Қазақстан республикасы білім


§ 14.11 Құрылыс алаңының тегістеу биіктіктерін анықтау



бет99/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   133
Геодезия кітабы

§ 14.11 Құрылыс алаңының тегістеу биіктіктерін анықтау


Жоғарыда айтылғандай, құрылыс алаңын тік жазықтықта тегістеу жобасы топографиялық план бетінде шаршылар бойын- ша горизонтальдармен құрылады. Жер қазу, үю жұмыстарының көлемін есептеу үшін картограмма жасалады. Істелген жұмыс- тың көлемін есептеуде шаршы жəне үшбұрышты призма, ұзына-

бойлық жəне көлденең профильдер əдістері көп тараған. Те- гістеудің орташа биіктігі жобада нөлдік теңдік (нулевой ба- ланс) шартынан алдын ала беріледі, яғни тегістелмекші алаң ішіндегі қазу жəне үю жұмыстарының бір-бірімен мүмкіндігінше тең болғанын қадағалайды. Бұл жағдайда тегістеу биіктіктерін (биіктік шамаларын) келесі формулалармен есептейді:
Төртбұрышты призма үшін:



Нтег=
H1  2 H2  4 H4 , (180)
4n

мұндағы, Σ Н1, ΣН2, ΣН4 – шаршы төбелерінің қара биіктіктерінің қосындысы, əрине мұнда ретімен шаршының бір бұрышы, екі бұрышы жəне төртбұрышы берілген;
n – участоктегі шаршылар саны.
119-суретке сəйкес 180-формуланы төмендегі түрде жазуға болады,
ΣН = H 1H 1H IV H IV (шаршылар штрихпен толтырыл-

1
маған);
1 4 4 1



ΣН = H 1 H 1 H II H III H IV H IV H II H II ,
2 2 3 4 4 3 2 1 1

(шаршылар көлбеу штрихпен толтырылған),





ΣН = H II H II H III H III
(қос штрихты шаршы);

4 2 3 3 2


Үшбұрышты призма үшін:

Нтег=
H1  2 H2  3 H3  6H6 , (181)
6n

мұндағы, ΣН1, ΣН2, ΣН3, ΣН6 шаршы төбелерінің қара биіктіктерінің суммасы, əрине мұнда ретімен ұшбұрыштың бір бұрышы, үшбұрыштың екі бұрышы, үш бұрышы жəне алты
бұрышы берілген. 181-формуланы пайдаланып 119-суретке сəйкес былай жазамыз:


  • H

H

IV
ΣН1= 1 4

  • H

H

IV
ΣН2= 4 1
(үшбұрыш штрихталмаған);
(тік штрихталған үшбұрыш);

ΣН3 =
H 1 H 1 H II H III H IV H IV H III H II

2 3 4 4 3 2 1 1
(жазық штрихты үшбұрыш);


2 3 2
ΣН6 =
H II H II H III H
(клеткалы штрихты үшбұрыш).




119-сурет. Участокты шаршыға 120-сурет. Участокты үш бұрыштарға бөлу тəсімі бөлу
Алаңдарды тегістеуде артық немесе кем топырақ көлемдерін есепке алып отырады. Топырақ көлемі, тапталмағандықтан көп болуы мүмкін. Бұл жағдайда Нтег тегістеу биіктігі төмендегідей шамаға түзетілуі керек:

dH = ±
, (182)
na2

u - алаңдағы жер массасы (топырақ) көлемі;
n шаршы саны;
a шаршы қабырғасы;
«+» алаң деңгейін көтеруде, ал «-» алаң деңгейін төмендетуде қолданылады.
Мысал. 121-суреттен шаршылардың бұрыштарынан қара биіктіктерін жазып алып, солар арқылы тегістеу биіктіктерін шаршы призмалар əдісімен анықтау керек. 180-формуланы қолда- нып:
штрихталмаған шаршылардан:
ΣН1=25,0+21,5+20,4+23,4=90,3 м;
бір штрихты шаршыдан:
ΣН2= 24,3+23,4+22,5+21,3+21,2+21,1+21+22,8+23+24,4=225 м;

екі штрихты шаршыдан:
Σ44 =24+23,2+22,4+21,9+22,6+23,4 = 137,5 м;

Нтег
= 90.3 2 225 4 137.5
4 12

= 22,72 м.






121-сурет
Үшбұрышты призма əдісімен есептеу нəтижесі, төртбұрышты призма əдісімен есептеу шамасына жақын болып шықты, расында Н1=22,79 м.
Тегістеу биіктігін тапқаннан кейін, жұмыс істеу биіктіктерін анықтап, солар арқылы қазу жəне үю көлемдерін есептейді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Құрылыс алаңдарындағы дайындық кезіндегі геодезиялық жұмыс- тарды атаңыз.

  2. Құрылыс жобасын түсірудегі геодезиялық жұмыстарды атаңыз.

  3. Қадалау жұмыстарының түрлерін атаңыз.

  4. Қадалау жұмыстары үшін берілімдер қайдан алынады?

  5. Қадалау жұмыстарындағы тік координаталар əдісін түсіндіріңіз.

  6. Сызықтық қиылыстыру əдісі қай уақытта қолданылыды?

  7. Қадағалау жұмысында графоанаметикалық əдіс қандай жағдайда қолданылады?

  8. Полярлық əдіс қандай жағдайда қолданылады?

  9. Тік бұрышты координата əдісі қандай жағдайда қолданады?

  10. Қатар сызықтар əдісі қандай жағдайда қолданады?
  1. тарау


ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЖЕР АСТЫ БӨЛІКТЕРІН (НӨЛДІК ЦИКЛДЫ) САЛУДАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР


§ 15.1 Ғимараттар мен құрылыстарды түбегейлі қадалау


Ғимараттар мен құрылыстың негізгі осьтерін жер бетіне қадалаудағы бастапқы берілімдер болып, көбінесе құрылыс то- рының қосындары алынады. Сондықтан далалық жұмыстардан басталмай-ақ, құрылыс алаңының тəсімдік планы салынып, оған: жақын маңдағы құрылыс торының қосынын немесе басқа да тірек қосындарын, қадаланбақшы ғимараттың негізгі жəне қосалқы осьтерін олардың бұрыштық координаталарымен, құрылыс то- рына дейінгі қашықтықтарымен, сонымен бірге ғимарат немесе құрылыстың өлшемдерін салады.
Мысалы, ғимараттың негізгі осьтерін бекітетін I, II, III жəне IV нүктелерін тік бұрышты координаталар əдісімен, құрылыс торы қосындарынан бастап қадалау ыңғайлы (122-сурет). Сон- да жəне қадалау элементтерін абсцисса жəне ордината осьтерінің айырмасы ретінде табады. I нүктесі үшін:

x
x x ;

(183)


y
yI ya ,



мұндағы, х1 , уI I нүктесінің координаталары;
ха, ya шаршы төбесі а нүктесінің координаталары.


122-сурет. Ғимарат осьтерін қадалау тəсімі

I нүктесін (А-А жəне I-I осьтерінің қиылысу нүктесі) жер бетіне түсіру үшін теодолитті құрылыс торының қосынына орнатады да, оны абсцисса осі бойынша бағдарлап, ∆х1 шамасын салады, сонда М нүктесі пайда болады. Осы М нүктесінен перпендикуляр түсіріп, ордината осінің бағытын анықтайды. М I бағытымен ∆у1 салып, I нүктесін табады.
Осыған ұқсас, жақын маңдағы құрылыс торы қосындарынан
II, III жəне IV нүктелерін жер бетіне түсіруге болады.
Өлшеу нəтижелерін тексеру үшін, ғимарат қабырғаларының жəне диагональдарының теңдігін өлшейді. Тексеру қорытын- дысында жобалық ұзындық шамаларынан ±5 см аспауы керек. Тік бұрыштарында ±60// артық ауытқулары болмауы керек. Алдыңғы параграфта айтылғандай, жоғары дəлдікті өлшеулерге тұғырдан өлшеу арқылы қол жеткізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет