Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет2/71
Дата27.03.2023
өлшемі0.73 Mb.
#471155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
ПЕДАГОГИКА ББ МД ДШ ӘД НҰСҚ 2022 2023

Пәннің мақсаты: Дене тәрбиесі және спорт мұғалімі, нұсқаушы, жаттықтырушының педагогикалық қызметі туралы тұтас түсінік қалыптастыру, педагогикалық білімдерді түсіндіру, кәсіби және зерттеу іскерліктерін, кәсіби құзыреттілік негіздерін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:

  • болашақ мұғалімдердің ақпараттық, коммуникативтік, проблеманы шешу құзыреттіліктерін қалыптастыру;

  • қазіргі педагогикалық идеялар және теориялармен таныстыру;

  • студенттердің теориялық-педагогикалық ойлауын, кәсіби педагогикалық бағытын дамыту;

  • білімдік парадигма, білімдік стандарттардың өзгерісі жағдайында оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға керекті іскерліктерді қалыптастыру.



Курстың пререквизиттері Аталған курсты оқып-үйрену үшін білім алушының «Коррекциялық педагогика» «Мамандыққа кіріспе» «Педагогика» курстарынан жеткілікті білімі болуы қажет етіледі.


Курстың постреквизиттері Философия, кәсіби іс-тәжірибе, диплом жұмысы, бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі, қазіргі мектепті басқарудың педагогикалық менеджменті, педагогикалық шеберлік пәнді оқып үйренудің негізі болып табылады.


3 семестр


1. Мектеп мұғалімі,мұғалімдік мамандығының ерекшеліктері.
Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылымының алатын орны, оның басты ерекшеліктері: арнайы пәні, ғылыми-терминологиялық ақпараты, зерттеу әдістері.
Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым. Тәрбие қоғамдық ғылым, қоғамдық қызмет ретінде. Тәрбиенің тарихи және негізгі сипаты, оның қазіргі қоғам дамуындағы көрінісі.
Педагогика пәні, оның негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс) және олардың езара байланысы (тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру). Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Қазіргі педагогиканың негізгі әдіснамалық жағдайы. Философиялық заңдар, заңдылықтар. Диалектиканың заңдары жэне олардың жалпы сипаты. Таным теориясы. Жүйелі әдіс-тәсілдер қүбылыстар байланысының жалпылама бейнесі тәрізді. Түлға теориясы. Іс-әрекет теориясы. Қүлдылықтар теориясы. Басқару теориясы. Тұтас педагогикалық процесс теориясы. Педагогикалық теория мен практиканың өзара бірлескен әрекетінің диалектикасы. Қоғамның қазіргі жағдайындағы педагогика ғылымдарының міндеттері. Мүғалімді кәсіби дайындаудағы педагогикалық теориялардың маңызы. Педагогика курсының құрылымы.
Негізгі ұғымдар: педагогика, тәрбие, білім беру, педагогикалық процесс, педагогика пәні, педагогика гылымдарының жүйесі, әдіснамалық негіздер, педагогиканың пәнаралық байланысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет