Қазақстан республикасы білім



бет66/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   133
Геодезия кітабы

Темір жолдар:
а) басқару еңкіштігі
ə) жазық бұрылыстардың радиустары, м ең жоғары
ең төменгі ұсынылатын
б) тік қисықтардың (бұрылыс) радиустары, м










15

15

20










4 000

4 000

4 000

1 200

800

600

10 000

10 000

5 000



Жол категориялары
Бұрылыс радиусы кіші тұста еңкіштік шектік шаманы жеңіл- детеді, яғни азайтады. Темір жолдарда бұл еңкіштікті жеңілдету мыңдық есесі формуламен есептеледі
Δi = 700 . (128)
R

Мысалы, басқарушы еңкіштігі кезінде iр = 20‰, бұрылыстағы ең үлкен шектік еңкіштік R = 700 м, сонда

Δi = iр

- Δi = 20 -


700 = 19 ‰.
700

Станциялар, разъездер жəне үлкен жол парктері салынатын алаңдар қатаң ереже ретінде тегіс, жазық жерлерден таңдап алы- нады, тек қана қиын, мүмкіндігі шектеулі тұстарда ғана жоғарыда айтылған құрылымдарды салу үшін еңкіштігі 2,5 ‰ аспайтын, бір жаққа бағытталған, бұрылу радиусы магистральды жолдар үшін 1000 метрден, ал жергілікті жолдарда 600 м кем емес алаңдар таңдап алынады.
Ізденіс кезінде атқарылатын жұмыстар. Ізденіс жұмыста- рын жүргізу кезінде екі негізгі тапсырмаларды орындауы керек:

  1. Жол бойын салу жəне пайдалану кездерінде ыңғайлы, соны- мен бірге оны салуда, пайдалануда ең аз шығын шығара отырып, тиімді трасса баламасын таңдау;

  2. Трассаның жəне жол бойында салынатын оның барлық құрылымдарының жобасын жасау үшін керекті топографты- геодезиялық, инженерлі-геологиялық, гидрогеологиялық жəне басқа да материалдарды, берілімдерді жинау.

Трассаның жобасын жасаудың сатыларына байланысты, ізденіс жұмыстары алдын ала жəне соңғы ізденіс жұмыстары бо- лып екіге бөлінеді.
Алдын ала ізденіс жұмыстары, камеральды жолмен, яғни қол- да бар топографиялық жəне геологиялық карта немесе пландар- ды, аэрофототүсіріс материалдарын жəне де осы маңда бұрын істелген ізденіс жұмыстарының нəтижелерін пайдаланып іске асады. Бұл ізденіс жұмыстарының негізінде, болашақ трассаның принцпальды бағыты жəне оның негізгі техникалық өлшемде- рі, сонымен трассаның таңдап алынған баламасы бойынша жуықталған жобалық шешімдері қабылданады.

Соңғы ізденіс жұмыстары – негізінен далалық ізденіс жұ- мыстары, мұнда атқарылатын істер негізінде бекітілген бағыт бойынша, үрдісті ізденіс партияларының ұжымдары жүргізеді. Ізденіс жұмыстарының бұл сатысында істелетін жұмыстар:

  1. жол бойындағы барлық жобаланбақшы құрылымдардың бір геодезиялық жүйе бекеттеріне байланыстырылған трассаның жер бетінде нақтылы, бекітілген орынын анықтау;

  2. керекті, нақтылы материалдар мен берілімдерді жинау: топографты-геодезиялық, инженерлі-геологиялық, гидрогеоло- гиялық жəне де басқа материалдар.

Дайындық ізденіс жұмыстары кезінде, алдын ала далалық жұмыстарға шықпас бұрын осы жұмыстарға керекті материалдар- ды тиянақты қарап шығады. Осы материалдар негізінде болашақ трассаның тəсімін бекеттік нүктелерінің орналасуын, тіке жүргізілетін трасса бағытын, геодезиялық қосындар негіздерінің орналасу жағдайларын жасайды; бұрылу тұстары төбелерінің ко- ординаталарын жер бетіне түсіру үшін аналитикалық есептейді. Тиянақты түрде барлық гидрометрлік, геодезиялық аспаптарды жəне жабдықтарды тексеріп, ретке келтіріп алады.
Далалық жұмыстар кезінде, трассаның жобасы жəне тия- нақты жер бетін шолу арқылы бұрылыстардағы бұрыш төбе- лерінің орналасуларын анықтайды жəне трасса бағытын сала- ды: трасса бағытын салу, жүрістің бұрыштарын, қабырғалар ұзындықтарын, ұзынбойлық жəне көлденең бекеттік нүктелерді қадалау, нивелирлеу, трассаны бекіту, сонымен бірге ірі масштаб- та жол қиылыстарын, өту жолдарын, түйісу маңдарын, күрделі бедерлі тұстарын жəне де басқа керекті құрылымдарды түсіру.
Тиянақты далалық жұмыстар негізінде трассаның жобасын жасайды, бұл жоба барлық құрылымдардардың жұмыс сызбала- ры, негіздемелері есептеулер, көлемдік жұмыс журналдары, келісу құжаттары, геодезиялық жəне де басқа берілімдері көрсетілген түсініктеме мəтінінен тұрады.
Трассаны бекіту. Құрылыс салу алдында тез жəне жеңіл та- уып алу үшін, трасса жер бетінде сенімді бекітілуі керек. Бекеттер жəне плюстік нүктелерді қазықшалармен айналасын жыра оты- рып, топырақпен үйіп бекітеді де, жанына қарауыл белгі қағады (қарауылда бекеттің реттік номері, кейбір берілімдері жазылады). Бұрылыс бұрыштарының төбелері жəне қатар нүктелер, көлденең
ірі асулардың нүктелері қосымша ағаш немесе темірбетонды ба- ғаналармен бекітіледі, сонымен бірге оларды жергілікті заттармен байланысы көрсетілген сұлбасы жасалады.
Көпірлік өтулерді бір немесе екі ағаш бағаналармен ось бойы- мен əр жағада бекітеді. Ағаш бағаналардың ұшар басына көпір осін теодолитпен берілген бағытын көрсететін шеге қағып қояды. Бұрылу бұрыштарындағы ағаш бағаналарды ішкі жағына биссек- триса бағытымен бекітілген төбесінен 1 м жерге орнатады.
Белгілерге майлы бояумен реттік номерін, кейбір берілімдерін жазып қояды. Бұрыштық бағаналарға оның бұрыш төбесі жағына, ал қатар нүктелерге олардың бекеті аз жағына жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет