Қазақстан республикасы білім



бет34/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   133
Геодезия кітабы

Координаталар өсімшелерінің полярлық бұрыш жəне румбпен
байланысы



Ширектер

Румб
аттары

Полярлық
бұрыштар

Өсімшелер

x

y

I

СШ

0 - 900

+

+

II

ОШ

90 -1800

-

+

III

ОБ

180 -2700

-

-

IV

СБ

270 -3600

-

-



Dx жəне Dy координаталар өсімшелерін логарифмдік кесте, арнаулы өсімшелер кестесі, тригонометриялық функциялар мəн- дерінің кестелері жəне микрокалькулятордың көмегімен есептеу- ге болады.


§ 7.3 Тұйықталған полигон координаталарын есептеу жəне бұрыштарын теңдеу


Полигон бұрыштарын теңдеу. Құрылыс алаңында Бас жос- парды негізге ала отырып, ғимараттарды полигонометриялық не- месе теодолиттік жүрістер арқылы геодезиялық жұмыс негізінен (тірек, түсіріс нүктелерінен) бастап түсіреді. Мұндай жүрістердің барлық бұрыштары жəне ұзындықтары өлшенеді. Бұл жүрістердің екі түрі болады: тұйықталған жүріс немесе тұйықталмаған жүріс, олардың шеткі нүктелері триангуляция немесе полиго- нометрия қосындарына (координаталары белгілі нүктелеріне) жалғасқан. Осы екі жағдайды қарастырайық.
Тұйықталған жүріс бұрыштарын өлшегеннен кейін, белгі- лі геометриялық формула арқылы көп бұрышты тұйықталған полигонның ішкі бұрыштарының қосындысын тексеруге болады,
Σβ = 1800 (n - 2) (70)
мұндағы, n – өлшенетін бұрыштар саны.
Өлшеу кезінде қате кетпей тұрмайтындықтан, көп бұрышты тұйықталған полигонның ішкі бұрыштарының теория жүзіндегі қосындысы Σβтеор, өлшенген бұрыштардың қосындысына тең болмай шығады, яғни біршама – бұрыштық қиылыспаушылық қатесі fβ пайда болады,
fβ = Σβөлш - 1800 (n - 2), (71)
мұндағы Σβөлш өлшенген бұрыштардың қосындысы. Бұрыштық қиылыспаушылықтың шектік шамасы, арнау-
лы нормативтік құжаттар негізінде қолданылған аспап, қандай жағдайда жəне қандай əдіспен өлшенгендіктерін еске ала оты- рып қабылданады. Тұйықталған теодолиттік жүріс полигонында, бұрыштық қиылыспаушылық қатесі төмендегі формуламен есеп- телген шамадан аспауы керек:



fβ = 1,5 t
, (72)

мұндағы t есеп алу құрылғысының дəлдігі;


n – полигон ішіндегі бұрыштар саны.
Егер бұрыштық қате есептелген шектік шамадан аспаса неме- се оған тең болса, онда оны тең етіп бөліп, барлық бұрыштарға кері таңбамен қосып жазады. Полигонның қысқа қабырғалары арасындағы бұрыштарды еске ала отыру керек. Себебі қысқа қабырғалы бұрыштарды өлшеу дəлдігі төмен болады, яғни бұл бұрыштарға қатенің біршама көбірек бөлігі тиесілі деп есептеген жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет