Ќазаќстан Республикасы Білім єылым министрлігі


Қолданылатын әдебиеттер тізімі



бет9/57
Дата07.03.2022
өлшемі1.2 Mb.
#456043
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:

  1. Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

  2. Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

  3. Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

Қосымша әдебиеттер:

  1. Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

  2. Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

  3. Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

  4. Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

  5. Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.

5 Лекция




Лекцияның тақырыбы: Вегетативті жүйке жүйесі


Лекцияның жоспары:
1.Нерв жүйесінің эволюциясының негізгі кезеңдері.
2.Жүйке клеткаларының құрылысы.
3.Орталық тежелу жөніндегі ілім.
4.Рефректорлық концепция.
Лекцияның мақсаты: Студенттерге вегетативті жүйке жүйесі мен таныстыру.
Лекцияның мазмұны: Организмде шеткі жүйке жүйесі екіге бөлінеді: Функцияларды анималдық (жануарлық) немесе соматикалық және вегетативтік (өсімдіктік) деп бөлінеді.Соматикалық функцияларға сыртқы әсерлерді қабылдау және қаңқа бұлшықеттері іске асыратын қозғалу реакциялары жатады.Ал вегатативтік функцияларға бүкіл организімдегі зат алмасуды іске асыратын жүйелер қызметін (ас қорыту, қан-айналу, тыныс алу сыртқа шығару т.с.с.), сондай – ақ өсумен көбеюді жатқызады. Функцияларды осылай бөлуге орай оларды реттеуді іске асыратын арнайы соматикалық және вегетативтік нерв жүйелерін ажыратады. (Ағылшын формакологы Дж Ленгли вегатативтік нерв жүйесін автономды жүйе деп атауды ұсынған, 1905).
Соматикалық нерв жүйесі экстерорецептивтік сенсорлық және моторлық функциялардың орындалуын қаматамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесі ішкі органдардың, тамырлардың, тер бездерінің қызметін және қаңқа бұлшықеттерінің, рецепторлардың, нерв жүйесінің өзінің трофикалық интервациясын қамтамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесінің өзіне ғана тән болатын мофологиялық ерекшелігі бар. Оның ядролары орталық нерв жүйесінің арнайы бөлімдерінде орналасады, сондықтан талшықтары да тек сол ошақтардан шығады; талшықтардың шеткі бөлімдерде бөлініп орналасуында сегментарлық болмайды. әр талшық диаметірі өте жіңішке болады. Осылармен қатар, вегетативтік нерв жүйесінің талшықтары мидан ішкі мүшелерге қарай бағытталған жолында міндетті түрде үзіліс жасайды. Мұндай үзіліс жасалатын орындарды шеткі вегетативтік ганглийлер деп атайды. Ганглий нейтрондары мен мидан келетін талшықтар арасында синапстық байланысы болады. Ганглий нейтрондарының аксондары тиісті ішкі мүшелерге жетіп, оларды жабдықтайды (иннервациялайды).
Ганглийлер түрлі мүшелермен ұлпаларға орталық нерв жүцесінің импульстерін жеткізушілер ғана емес, олар шеткі рефлекторлық орталықтар да болып есептеледі. Сондықтан белгілі дәрежеде ОНЖ – нен тәуелсіз түрде, өз шеңберінде, ганглийлерде тұйықталатын рефлекторлық доға арқылы әр түрлі релекстерстерді іске асырып, ішкі мүшелер функцияларын реттей алады. Вегетативтік нерв жүйесі симпатикалық (Sympathes – сезімге ортақтасу) және парасимпатикалық ( грекше para – маңы, қасында) бөлімдерден тұрады.
2. Симпатикалық нерв жүйесінің орталықтары жұлынның жоғарғы кеуде сегментімен ІІ – І\/- інші бел сегменттерінің сұр затының бүйір мүйіздерінде орналасады (тораколюмбальдық орталықтар). Бұлардан басталатын прегенгиионарлық (ганглийге дейінгі) деп аталатын талшықтар жұлыннан алдыңғы түбірлердегі соматикалық талшықтармен бірге шығады. одан әрі шекаралық симпатикалық бағанға бағытталады. Баған ганглийлердегі нейтрондардан постганглионарлық (ганглийден нейінгі) талшықтар шығады. Бұлар организмнің барлық ішкі мүшелердің, сондай-ақ қан тамырларын жабдықтау арқылы қаңқа бұлшықеттерін, теріні, миды, т.б. инвервациялайды. Біраз преганглионарлық симпатикалық талшықтар шекаралық баған ганглийлерінен үзіліссіз өтіп, шеткі ганглийлерде (сәуле тәрізді, шажырқай түйіндерінде) аяқталады. Бұлардағы нейтрондардан шығатын постганглионарлық талшықтар өз тарапынан құрсақбөліміндегі мүшелерге бағытталады.
3. Парасимпатикалық нерв жүйесінің орталық бөлімдері ортаңғы мида (мезэнцефальдық орталықтар), сопақша мида (бульбарлық орталықтар) және жұлынның сегіз көз сегменттерінде (сокральдық орталықтар) орналасады. Көзді қозғалтатын нервтің, бет, тіл-жұтқыншақ, кезеген және жамбас нервтерінің құрамына кіретін преганглионарлық парасимпатикалық талшықтар өздері жабдықтайтын мүшелердегі интрамуральдық ганглийлерде немесе оларға жақын маңдағы ганглийлерде аяқталады. Ал бұларда постганглийлік талшықтар шығатын нейтрондар орналасады.
Көңіл аударатын бір жайт, симпатикалық нерв талшықтары парасимпатикалыққа қарағанда организмнде әлде қайда кең тараған. Егер симпатикалық нервтер барлық дерлік мүшелер мен ұлпаларды жабдықтаса, парасимпатикалық нервтерқаңқа бұлшықеттерін, ОНЖ – ін, қан тамырларының басым бөлігін және жатырды жабдықтамайды (иннервацияламайды). Олар тек ішкі мүшелерді және бас мүшелерін жабдықтайды.
Вегетативтік нерв жүйесі инневациялайтын көпшілік мүшелерге симпатикалық және парасимпатикалық талшықтар қарама- қарсы әсер етеді. Мәселен, кезеген нервті тітіркендіруден жүрек қызметі әлсіреп, соғуы сирейді, ал симпатикалық нерв, керісінше, оның қызметін күшейтіп, соғуын жиілетіледі; парасимпатикалық әсерлер тілдегі, сілекей, бездеріндегі, жыныс мүшелеріндегі қан тамырларды кеңейтеді, симпатикалықтар – оларды тарылады; парасимпатикалық нервтер қарашықты еішірейтсе, симпатикалық нервтер – үлкейтеді; парасимпатикалық әсерлер бронхыларды тарылтса, симпатикалық – кеңейтеді; парасимпатикалық нервтер қарын бездерінің қызметін, ішектің жиырлып – босауын күшейтеді, ал симпатикалық нервтер оларды тежейді, т.с.с. Тұтас организімде бұл жүйелердің қызметтері өзара келіскен, “теңдестірілген” күйде іске асады. Нақты жағдайда, организм қажетіне лайықтанған бағытта керек болса, бірінің қызметі (тонусы) күшейгенде, екіншісінікі төмендейді және керісінше.
Бірақ, кейде бір жүйе тонусының жоғарылауынан белгілі бір дәрежеде екіншісінің де тонусы жоғарлайтыны байқалған. Сонымен бірге, мәселен сілекей безінің қызметін симпатикалық та, парасимпатикалық та әсерлер күшейте алады. Организмдегі барлық мүшелер мен ұлпалардың бұл нервтермен жабдықталуы ылғи да қосарленбайтындығы жоғарыда айтылып өтті.
4.Вегатативтік нерв жүйесінің барлық деңгейлері аралық мида (гипаталамус пен жалақ денеде ) орналасқан жоғарғы вегатативтік орталықтарға бағынады. Бұл орталықтар организмдегі көптеген мүшелер мен жүйелердің функцияларын үйлестіреді. Ал олар өз тарапында үлкен ми сыңарлары қыртысына бағынады. Ми қыртысы самуатикалық және вегатативтік функцияларды біріктіріп, бірыңғай іс - әрекеттік актыларды тудыру арқылы бүкіл организмнің біртұтас жауабын қамтамасыз етеді.
Ерекшелік ретінде айта кететін нәрсе, организм реакцияларының соматикалық құрамдас бөліктері вегатативтіктерден өзгеше адам еркіне тәуелді түрде орындала алады, яғни оларды ерікке бағындырып, күшейтуге немесе тежеуге болады. Басқаша айтқанда олар сана бақылауында болады. Вегатативтік құрамдс бөліктер әдетте мұндай бақылаудан тыс орындалып жатады: кәдімгі күнделікті өмірде адам қалаумен ішкі мүшелер қызметін өзгерте алмайды (арнайы, ерекше тәсілдермен жаттығулар жүргізу нәтижелерін еске алмағанда). Сондықтан да кейде вегатативтік нерв жүйесін автономды немесе ерікке тәуелсіз деп атайды. әрине бұлай атау өте шартты екені түсінікті. Бұған акад. К.М. Быковтың зертханаларында көптеп жүргізілген зерттеулер куә. Бұлар көрсеткендей, кез келген ішкі мүшенің қызметін шартты рефлекторлық жолмен қалаған бағытта өзгертуге болады. Ендеше вегатативтік нерв жүйесі ми сыңарлары қыртысының бақылауында қызмет атқаратынын атап көрсету керек.
Вегатативтік нерв жүйесі арқыла қозу өту процесі де түрлі медиаторлардың қатысуында жүреді. Парасимпатикалық нервтердің сондай-ақ симпатикалық вазодиля таторлардың, (тамыр кеңейткіштердің), тері бездерінің симпатикалық нервтерінің ұшында ацетилхолин түзіледі, симпатикалық нервтердің постганглионарлық бөлімдерінің ұштарында (тері бездері мен симпатикалиқ визоделяторлардан басқаларында) норадреналин ( бір метил тобына айрылған адреналин) түзіледі.
Вегатативтік нерв талшықтарынаң ұштарында түзілетін медиаторлардың өздері жабдықтайтын клеткаларға саматикалық нервтерде түзілетін медиаторларға (ацетилхолинге) қарағанда әсер ету уақыты ұзақ болады. Себебі; бұларда, шамасы, медиаторларды бұзатын ферменттер белсенділігі төмен болса керек.
Медиаторлар вегатативтікнерв жүйесі ганглийлеріндегі синаптардың преганглионарлық талшықтары терминальдарында да түзіледі. Мұны алғаш байқағандардың бірі А.В.Кибеков (1933) болды. Ол мысықтың жоғарғы мойын симпатикалықтүйініне келетін преганглионарлық симпатикалық талшықтарды тітіркендіргеннен соң, сол түйіннен ағып шығатын Рингер – Локк ерітіндісінің құрамынан адреналин тәрізді затты тапқан. Кейін преганглионарлық талшықтар түзетін синапстарда пайда болатын қоздырушы медиатордыңацетилхолин екені анықталады. Ал адреналин симпатикалық ганглийлер нейрондарында тежелу тудыратын медиатор болып шыққан. Ганглийлер синапстарындағы ацетилхолин әрекетінің бір ерекшелігі – оның әсері түйінді атропинмен уландырса, ол әсер жойылады. Осыған байланысты олардаацетилхолин әсерін сезетін құрылымдардың екі типі бар деп есептеледі. Бірі – М-холинрецепторлар - сезгіштігі атропин әсерінен жоғалтады; екіншісі – Н-холинрецепторлар – сезгіштігін никотиннің және кейбір басқа ганглиоблокаторлардың (гексонийдің) әсерінен жоғалтады. Вегатативтік нейрондар аксондарының ұштарында қай медиатордың түзілетініне қарай ол нейрондардыхолинергиалық және адренергиялық деп бөледі. Біріншілерінің аксондарының ұштарында ацилхолин жасалады, ал екіншілерінде норадреналин жасалады. Аксон терминалдарынан босап шыққан медиаторлар ацетилхолин мен норадреналин – постсинапстық мембранадағы (жарғақшадағы) спецификалы белокпен өзара әрекетке түсіп, комплексті қосылыс түзеді. Ацетилхолинмен өзара әрекеттесетін белок холинрецептор деп, ал адреналинмен немесе норадреналинмен өзара әрекеттесетін белок адренорецептор деп аталады. Адреналин мен норадреналин әсер ететін адренорецепторлардың да екі негізгі түрі бар: α және β. Бұлардың әр түрлі органдарда орналасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кейбір органдарда оның екеуі де бар, олар бір біріне қарама – қарсы бағытты реакциялар тудырады; ал екінші біреулерінде олардың тек біреуі ғана кездеседі. Мәселен, қан тамырларында екі адренорецептор да бар. Осындағы α – адренорецепторлармен қосылыс түзетін симпатикалық медиатор артериолдарды тарылтады, ал β – адренорецепторлар оларды кеңітеді. Ішекте де α және β – адренорецепторлар болады және олардың екеуі де ішектің бірыңғай салалы еттерінде тежелу тудырады. Жүректе және бронхыларда α - адреноцепторлар болмайды. Мұнда адреналин мен норадреналин тек β - адренорецепторлармен өзара әрекеттесіп, жүрек жұмысын күшейтеді және бронхыларды кеңейтеді. (Бұл материалды толықтыру және симпатикалық нерв жүйесінің адаптациялық – трофикалық маңызы туралы айту нейро – моторлық аппарат физиологиясын баяндағанда жалғасады.)
Бақылау сұрақтары:

1.Вегатативті жүйке жүйесі.
2.Шеткі жүйкесіне жалпы сипаттама.
3.Сипаттамалық жүйке жүйесі.
4.Парасимпатикалық жүйке жүйесі.
5.Вегативті жүйке жүйесінің реттелуі.


Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
Орталық тежелу жөніндегі ілім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет