің құрастыруымен «Қазақ әдебиеті» атты орта мектепке 
арналған хрестоматия кириллица әрпінде жарыққа шықты [231]. 
Хрестоматия басылуындағы мақсат оқушыларды, жалпы халық 
әдебиетін сүйіп оқитын оқырмандарды халықтың ерлік тарихымен 
таныстыра отырып, олардың бойына отансүйгіштік, елді, жерді 
қадірлеу тәрізді тәрбиелік мәні құнды қасиеттерді дарыту болған. 


136 
Хрестоматияның алғысөзі мен мазмұны бар. Құрамында: «Аяз би», 
«Ер Төстік», «Құламерген» ертегілері [231, 5-57
б.
]; тұрмыс-салт 
жырларынан [231, 58-65
б.
] «жар-жар», «бет ашар», «көңіл айту», 
«толғау» тәрізді үлгілері; батырлар жырларынан [231, 66-147
б.
] «Ер 
Едіге», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қарасай-Қази» т.б.; лиро-
эпостық жырлардан [231, 148-206
б.
] «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз 
Жібек»; жеке ақындардың шығармаларынан [231, 207-282
б.
] Асан 
қайғы толғаулары, Бұхар жырау, Махамбет, Шернияз, Досқожа, 
Шортанбай, Мұрат, Сүйінбай т.с.с. ақындардың өлеңдері қамтылған. 
Алғысөзде [231, 3-4
б.
] құрастырушылар С.Мұқанов, Қ.Бекхожин 
хрестоматияның 
басылудағы 
мәні-мақсатына; 
хрестоматияға 
енгізілген әр жанрдың тақырыптарына қысқаша ғана тоқталады. 
Мәселен, «Тұрмыс-салт жырлары» атты бөлімге «Мамайды жоқтау» 
деген жырдың қосылғанын; аңыз бойынша бұл жоқтауды батыр анасы 
Қараүлек екендігін, Мамайдың ерлік, отансүйгіштік бейнесін 
оқушыларға жақсы аңғарту қажеттігі сөз болады.
Ал, «Батырлар жыры» деген бөлімде «Ер Тарғын жыры»
берілген. Сондай-ақ Мергенбай жырау жырлаған «Қобыланды батыр» 
жыры да бар. Батырлардың ерлік, отансүйгіштік қасиеттерін 
құрастырушылар Отан соғысымен байланыстырады. Демек, сол 
тұстағы жарияланған түрлі фольклорлық жинақтар, хрестоматиялар, 
кітаптардың жастар бойына еліне, жеріне т.б. деген отансүйгіштік 
қасиетттерді, ортақ жауға келгенде алауыздықтарды қойып, 
ортақтасу, бірігіп күресу т.б. тәрізді идеяларды да дарыту болғанын 
айту керек. Әрі бұлардың сол кездегі сыртқы жауларға қарсы үгіт-
насихат құралдары қызметін атқарғанын да есте ұстау қажет. 
Кітаптың «Жеке ақындардың шығармалары»- деп аталатын 
бөлімінде қазақ халқының XVIII-XIX ғасырдағы әлеуметтік күйін, 
сыртқы жауларына, отарлау саясатына т.б. қарсы күрестерін 
көрсететін және патша қысымына түскен қазақ елінің жай-күйін 
елестететін шығармалар енген. Жалпы хрестоматияға енген 
мәтіндердің қайдан алынғаны көрсетілмеуі т.б.- бәрі кітаптың 
ғылыми сипаттан гөрі педагогикалық мақсатта жарияланған басылым 
екенін танытады. 
Ғалым А. Байтұрсынұлы фольклор саласындағы ізденіс-
зерттеулері - алдымен ол жазған оқу құралдарынан көрінеді. Алғашқы 
ұстаздық өмірі кезіндегі ел арасынан және кітап пен қолжазбалар 
жүзінен жиыстырған ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерін ғалымның 
өзі жазған оқу құралдарына кіргізіп отырған. Мәселен, А. 
Байтұрсынұлының қазақ тіл білімі тарихына қатысты жазған оқу 
құралдарында [232] дайын материал, дерек көзі есебінде келтірілген 


137 
фольклор үлгілері ең алдымен жанрлық ерекшеліктері жағынан әр 
түрлілігімен көзге түседі: оның ішінде ең жиі қолданылғаны- мақал-
мәтелдер, сонымен қатар жаңылтпаштар, жұмбақтар, шешендік 
сөздер, ертегілер, тұрмыс-салт жырлары үлгілері, батырлар жыры мен 
айтыс нұсқалары т.б. Яғни, мұндай фольклордың барлық жанрларын 
қамту тәрізді жинақтың академиялық түрінің өз кезінде белгілі 
фольклорист ғалымдар Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Н.Потанин, 
Ә.Диваев, М.Ж.Көпеевтің де жинаушылық қызметтерінде кездесуі- 
бәрі қазақ фольклорын қағазға түсіруде белгілі бір ортақ 
сарындастықтың, жинаушылық қызметтегі тәжірибе үндестігінің т.б. 
болғанын дәлелдейді. 
Ғалымның қазақ тілі негіздерін оқытудың ұлттық үлгісін 
дәйектеген оқу құралдарында жиі, әрі өте көп ұсынған фольклор 
үлгісі- мақал-мәтелдер болып келеді. Көлем жағынан қарағанда, бір 
еңбекте [233] мақал мен мәтелдер саны- 10 шақты болса, екінші 
бірінде [234]- 15 үлгісі бар. Бұл жинақтардағы мақал-мәтелдер, 
көбінесе пысықтау-жаттығулар үшін қажетті дайын материал ретінде 
қолданылған. Мұнда белгілі бір әріп мәнін ұғындыруда, одан буын 
жасап сөз құрау, одан әрі сөйлем жасауға т.б. дейінгі бүкіл сөзжасам 
жүйесіне қатысты материалдарды, бұдан туындайтын белгілі бір 
теориялық ұғымдарды түсіндіру мақсатында А. Байтұрсынұлының 
мақал-мәтелдерді пайдалануы кездейсоқ емес. Тегінде ғалым бұл 
мақал-мәтелдердің өздерін еңбегіне іштей іріктеп, жіктеп, саралай 
отырып, балалардың ой-санасына сіңімді, таным-қабілетіне орай, жас 
ерекшеліктерін ескере отыра енгізген тәрізді. Ондағы мақсат: әр 
халықтың ұлттық ерекшеліктері, көбінесе өзінің төл мәдениеті- 
фольклоры арқылы көрінетінін дәлелдеу. Демек, осы фольклор 
үлгілері арқылы А.Байтұрсыновтың балалар бойына ана сүтімен бірге 
қазақ тілі құдіретін жеткізе алатын бірден-бір күш- фольклорлық, яғни 
халықтық мұра деп түсінгендігі байқалады. 
Екінші жағынан, бұларды фольклортанушы А. Байтұрсынұлы жас 
балалар үшін: бірде- танымдық-ақпараттық мақсатта пайдаланса, 
мәселен, «Ақыл жас ұланнан, жүйрік тай құнаннан», «Ат болар тай 
саяққа үйір, адам болар бала қонаққа үйір» т.б. [235]. Мұндағы 
танымдық деп отырғанымыз, аталары көшпелі тұрмыста болған 
жастар үшін жылқы, түйе, т.б. малы таңсық емес, бірақ та олардың 
сыр-сипатына, мінез ерекшелігіне қатысты т.б. атадан- балаға мирас 
болған бабалар сөзі- қайткенмен сол заман үшін таным, білім көзі 
болғаны күмәнсыз. Екіншісі- А. Байтұрсынұлының фольклорды 
ағартушылық, үлгі-өнеге мақсатында қолдануы, мәселен, «Оқу-білім 
азығы, білім- ырыс қазығы», «Білім жұғысады, ырыс ауысады», 


138 
«Білегі толық бірді жығады, білімі толық мыңды жығады», «Ылғи 
қойшы болсаңдар, құл боларсың. //Ылғи тойшы болсаңдар, қу 
боларсың» т.б. [236]. Міне, мұндай ғалым А. Байтұрсынұлының
ізденушілігінен ағартушылық-демократтық көзқарасы да танылады. 
Яғни, халық болашағы- білімділікте, біліктілікте, бірлікте т.б. екенін 
саралаған ғалым, осы төңіректе ғасырлар бойы айтылған ел 
даналарының сөздерін ізерлей де, іріктей отырып, оқулық ішіне 
молынан енгізуі- бәрі сөз жоқ, фольклорист ғалымның тек 
фольклорды жинаушы ретінде ғана танылуымен қатар, оларды 
жариялағанда да белгілі бір талаптарға сәйкес болуын да мақсат 
тұтқандығын діттейді. Және де осы оқулық ішінде А. Байтұрсынұлы 
мақалдың бірнеше нұсқасын да келтіреді. Мәселен, «Ылғи қойшы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет