Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет46/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

болсаңдар…» деп басталатын мақалдың келесі бір жерде 2-ші нұсқасы 
да көзге ұшырасады: «Бәрің бірдей қойшы болсаңдар, құл боларсың. // 
Бәрің бірдей тойшы болсаңдар, қу боларсыңдар». 
Жалпы әлемдік фольклортану ғылымында қалыптасқандай, 
нұсқаларды (яғни фольклорлық үлгіні) бір-бірімен мына ретте 
салыстырады. 
а) мазмұнда айырмашылық бар ма? 
ә) кейіпкерлер өзгерген бе? 
б) олардың іс-әрекеті, сөзі өзгерген бе? 
в) тілде, стильде жаңалық бар ма? (қысқартылып немесе басқа 
сөзбен беру т.б.). 
Әдетте, салыстырулардың мұндай белгілері фольклордың 
оқиғалы, сюжетті т.б. үлгілеріне көбірек сай келеді. Дегенмен екі 
нұсқа арасында мазмұнда да, кейіпкерлерінде де (қойшы-тойшы, құл-
қу), олардың іс-әрекеттерінде (болсаңдар-боларсың) т.б. өзгеріс жоқ, 
мақалдағы мағыналық тұтастық сақталған, өзгеріс жоқ. Тек сөз 
басталуындағы «ылғи» сөзі келесісінде «бәрің бірдей» деген сөз 
тіркесімен алмастырылған. Әйтсе де осы тәрізді мақалды жиі 
қолдануында да астыртын саяси мән де жоқ емес. Дағдылы көшпелі 
кәсіппен, яғни мал бағумен ғана шұғылдана бермей, басқа маман 
иелерін игеруге жастарды астыртын үгіттеу, насихаттау үлгісі де бар. 
Үшіншісі, ғалым А.Байтұрсынұлының фольклорды- даналыққа 
баулу, тәрбиелік-эстетикалық мақсат көзі деп тануы. Мәселен, «Ойнап 
сөйлесең де, ойлап сөйле», «Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер, құйма 
құлаққа айтсаң, құйып алар», «Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ» т.б. 
[237]. 
Халық өз өмірінде бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Осы 
тұрғыда көптеген фольклорлық үлгілерді, оның ішінде мақал-
мәтелдерді де тудырғаны белгілі. Әдетте белгілі бір мақал-мәтелдің 


139 
туу тарихы бір күндік емес, бірнеше ғасырларға созылары анық. Яғни, 
халық өзінің өмір бойы жиған-терген білімін, бай тәжірибесін, 
мәдениетін т.б.- бәрін осы фольклорлық нұсқа, мақал-мәтелдер 
арқылы атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған. Демек бұдан біз 
фольклортанушы А. Байтұрсынұлының халық поэзия үлгілерін-
көненің көзі, сөз өнері, ескерткіш мұрасы деп сараптауын танимыз. 
Төртіншісі, фольклорист-ғалым мақал-мәтелдерді денсаулықты, оның 
қадірін дәріптеуге арнайды. Мәселен, «Денсаулық- зор байлық», «Ішің
ауырса, аузыңды тый» т.б.[237, 78
б.
]. Міне, осындай түсінік атаулыны 
балаға ерте жастан есіне түсіре отырып, жастайынан денсаулықты 
бағалауға, қастерлеуге, сақтай білуге шақыру, жеке бас тазалығына 
үгіттеу мен насихаттаудың- оқулық маңызын арттыра түсетіні анық. 
Ғалымның келесі «Тіл- құрал» атты еңбегінде (Орынбор, 1914) 
қолданылған мақал-мәтелдер шоғыры белгілі бір игерілген теориялық 
тұжырымдарды меңгерту, таныту, есте ұстату т.б. тәрізді мақсаттарды 
дағдыландыру, пысықтау, ширату, сынау жаттығулары есебінде 
алынған. Мәселен, жеке сөз, сөйлем жасау мақсатында- 38; сөзді 
буынға бөлу, буынды жеке-жеке дыбыстарға бөлу ерекшеліктерін ашу 
үшін –28; ажыратылған дыбыстарды пысықтауда- 100; ал, жазу 
қағидаларын есте ұстау үшін- 130 шақты мақал-мәтелдер шоғыры 
(кейбіреулерінің қайталанатын тұстары да жоқ емес) келтірілген [237, 
144-160
б.
]. 
Сондай-ақ аталған еңбекте атауыш сөздерді өткенде 
дағдыландыру жаттығулары үшін- 127 мақал-мәтел алынса, оның: зат 
есімді өткенде- 40; сын есімді- 24; сан есімді- 17; есімдікті- 19; етістік 
бөлігінде- 27 шақтысы қамтылған. Біраз келтірілген мақал-мәтелдер 
бірнеше рет қайталанады: «Басқа келген бәледен бастан құлақ садаға», 
«Не ексең, соны орарсың», «Таспен ұрғанды аспен ұр», «Күн ортақ, ай 
ортақ, жақсы ортақ» т.т. Міне, байқап отырсаңыз, фольклортанушы 
Ахмет өз еңбегінде мақал-мәтелдерді, бір жағынан дайын тілдік 
материал көзі ретінде қолданса, екіншіден, олардың арасынан 
ағартушылық, танымдық, тәрбиелік т.б. қызметтер атқаратын 
үлгілерін саралап қайта келтіруі т.б.- бәрі фольклорист ғалымның 
ағартушы-демократиялық 
көзқарастарынан 
туындайтынын 
дәлелдейді. 
Ғалымның фольклорды дайын тілдік материал көзі ретінде 
қолдану себебі неде? Оқулық шыққан заманда (ХХ ғасыр басы) 
баспасөз қызметі енді-енді ғана қолға алынып, газет-журнал, кітап 
бастыру т.т. тәрізді істер қанат жая бастағанда, оқулық жазу 
барысында дайын көркем туындылардың мардымсыз аздығы, яғни тіл 
оқулығы үшін керекті тілдік материалдардың болмауы т.б.- бәрі 


140 
Ахметті дайын фольклорлық нұсқаларды пайдалануға итермелесе 
керек. Екінші себеп, мұндай фольклорлық үлгілерді оқулық 
материалы есебінде қолдану дәстүрі өзіне дейінгі көршілес Ресей 
елінде болуы, сондай-ақ ХІХ ғасырдағы Ы.Алтынсарин оқулық-
хрестоматиясында кездесуі- бәрі оқулық жазуда белгілі бір 
жүйеліліктің, дәстүр сабақтастығының болғандығын көрсетеді. 
Дегенмен, бұл оқулық атаулылар, көбінесе қазақ әдебиеті тарихына 
қатысты 
басылғандарын 
айтпасқа 
болмайды. 
Ал, 
А. 
Байтұрсынұлының өзіндік оқулық жазу ерекшелігі: біріншіден, қазақ 
тіл білімі тарихында алғашқылардың бірі болып тіл оқулығын жазуы, 
екіншіден, осы оқулықтарды жазуда- халықта бұрыннан бар фольклор
нұсқаларына дайын тілдік материал көзі ретінде әрі назар аударып, әрі 
оны пайдалануы т.б.
А.Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» атты ендігі бір кітабында 
(Қызылорда, 1925) 300-дей мақал-мәтел бар. Сондай-ақ келтірілген 
мақал-мәтелдердің ішкі құрылым ерекшеліктері белгілі бір тілге 
қатысты атауларды өткенде ескерілетін тәрізді. Мәселен, «бұл 
сөйлеуде 5 сөйлем бар» деген А. Байтұрсынұлы 
пікірінде, сөйлемнің күрделілігіне, оның құрамы жеке дербес 5 
сөйлемнен тұратындығына т.б. назар аударта отырып, аңдату 
мақсатында мына бір мақал келтіреді: «Жер жұтуға тоймайды; от 
отынға тоймайды; құлақ естуге тоймайды; кісі ойға тоймайды; бөрі 
қойға тоймайды»[237, 176
б.
]. Демек Ахмет құрамы 5 сөйлемнен 
тұратын «құрмалас» сөйлемдердің өмірде қолданыста кездесетінін 
аңдату үшін, жоғарыдағы дайын фольклорлық үлгіні қолданған. 
Ал, сөйлемдердің жеке дербес сөздерден тұратындығын ескеру, 
дәлелдеу үшін, ғалым еңбегіне халық тұрмысында жиі қолданылатын 
мақал үлгісін енгізеді: «Бір сөйлемнің ішінде бірнеше сөз болады; 
мәселен: «Аш бала тоқ баладай ойнамайды» деген сөйлемнің ішінде 
бес сөз бар: 1/ аш, 2/бала, 3/тоқ, 4/баладай, 5/ ойнамайды» [237, 176
б.
]. Міне, бұдан біз ғалымның өз сөзімен айтқандай: «... «Тіл-
құралмен» балаларды оқытқанда, әр ереже туралы аңдату әңгімесі 
болғаннан кейін, балалар әбден түсіну үшін сөйлем-сөйлем сөздерді, 
мақалдарды үлгіге алып, олардың ішінен ережеге келетін жерлерін 
балаларға таптыртып, басқалардан айырту» [237, 175
б.
]-деген, өз 
алдына мақсат қойғанын танимыз. Сонымен бірге фольклорист-ғалым 
А. Байтұрсынұлының фольклорды дайын тілдік мәтін көзі ретінде 
қолданғанның өзінде де, оның халыққа яғни жалпыға бірдей 
түсініктілігін, есте жақсы сақталатын т.б. жақтарын ескеріп, 
талғампаздықпен ізерлегенін көреміз. 


141 
Сондай-ақ А. Байтұрсынұлы фольклорды тәрбие (мазмұны),
тәлім, ой дамыту (идея), өмірді таныту, білу (танымдық), тіл кестелігі 
(эстетикалық) мақсаттарында қолданған. Мәселен, егер де ғалым 
«зат есімді» мақалдар арқылы дағдыландыруды мақсат тұтса, онда
тәрбие-тәлім көзі ретіндегі фольклорлық үлгі құрамындағы сөздер 
арасында міндетті түрде «зат есімнен» болатын сөздердің болуын 
қадалаған: «Ат ерінді келер, ер мұрынды келер», «Ауруда шаншу 
жаман, сөзде қаңқу жаман» т.б.[237, 180
б.
]; 
- Сын есімді өткенде де солай: «Қатты жерде қақ тұрар, қайратты 
ерге мал тұрар», «Жаман сайға су түссе, өткел бермес кешуге» т.б. 
[237, 191
б.
]; 
- Сан есімде: «Мың қосшыға бір басшы», «Екі ұрудан би болса, ел 
байсал таппас», «Ер қаруы- бес қару» т.б. [237, 192
б.
]; 
- Есімдікте: «Әрі жат, бері жат демек- төсек тарлығы, сенікі, 
менікі демек- көңіл тарлығы», «Аттың бәрі тұлпар емес, құстың бәрі 
сұңқар емес» т.б. [237, 193
б.
]; 
- Етістікте: «Құс баласы қырымға қарайды, ит баласы жырымға 
қарайды», «Мал көтерер өлімді, дос көтерер көңілді» т.б.[237, 193
б.
]; 
Яғни осы тәрізді ғалым қазақ тілі құрылымында, мейлі жалғау, 
мейлі жұрнақ мәнін түсіндіруде болсын, мейлі шылау сөздерді 
өткенде де т.б. – бәрінде де ғылыми-танымдық дерек көзі ретінде 
фольклорды, оның ішінде мақал-мәтелдерді қолданған. Бұл да 
фольклортанушы А. Байтұрсынұлының оқулық жазу барысында 
дайын мәтін көздерін бейберекет пайдаланудан гөрі, қайта белгілі бір 
таным, көркемдік мақсатына сәйкес тәртіпке, жүйеге негіздегенін 
ізерлейді. 
Келесі бір оқулығында (Тіл-құрал. Орынбор, 1915) фольклорист-
ғалым мақал-мәтелдердің бар-жоғы 19-ақ нұсқасын келтірсе, 
екіншісінде (Тіл-құрал. Қызылорда, 1925) 200-дей үлгісі бар. Мұның 
ішінде дерек көзі есепті алынған мақал-мәтелдер эстетикалық 
мақсатта оқулық бойында сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін т.б. 
өткенде, әрі олардың өздерін таныту, әрі бір-бірінен ажырату үшін 
алынған. 
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлы фольклор үлгілерін
жинамаған, бұрынғы басылымдарды пайдаланған. Кейде өзінің 
білетіндерін қосып отырған. Ал, автор оқулық-хрестоматия жазу 
барысында фольклорлық үлгілерді келтіргенде, оны қайдан алғанын 
көрсетпеуі- 
сөз 
жоқ, 
А. 
Байтұрсынұлының 
фольклорды 
жариялаушылық қызметінің осал тұсы. Сол заманда қазақ елі үшін 
оқулық мұқтаждығы А. Байтұрсынұлын тездетіп оқулық жазуына 
әкелуі, өз кезегінде жоғарыдағыдай кемшіліктерді тудырды. Ал, 


142 
фольклортанушы Ахмет Байтұрсынұлы алғашқылардың бірі болып, 
қазақтың тұңғыш ұлттық оқулық жазуы, негізінен, оған дайын тілдік 
материал көзі есебінде ұлттық төл әдебиетті, яғни фольклорды алуы 
т.б.- 
бәрі, 
сөз 
жоқ, 
А.Байтұрсынұлы 
еңбектерінен 
қазақ 
фольклористикасының өзіндік ұлттық даму кезеңінің басталғанын
танытады. 
Жоғарыдағы ғылыми-педагогикалық сипаттағы еңбектерде 
фольклордың мақал-мәтел түрін ғалым жиі қолданғаны белгілі, 
сондай-ақ жаңылтпаштар да орынды пайдаланылған. Мәселен, «Оқу- 
құралы» (Оренбург, 1912) кітабында баланың тілін ұстарту 
мақсатында бір жаңылтпаш («Қосет атам ет асар, ет асатса бес асатар 
(үш рет шапшаң айтарға)» [237, 45
б.
] берілсе, «Әліп-би» атты 
(Қызыл-орда, 1928) келесі бір еңбегінде жаңылтпаштың жасалу 
жолдарын көрсету мақсатында- 15 шақты нұсқасын келтіреді. Мысал 
үшін: 
Назар нараз, 
Нан арзан, нан арзан. 
Назар нараз, нан арзан. 
Назар нараз, нан арзан. 
Он нан онан арзан. 
Назар нанар, 
Нанар Назар. 
Назар азар, нар азар [237, 56
б.

Демек: біріншіден, жаңылтпаштардың құрамы көбіне 2 бунақты, 
аралас буынды, аралас ұйқасты, 4-тен 10-ға дейінгі көлемді қамтитын 
тармақтан (мұндағы мысал 8 тармақтан тұрады) т.б. құралады. 
Екіншіден, тармақ құрылымы, көбінесе бала тілі келмейді деген 
дыбыстардан тұратын сөздерді жиі қайталаумен (мұнда «Н», «Р», «З» 
дыбыстары алынған) ерекшеленеді. Мұндай дыбыстар қатарында, 
сондай-ақ жаңылтпаштар бойынан дауысты дыбыстан қысаң «О» 
дыбысы алынса, ал дауыссыздар арасынан қатаң «Қ», «С», «Т» т.б. 
тәрізді дыбыстары бар. Оқулықтарда кездесетін бұл жаңылтпаш 
үлгілері себепсіз, ретсіз, кездейсоқ т.б. беріле салмаған- бәрінде де 
белгілі бір жүйелілік бар: біріншісі- оқулық ішіндегі жоғарыдағы 
дыбыстарды өткенде, сол тақырыпты жастарға аңдату, пысықтау, 
дағдыландыру т.б. үшін алынса; екіншісі- жастар бойында кездесетін 
сол дыбыстарды айту тұсындағы кемшілік атаулыларды әрі жою, әрі 
тілді ұстарту мақсаттары көзделген. Демек, ғалым А. 
Байтұрсынұлы өз еңбектерінде бұл фольклорлық үлгілерді де әрі 
дайын мәтін көзі, әрі жастарды тәрбиелеу ретінде т.б. алған. Сонымен 
қатар ғалымның қазақ тілі әдістемесіне байланысты жазған «Тіл 


143 
жұмсар» (Қызыл-Орда, 1928) еңбегінде де буынға қатысты 
тақырыпшаны өткенде, оның түрлерін ажырату, бөлу, түсіндіру т.б. 
мақсаттары үшін де мысал, дәлел көзі үлгісінде жаңылтпаштың 3 
мәтіні беріледі [237, 342-343
б.
]. 
Сөйтіп, баланың тілін ұстарту үшін де, баланың даму барысын 
реттеу үшін де,- ал бұл педагогика, жаңылтпаштың жасалу 
жолдарын, ішкі құрылым ерекшелігін көрсету мақсатында да, бала 
тәрбиесі үшін де, белгілі бір ұғымдарды, тақырыптарды өту 
мақсатында аңдату, пысықтау, дағдыландыру жаттығулары үшін де 
т.б. – бәрінде дерлік тағы да дайын материал көзі есебінде 
фольклортанушы А. Байтұрсынұлы фольклорды, оның ішінде 
жаңылтпаштарды қолданады. Тек бір кемшілігі, жоғарыда 
айтылғандай, мәтін паспортының толтырылмауы бар. 
Сондай-ақ жаңылтпаштардың фольклордың басқа түрлерінен бір 
ерекшелігі, оның айтылу кезіндегі дыбыстық жағына А. 
Байтұрсынұлының ерекше назар аударады. Және оны тек тілдік 
дыбыстарды өткенде ғана пайдалануы, оқулық жазуда дайын тілдік 
материал 
көздерін, 
яғни 
фольклордың 
жанрларын 
А. 
Байтұрсынұлының ат үсті қолданбай, өзіндік ерекшеліктерінің сол 
өтілетін тақырыптарға толықтай сәйкес келу мүмкіндігіне орай енгізуі 
т.б. – бәрі, сөзсіз, ғалым А. Байтұрсынұлының фольклорды 
зерттеушілік қызметінің фольклорды жариялау қызметімен үндес, 
сабақтас, сарындас т.б. болғанын дәлелдейді. 
Жастар тәрбиесінде, олардың ой-санасын дамытуда т.б. 
жұмбақтардың маңызы ерекше екені белгілі. Ғалым фольклордың бұл 
жанрын да аттап өтпеген тәрізді. Мәселен, сол «Оқу құралы» 
(Оренбург, 1912) еңбегінде жұмбақтың- 12 үлгісін, өтірік өлеңнің 14 
тармағын да келтіреді [237, 45-46
б.
]. 
Жұмбақтардың келесі бір шоғырын- 160 шақты үлгісін ғалымның 
«Әліп- би» (Қызыл-Орда, 1928) оқулығында кездестіреміз. Еңбектегі 
қолданыстағы жұмбақтардың өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар. 
Біріншісі, құрылымы әр түрлілігі- бірде өлең үлгісінде бунаққа, 
тармаққа, ұйқасқа т.б. құрылады. Мәселен, 
Ти десем, тимейді, 
Тиме десем тиеді [237, 74
б.
]. 
Бірде дидактикалық сарындағы қара сөз түрінде: «Төлептің төрт 
ұлы бар. Төрт ұлына адам басына бір апа, бір қарындасы бар. 
Төлептің барлық баласы нешеу болғаны» т.б. [237, 77
б.
]. Екіншісі, 
соңғы үлгіден байқағанымыздай, ғалым жұмбақ соңында, не басында 
«ойнаңдар! ойлаңдар!» деген тәрізді айдарлы сөзбен баланың ойын 
қарапайым математикалық есеп шығаруға дағдыландыру, ойлантуға 


144 
т.б. лайықтап осы нұсқадағы да жұмбақ үлгілерін қолданған. Әдетте 
жұмбақтар адам баласының қоршаған ортасын өзіне ұқсас, лайықты 
құбылысқа, не затқа балауы негізінде құрылады. Ал, мұнда қарапайым 
арифметикалық есеп үлгісі де оқулыққа енгізілуі, жас ерекшеліктері 
ескерілуі т.б. – бәрі бұл оқулықтың бастауыш сынып оқушыларына 
арналғандығын анықтайды. 
Ғалым А.Байтұрсынұлы тек мақал-мәтелдерді т.б. ғана берумен 
шектелмеуі, шамамен оқырманның білімге деген құштарлығын 
дамыту, әрі қазақ халқының халықтық шығармаларға өте бай 
екендігіне баса назар аударту мақсатында да оқулық бойында ара-тұра 
фольклордың басқа да жанр үлгілерінен дайын мысалдар келтіріп 
отырды. Фольклордың мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ, т.б. тәрізді 
үлгілерін келтіргенде, ғалым міндетті түрде сол үлгі шекесіне 
«мақал», 
«жаңылтпаш», 
«жұмбақ» 
т.б. 
сияқты 
маңдайша 
тақырыпшаларды жеке-жеке көрсетіп отыруды ұмытпаған. Бұдан 
ғалымның фольклордың ішкі жанрлық ерекшеліктерін ажырата 
білгенін танимыз. Және де осы ішкі ерекшеліктерді оқулық жазуда 
орынды пайдаланған. 
Ғалым қолданған келесі бір педагогикалық сипаттағы фольклор 
үлгілері шешендік сөздер: «Сауат ашқыш» (Семей, 1926) оқулығында 
9 үлгісі бар [237, 91-139 
б.
]. Жоғарыдағы оқулықтардағы ғалым А. 
Байтұрсынұлының фольклордың мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ 
түрлерін 
келтіргендегі 
бір 
өкініштісі: 
бірінші- 
үлгінің, 
жинаушылықтың қай тәсілдері арқылы (ауызба-ауыз ба, ескі кітаптар 
жүзінен бе, көне қолжазбалар беттерінен бе т.б.) қағаз беттеріне 
түскендігі көрсетілмеуі; екінші- ол үлгілерді кімдерден жазып 
алғаны, қалайша, қай жерде, қай мезгілде, қай жылы т.б. тәрізді дерек 
көздерінің толтырылмауы т.б. – бәрі де фольклорист-ғалымның сол 
тұстағы кемшіліктері деп те, әрі сол оқулықтың да әлсіз жағы боп 
қарастырылады. 
Керісінше, жоғарыдағы ол олқылықтар осы оқулық бойында,- 
«Сауат ашқышта» (Семей, 1926) кездеспейді, яғни кітап ішіндегі 
көрсетілген шешендік сөздің 9 үлгісінің- барлығы нақты қайдан 
алынғандығы туралы жазылған паспорты бар (бірақ толық емес). 
Мәселен, «Торайғыр бидің тақпақтары», «Алшын Қаражігіт би», 
«Даукестер сөзі» (2 нұсқасы бар)- бұлар бәрі Шорман жинағынан деп 
көрсетіледі. Тек олар Шорманның: қай жылдары жиғандары, қай 
жерлерден, кімдердің айтуларынан, қандай жинау тәсілі арқылы
жиыстырылғандары, олар қайда сақталғандығы, қайда жарыққа 
шыққандары т.б. жайында деректер көзі ескерілмей қалған. Шамамен 
ол заманда бұл фольклор үлгілері бәріне белгілі дәрежеде түсінікті, 


145 
таныс т.б. болу себепті ескерусіз қалуы да, немесе соншалықты 
толыққанды мәліметтер беру қажетсіз деп табылуы да орын алған 
болар. Дегенмен, жоғарыдағы мұндай олқылықтардың тууының заңды 
3 себебі бар тәрізді: бірі- ол кездегі фольклортану ғылымының әрі 
балаң, әрі өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасып 
үлгермегендігі болса; екіншісі-ғалымдардың сол заманда белгілі 
мөлшерде фольклористік білім-танымының жетіспеушілігі т.б.; 
үшіншісі- Кеңес үкіметі тұсында мәдениеттің, әдебиеттің, ғылымның 
т.б. дамуы үшін кедергі болған «коммунистік идеология», «тап 
тартысы», «әдебиеттің партиялылығы» т.б. тәрізді сыңаржақ
ұстанымдардың зиянды әсері демекпіз. 
Келесі 
бір 
шешендік 
сөздер 
шоғыры 
ғалым-ағартушы 
Ы.Алтынсарыұлы кітабынан алынды десе («Атақозы би», «Мөңке 
би», «Жәнібек батыр»), біразы фольклортанушы ғалым Ә.Диваевтікі 
деп көрсетілуі де («Көсем бала», «Әділ би») т.б.- бәрі де сол кез үшін 
әрі қазақ фольклортану ғылымында үлкен жетістістіктің белгісін, әрі 
оқулықтың ғылыми сипатын танытты [237,97-106
б.
]. Яғни әлемдік 
фольклортануда фольклор үлгілерін жинаушы, жариялаушы, 
зерттеуші фольклорист-ғалымдар үшін қойылатын негізгі ғылыми 
принцип-фольклорлық нұсқаның жазылынып алыну паспортын 
көрсетуін міндеттеген алғашқы ізденіс жемісі еді. Сондай-ақ осы 
оқулықта (Сауат ашқыш. Семей, 1926) ғалымның дайын текст 
түріндегі материал көзі ретінде қолданған фольклордың келесі бір 
жанры- ертегілердің 6 мәтіні бар: «Алдар көсе», «Қожанасыр», «Үш
мерген», «Қыпшақ Сейітқұл»- бәрі Ы.Алтынсарыұлы кітабынан [ 237, 
99-101, 121-122
б.
]; «Құлық»-Шорман жинағынан [237, 101
б.
] деп 
көрсетсе де, ал «Қожанасыр ақылы» атты үлгі кімнен алынғандығы 
анықталмаған [237, 106-107
б.
]. 
Бұлардан басқа дайын дағдыландыру материал көзі ретінде
А. Байтұрсынұлы фольклордың тұрмыс-салт жырларына жататын 
төрт түлік малға қатысты бір-бір шумақ; бөбекке арналған
өлеңдерден де бір-бір шумақ келтіреді. Олар балалардың жасы, ойы 
мен психологиясына лайықты, әрі жаттау үшін, көбінесе сөйлемді 
ажыратуда, әр сөйлемнің ішінде неше сөз бар екенін жіктеу үшін де 
қолданылған (Тіл жұмсар. Қызыл-Орда, 1928) [237, 341
б.
]. 
Фольклорға қатысты эпостық жыр үлгілерін де ғалым аттап 
кетпеген тәрізді. Тек олар толық емес, үзінді күйінде үзік-үзік 2-3 
сөйлем үлгісінде келтірілген. Жыр үлгілерінің тармақтары арасы өзара 
ажыратылмай, қара сөз үлгісі бойынша бірінен соң бірі тізбектелініп 
берілген. Сондай-ақ үлгінің аты да, кімнен алынғаны т.б. – бәрі 
көрсетілмей қалған [237, 200-201
б.
]. Шамасы, бәріне түсінікті деп 


146 
есептеген тәрізді. Мәселен, «Сайымның ұлы Қараман// Қазанға кетіп 
барамын.// Қобыланды батыр дем алып,// Алдыңғы жаққа қарады.// 
Көз ұшынан бір адам шауып барады,- деп келеді де (мұның 
«Қобыланды батыр» жырынан алынған үзінді екендігі көрсетілмейді –
Н.Ж.), бірден фольклордың айтыс жанры үлгісіне ұласып кетеді,- А, 
Жанақ, тимей отыр қытығыма!// Найманның кім жетеді ұшығына?// 
Жиылып тамам арғын тең келе ме?// Бір үйлі Тоқабайдай пұшығыма?»
Міне, бұл үзіндіден біз алғашқы мәтіннің қай жыр, қайдан 
алынғанын т.б. білмесек те, сөйлемдегі Қобыланды есімінің аталуына 
қарай оны «Қобыланды батыр» жыры деп таныдық. Ал, келесі 
нұсқаның айтыс жанрына жататынын аңғарсақ та, алғашында нақты 
кімдердің арасындағы айтыс екенін межелеу қиын. Себебі айтысқа 
түскен ақынның міндетті түрде екеуінің де аты аталуы керек десек- 
ондай фольклортану ғылымына қатысты ғылыми шарттың 
орындалмауы ғылыми дәлдікке әкелмейді. Дегенмен айтыс 
үзіндісінде: ақынның бірінің атының аталуы, ол-Арғын Жанақ ақын 
екендігі; екіншісі- шамасы аты аталмаса да Найман елінен шыққан 
Түбек болуы керек т.б. – бәрі айтыстың Арғын Жанақ пен Найман 
Түбек ақыны арасында болғанын діттейді. Сондай-ақ бұл үзіндіні- 
мәтіннің туу паспорты есебінде де қарастыруға болады. Ал, ондағы ру 
аттарының аталуын- қазақ фольклортану ғылымының өзіндік ұлттық 
ерекшеліктері деп тануымыз керек. 
Түйіп айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлының осы тіл оқулықтары
таза, бүгінгі түсініктегі оқулық емес. Оның кітаптарын «Оқулық-
хрестоматия» деп атау дұрыс. Бұларды жазу үстінде фольклортану 
ғылымына тән қызметтер атқарылды: біріншісі, фольклор үлгілерін 
баспа бетінде ғылыми-педагогикалық сипатта жариялаушылық еңбегі; 
екіншісі, әрі фольклор нұсқаларын зерттеушілік қызметі т.б.
Фольклортану ғылымы тарихында фольклорды жинаушылықтың 
қалыптасқан дағдылы 3 түрі бар десек, яғни фольклорлық мәтінді әрі 
ел аузынан жинау; әрі ескі қолжазбалардан жинау, әрі көне кітаптар 
жүзінен жинау т.б.- бәрі де фольклорист-ғалым А. Байтұрсынұлының 
тіл оқулықтарында қолданыс тапқан. Мәселен, оқулықтарда 
келтірілген біраз ел мұралары Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев т.б. 
жинақтарынан алғандығы белгілі. Демек ғалым А. Байтұрсынұлы
бұларды оқулыққа дайын керекті тәрбие, тәлім, ой дамыту, өмірді 
таныту, білу, тіл кестелігі тәрізді тілдік, мәтіндік материал көзі деп 
қарастырған. Жалпы ғалым фольклорды- сондай-ақ, ескерткіш, сөз 
өнері, ұлттық таным, информация, ең бастысы ұлттық эстетикалық 
тәрбие көзі т.б. деп танығаны айқын аңғарылады. 


147 
Ал, ғалымның бұл фольклор нұсқаларын қандай жинау әдістері 
арқылы іске асырды дегенде, фольклортану ғылымында белгілі болған 
әрі экспедициялық әдісті де (ел арасын аралап жинайтын), әрі 
тұрғылықты әдісті де (тұрғылықты орнынан жинайтын) қатар 
қолданған. Ал, осы қызметтерінде ғалым А. Байтұрсынұлы белгілі
біреулердің көмегіне сүйенді ме, жоқ па, өзінің жеке тілшілері болды 
ма, жоқ па- ол жағы әзірге деректің жоқтығынан белгісіз. 
Сонымен қатар өзі жазған оқулықтарға материал көзі ретінде 
алынған деректер тек фольклордың белгілі бір жанрымен ғана 
шектелмей, қайта фольклордың барлық жанрлары (тұрмыс-салт 
жырлары, ертегілер, батырлар жыры, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, 
жұмбақтар, шешендік сөздер, айтыс үлгілері т.б.) қамтылған. Міне, 
бұдан біз ғалым А. Байтұрсынұлының тұңғыш рет оқулық жазуда 
академиялық әдіс арқылы жиналған фольклордың барлық жанрларын 
мәтін көзі ретінде қолданғанын саралаймыз. 
Фольклор 
үлгілерін 
ыждаһатпен 
қолданған 
ғалым 
А. 
Байтұрсынұлының тіл тарихында да, фольклортану тарихында да т.б. 
оқулықтар жазуда тұңғыш рет дайын материал көзі деп фольклорды 
алуы, және де фольклорды қазақ халқына ең түсінікті, ұтымды үгіт-
насихат құралы деп түсінуі т.б.- сол кез үшін де қазіргі заман үшін де 
үлкен жаңалық болды. Яғни, бұдан біз ХХ ғасыр бас кезінде 
халықтың өзін-өзі тануына, өзінің төл әдебиетіне, тіліне, тарихына т.б. 
деген табиғи сұраныстың, қажеттіліктің тууына сәйкес, ғалымның 
халықтың өзінің бай ұлттық өрнегін, ғасырлар бойы сақтап келген 
фольклор нұсқаларын ғылыми-педагогикалық сипатта оқулыққа 
негіз етіп алуы – бәрі де фольклорист-ғалым А. Байтұрсынұлының 
халық үшін керекті тарихи қажеттілікті түсінгендігін дәлелдейді. 
Қорыта айтқанда, халықтың өз алдына жеке отау тігіп егеменді ел 
болуды армандауы, өзінің төл мәдениеті мен тіліне, тарихына, 
әдебиетіне деген табиғи қызығушылықтың қайта өркендеуі т.б.- бәрі 
де оқулықтар жазуға фольклорды алудың бірден-бір себебі болғаны 
сөзсіз. 
Сөйтіп, ХХ ғасырдың алғашқы жартысында бұқаралық сипатта 
жарияланған фольклорлық басылымдар, көбінесе жалпы халыққа 
арналды. Онда жұртты оқу-білімге шақыру тәрізді жалпы 
ағартушылық көзқараспен қатар, фольклорды үгіт-насихат, тәрбие 
құралы т.б. есебінде қолдану мақсаты да көзделді. Ал, педагогикалық 
сипатта жарияланған фольклор тәрбие, тәлім, ой дамыту, өмірді 
таныту, білу, тіл кестелігі т.б. тәрізді мақсатта қолданылды. Сондай-ақ 
педагогикалық сипаттағы басылымдарда фольклорды баланың даму 
барысын реттеу үшін де т.б. қарастыру орын алды.


148 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет