Қазақстан республикасы білім


§ 15.2 Тұғырды қадалау жəне оған осьтерді түсіру



бет100/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   133
Геодезия кітабы

§ 15.2 Тұғырды қадалау жəне оған осьтерді түсіру


Тұғырды қадалау. Салынып жатқан ғимараттың сыртқы кон- туры бойымен салынған арнаулы қоршауды тұғыр (обноска) дейді. Тұғыр арқылы сызықтық өлшеу ыңғайлы болғандықтан, жоғары дəлдікті өлшеуге қол жеткізуге болады, яғни осьтерді дəл салуға мүмкіндік береді (осьтер арасындағы алшақтық 1-2 мм). Тұғырды генпланның талаптарын ескере отырып, ғимараттың немесе құрылыстың осьтеріне параллель етіп орналастырады. Тұғыр сызықтарын ағаш діңгектермен бекітеді, мұнда діңгек- тердің ешқайсысы ғимарат осьтерінің үстінен шықпауы керек, сонымен бірге жер қазу жұмыстарына кедергі болмағаны жөн. Діңгектерді орнатып болған соң, олардың сыртына көлденең, қалыңдығы 40-50 мм тақтай қағады. Тақтайлардың жоғары жиектері бір деңгейде, бір жазық жазықтықта болуы үшін, гео- метриялық нивелирлеу жұмысын жүргізеді. Тақтайдың жоғары жақ биіктігін жер бедеріне қарап адам жүруге, ал биіктік шама- ларын құрылыста қолдануға ыңғайлы етіп таңдайды. Автокөлік жəне жер қазу механизмдеріне кедергі болмас үшін тұғырдың үзік тұстары қарастырылады. Көбінесе тұғыр сызығы үзілмеген, төртбұрыш ретінде салынады. Күрделі пішінді ғимараттардың төртбұрышты тұғырларына оның басқа да бөліктерін қоршап
жалғастырады (123-сурет).

123-сурет Күрделі пішінді ғимарат 124-сурет. Баспалдақ іспеттес маңындағы бүтін тұғыр тұғыр
Ғимараттардың типтеріне жəне өндіріс шарттарына байла- нысты, қатар сызықты тұғырлар құрылысы пайдаланылуы мүмкін. Қатар сызықты тұғырлардың əр екеуі бір осьті бекітетін жекеленген діңгектерден тұрады. Егер жер бедерінің ыңғайсыз- дығынан тақтай қағу мүмкін болмаса, онда тұғырды баспалдақ ретінде құрады (124-сурет).
Тұғыр биіктігі сызықтық өлшемдер жүргізуге, керек кезінде оның үстіне теодолит аспабын орнатуға ыңғайлы болуы керек.


125-сурет. Жеке тұғыр
Тұрғын үйлерді салу тəжірибесінде тұғырдың жеке тұғыр (инвентарная обноска) деп аталатын түрі кеңінен тараған. Ол жерге 0,7 м тереңдікке қағылған іші қуыс металл жəкірден тұрады (125-сурет). Жəкір тұғырдың қатар сызықтарының үстіне аралары 3-4 м болып орналасады. Жəкірдің тесігіне металл діңгектер орнатылады да, оларға жазық құбыр штанганы бекітеді. Штанга бойымен муфта жылжып тұрады, яғни оны кез келген тұсында бекітуге болады. Жəкірді орналастыру кезінде, діңгектер ғимарат осьтерінің біріне дəл келмеуін қадағалап орнатады.
Осьтердің тұғырдағы орналасуларын муфтаны жылжыту ар- қылы іске асырады.
Тар жерлерде ғимараттарды салу, қала ішінде құрамалы темірбетондарды қолдану кеңінен қолданылып тұрған уақытта тұғырды салу өте қиын жəне ыңғайсыз. Сондықтан ғимарат осьтерін тұғыр үстінде емес, қазылып жатқан қазаншұңқыр сыртына бекітілген ағаш қазық немесе металл қазықшаларды пайдаланады.
Тұғыр үстінде осьтерді қадалау. Жоғарыда айтылғандай, тұғыр үстінде негізгі жəне қосалқы осьтерді құру үшін, бастап- қы берілімдер болып саналатындар: ғимарат фундаментінің жəне технологиялық жабдықтарды орнату планы, бүтін жəне діңгек тəріздес фундаменттердің тік қималары. Осы жобалық құжаттардың негізінде, арнаулы қадалау сызбасы жасалады. Қадалау сызбасына осьтер арасындағы барлық қашықтықтар- ды бір-біріне қосып ғимараттың жалпы өлшемімен жəне де жер бетінде бекітілген негізгі осьтердің координаталар айырма- шылықтарымен салыстырады.
Тұғырға алдымен ғимарат контурын беретін негізгі осьтерді салады. Ол үшін теодолитті ретімен I, II, III жəне IV (122-суретке қараңыз) нүктелер үстіне орнатып, оны осьтер бағытымен бағдарлайды да, тұғыр үстінде негізгі ұзынабойлық осьтердің
m2, n2 жəне m1, n1 көлденең негізгі осьтердің a2, d2 жəне a1, d1
нүктелерін белгілейді.
Негізгі осьтерді тұғыр үстіне салып болған соң, тұғырға қағылған тақтайдың жоғарғы қырынан бастап сызықтық өл- шемдер жүргізеді. Өлшеу компараторда тексерілген өлшегіш таспамен немесе арнаулы инварлы таспамен, 1:10 000-1:25 000 қатынасындай шамадан аспайтын, орташа квадраттық салыс- тырмалы қатемен жүргізіледі. Өлшеу нəтижесіне ауа қызуына жəне компараторда тексеру түзетулерін енгізеді. Егер айтыл- ған қателердің қосындысы өлшеу таспасын бір салғандағы ұзындығынан 0,5 мм артық болса, онда сол салынған ұзындыққа бірден енгізген дұрыс, ал егер түзету шамасы 0,5 мм аз болса, онда өлшегіш таспаны бірнеше салғаннан кейін түзетуді енгізу керек.
Қосалқы осьтерді бірінен кейін бірін тізбектеп тұғыр үстіне салғанда соңғы негізгі ось, теодолитпен салынған негізгі осьпен дəл келмейді. Егер алшақтық аз болатын болса, бір ұзынабойлық, бір көлденең осьтерді қатаң, өзгермейтін осьтер деп алып, қалған осьтерге тең етіп бөліп жібереді. 122-суретте А - А ұзынабойлық,

15–589
225

1 - 1 көлденең осьтері қатаң, өзгермейтін осьтер ретінде қабыл- данған. Тұғыр үстіндегі өлшеулер жазық жазықтықта ком- параторда тексерілген (көтере созып, тексеру емес) өлшегіш жабдықтармен атқарылады.
Тұғыр үстіне барлық осьтерді белгілеген соң, олардың орнын шегемен бекітеді. Анық көрінуі, пайдалануға, өлшеу жүргізуге ыңғайлы болуы үшін əр шегенің қарсысына ашық бояумен тік сызық жүргізіп, атын ірі əріппен жазып қояды.
Шегелер арасына мүмкіндігінше күшпен созып, сым тартып қояды да, осьтердің қиылысқан тұсына тіктеуіш Р іледі (125-сурет). Сым бойымен жылжыған тіктеуіш арқылы құры- лыстың басқа элементтерін қадалайды (табалдырықты, терезе қуысын, санитарлық-техникалық жабдықтарды, т.т.).
Тұғырды қадалау дəлдігіне қойылатын негізгі талаптар:

  1. Тұғырдың қабырғалары ғимараттың ұзынабойлық жəне көлденең осьтеріне параллель орнатылуы керек. Бұл талапты орындамау, тұғыр бойынша сызықтық өлшеулерде жүйелі қате- ліктерге ұрындырады. Тұғыр арқылы өлшеуде 1:50 000 қаты- насындай салыстырмалы қатені қамтамасыз ету үшін, тұғыр қабырғаларының ғимараттың параллель осьтерінен алшақтығы 22/ аспауы керек. Іс жүзінде мұндай талаптарды орындау қиын- дық туғызбайды.

  2. Тұғырды салуда, оның түзу сызықты болуын қадағалайды. Ол үшін өлшегіш жабдықты түзу сызықтың үстімен салу керек. 1:50 000 қатынасындай салыстырмалы қатені қамтамасыз етуде, түзу сызық бойымен 20 метрлік өлшегіш таспаның ауытқуы ±6,3 см аспауы керек. Яғни, тұғыр діңгектерін теодолитті пайдала- нып орнатады.

  3. Тұғыр жазық жазықтықта жатуы керек, себебі ұзындық өлшемдеріне көлбеулік түзетуін енгізуге тура келеді, ал тұғырдың жоғары жиегі уақытша репер ретінде (геодезиялық істермен қамтамасыз етуде) пайдаланылады.

1:50 000 қатынасындай салыстырмалы қатені қамтамасыз етуде, тұғырға қағылған тақтай жиектерінің бір жазықтықта жатуын қамтамасыз ету үшін оларды геометриялық нивелирлеу арқылы орнатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет