37-сурет. Тік бұрышты 38-сурет. Полярлық координаталар координаталар
Полярлық координаталар. Іс жүзінде инженерлік-геодезия жұмыстарында полярлық координаталар кеңінен қолданылады. Айталық кез келген бір полюс деп аталатын О нүктесі арқылы ОА сызығы жүргізілді, сонда кез келген бір М нүктесінің орнын, ОМ ұзындығын жəне b1 бұрышын өлшеу арқылы анықтауға болады. ОА сызығы полярлық ось, ал ОМ= r1 – радиус вектор жəне b1 бұрышы – салу бұрышы немесе полярлық бұрыш деп аталады. 38-суретте N нүктесінің орны r2 радиус-векторы жəне b2 бұрышымен анықталған.
7.2 Тура геодезиялық есеп. Тік бұрышты координаталардың өсімшелері
Іс жүзінде инженерлік геодезия жұмыстарында бір координа- талар жүйесінен екінші координаталар жүйесіне ауысуға тура ке- леді. Айталық, полярлық координаталар полюсі О, тік бұрышты координаталар жүйесінің бастауымен, ал ОА полярлық ось, тік бұрышты координаталар осі ОХ-пен сəйкес келіп тұр, сонда 39-су- реттен жазатынымыз,
x= r cosb;
y = r sinb;
tgb = y ;
x
(65)
(66)
cos
sin
r = x y
39-сурет. Полярлық координаталардан 40-сурет. Тура геодезиялық тік бұрышты координаталарға есеп
ауысу тəсілі
65-формула полярлық координаталардан тік бұрышты координа- таларға ауысу, ал 66-формула тік бұрышты координаталардан полярлық координаталарға ауысу үшін қолданылады.
Егер тік бұрышты координаталар бастауы полярлық координа- талар полюсімен сəйкес келмесе, онда бір координатадан екінші координатаға ауысу үшін жалпылама түрге көшуге тура келеді. Айталық, А нүкесінің тік бұрышты координаталары (40-сурет), А
нүктесінен В нүктесіне дейінгі арақашықтық d жəне ОХ осінен басталып, өлшенген АВ бағытының полярлық бұрышы a берілген. Сонда В нүктесінің тік бұрышты координаталарын анықтау керек болса, бұл тура геодезиялық есептің мəнін құрайды.
Есепті шығару үшін, А нүктесін полярлық координата- лар жүйесінің полюсі ретінде, ал АС түзуін – полярлық ось ретінде қабылдаймыз. Сонда d жəне a, В нүктесінің полярлық координаталары болып есептеледі де, осы берілімдерден тік бұрышты координаталарға ауысу керек. Іс жүзінде тік бұрышты координаталарды өлшемейтіндіктен, есепті шығару үшін полярлық бұрыш a жəне d арақашықтығын өлшейді. В нүктесі арқылы тік бұрышты координаталар осьтеріне параллель түзулер жүргіземіз, əрі қарай 40-суреттен тік бұрышты координаталар айырмаларының шамасын жазуға болады:
СВ = УВ – УА = Dy
АС = ХВ –ХА = Dx
(67)
Мұндай айырманы координаталар өсімшесі деп атайды да, Dx жəне Dy деп өрнектеледі. Координаталар өсімшесі былай анықталады:
Dx = d cosa;
Dy = d sina;
(68)
Сонда В нүктесінің координаталары төмендегідей есептеледі,
ХВ = ХА +Dx;
УВ= УА+Dy.
(69)
Координаталар өсімшелерінің мəндері полярлық бұрыш ша- масына немесе сызық бағытының румбалық атына (қай ширек- те жатқанына) байланысты болады. Сызық бағытының румба- лық аттарын 37-суреттен жеңіл анықтап, оны 5-кестеге жазуға болады.
5-кесте.
Достарыңызбен бөлісу: |