Қазақстан республикасы білім


§ 6.6 Тік бұрыштарды өлшеу



бет31/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   133
Геодезия кітабы

§ 6.6 Тік бұрыштарды өлшеу


Тік бұрыштарды теодолиттің тік дөңгелек қорабында ор- наласқан құрылғы арқылы өлшейді. Жазық жазықтықпен жəне дүрбі көздеу осінің арасындағы бұрыш өлшенеді. Мұндай бұрышты көлбеулік бұрышы деп. те атайды. Егер бұл бұрыш жазық жазықтықтан жоғары тұрса, онда ол оң, ал төмен жатса, теріс мəнді болады.
Теодолиттің тік дөңгелегі (тік бұрыш өлшеу құрылғысы) көрі дүрбісінің айналу осіне тікелей бекітілген жəне онымен бірге айналады. Алидада да айналу осінде орналасқан, бірақ онымен жалғаспаған жəне дүрбіні айналдырғанда алидада қозғалмай орынында қалады (тік бұрышты теодолитпен өлшеуді түпкілікті түсіну үшін, 35, 36-суреттерде ескі теодолиттермен тік бұрышты өлшеу тəсімі суретімен берілген).
Тік дөңгелекті градустарға бөлудің бірнеше түрлері бар, солардың ішінде екі түрі жиі кездеседі. ТТ5, ТН, ТМ1 жəне ТОМ типтес теодолиттердің тік дөңгелегі сағат тілінің бағытымен өсе отырып, 00-тан 3600-қа дейін бөлінген (35 а-сурет). ТТ50 тип-

тес ескі теодолитте, ТТ2 жəне КБ кипрегелінде 35 ə-суретте көрсетілгендей, яғни бөліктер 00-тан 600 сағат тілінің бағытымен бөлініп, əрі қарай тоқтатылады жəне сол бағытта 300-ден 3600 тұсында қайта жалғасады. Суреттегі тəсімнен байқағандай 600 (градустан) əрі қарай тік бұрышты өлшеу мүмкін емес.
Тік бұрышты өлшегіш тік дөңгелекке қойылатын негізгі талап, ол лимбтің нөлін алидаданың нөлімен сəйкестіргенде дүрбінің көздеу осі алидадаға бекітілген цилиндрлік деңгейдің осіне парал- лель болуы керек.
Айталық, дүрбінің көздеу осі тік дөңгелектің нөлдік диаметрі- не параллель, ал цилиндрлік деңгейдің осі 00-1800 үстінен өтетін СD сызығына параллель емес (35 а-сурет). Егер деңгей көпіршігін ортасына, ал АВ көздеу осін жазық жағдайға келтірсек, онда СD жəне АВ арасында тік дөңгелектің нөлдік орны деген бұрыш пай- да болады жəне МО (нөлдік орын). Нөлдік орын, яғни көздеу осі жазық, алидада үстіндегі цилиндрлік деңгей көпіршігі ортасында тұрған кездегі тік дөңгелектен алынған есеп.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет