Қазақстан республикасы білім


§ 4.2 Ұзындық өлшеу аспаптары. Өлшеу жабдықтарын компараторда тексеру (компарирлеу)



бет16/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   133
Геодезия кітабы

§ 4.2 Ұзындық өлшеу аспаптары. Өлшеу жабдықтарын компараторда тексеру (компарирлеу)


Құрылыс-монтаждау өндірісінде арақашықтықтарды өлшеу, көбінесе болат таспалар жəне əртүрлі заттардан (сым, жіп, мата, пластик, т.т.) жасалған таспамен, сонымен бірге əртүрлі құрылым- ды арақашықтық өлшегіштер арқылы іске асады. Жоғарғы дəл- дікті өлшеулерде, мысалы, құрылыс алаңдарында технологиялық жабдықтарды монтаждау кездерінде немесе геодезиялық негіз- дерді дамыту үшін, аспалы ұзындық өлшегіштерді пайдалана- ды (болат немесе инварлы сым темірлер). Қосалқы құрылыс жұмыстарында (қоршау шарбақтары, ықтамалар, т.с.с.) тесмян- ды (арнаулы матадан жасалған) таспаларды пайдалана береді. Геодезиялық жəне ізденіс жұмыстарында зауытта суықтай жасалған ұзындығы 20 м, қалыңдығы 0,4-0,5 мм кəдімгі ЛЗ-20 жер өлшегіш таспаны пайдаланады. Ұстағыш сабы бар, таспаның метрлік, жарты метрлік жəне дециметрлік бөліктері, арнаулы тесіктері, шайбалары жəне жұқа пластинкалары болады. Метр- лік сандары таспаға бекітілген латунға жазылған, жарты метрлік тұстары шайбамен, дециметрлік тұстары тесікпен белгіленген. Бұл таспаның құрамына таспаны орайтын шығыр іспеттес жабдық жəне 6 немесе 11 шанышқы кіреді.
Болат таспалар ТМД елдерінде 7502-97 ГОСТ талаптары- на сай жасалады. РК типті таспа, ұзындықтары 50, 75 жəне 100 метрлік, РГ типтес таспа, ұзындықтары – 20, 30, жəне 50 метрлік
жəне олардың сантиметрлік бөліктері болады. Соңғы дециметрлік бөліктері миллиметрге бөлінген.
РТ-10 типтес тесмянды таспалар ТМД елдерінде 11900-97 ГОСТ талаптарына сай жасалады. Бұл таспалар қаныққан, ішінде металл жіптері бар материалдан жасалады, пластмасса қорабы, ұстағышы, бұрап ішіне орайтын сабы болады. Таспаның 10 метрлік, сантиметрлік бөліктері бар.
Ұзындық өлшемес бұрын, кез келген ұзындық өлшегіш жабдық (аспап) тексеруден өтеді, яғни үлгілік данасымен салыс- тырып, оның нақтылы ұзындығын анықтап, тексеру керек. Осы тексерісті компарирлеу (компараторда тексеру) немесе эталон- дау (эталонмен салыстыру) деп аталады.
Ұзындығы 20 м болат таспаларды көбінесе далалық компара- торда тексереді. Компараторды тегіс, ашық, ұзындығы 120 немесе 240 м (таспаның нақтылы ұзындығынан аз болмауы керек) жерге орнатады. Компаратордың шеттерін ортасында металл стержені бар бетонды белгілермен бекітеді. Стерженнің жоғарғы жағы сфералық бет сияқты жасалады, ортасына крест сияқты сызық салынып, белгінің центрін көрсетеді. Далалық компартордың ұзындығын екі инварлы өлшегіш сыммен екі бағытта (тура, кері) бірнеше рет өлшеу арқылы анықтайды. Компаратордың ұзындығы 1:200 000 қатынасындай шамадан көп емес қатемен анықталады. Ұзындық өлшегіш аспаптарды далалық компараторда құрылыс алаңында қандай керумен тартылса, сол керумен төрт рет өлшеу (екі рет тура жəне екі рет кері өлшеу) арқылы тексереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет